Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Костанайской области

Қаулы · № 132 · қабылданған 06.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141127/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Костанайской области Күшін жойған Қаулы ·№ 132 ·06.04.2020
17.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Костанайской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 132 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
132
Қабылданған күні
06.04.2020
Көрсетілген редакция
17.03.2021 141127_514140.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20N0009086
ЭКБ идентификаторы
141127
Редакция идентификаторы
141127_514140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:13

0 Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23
қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан
Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»
Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай
режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30
наурыздағы № 8 хаттамасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
сыйақының номиналды ставкасы: жылдық 4,25 %;
қарыз мерзімі: 22 (жиырма екі) айға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу: жартыжылда 1 (бір) рет;
негізгі қарызды төлеу: қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен қарыз мерзімінің аяғында;

2 2) көлемі – 2 126 268 000 (екі миллиард жүз жиырма алты миллион екі жүз алпыс сегіз) теңге;

3 3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. «Қостанай облысы әкімдiгiнiң қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.

Қолданыстағы