О принятии в коммунальную собственность государственных учреждений по охране лесов и животного мира Қолданыста
Басқа 0
Ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді коммуналдық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының коммуналдық меншігіне белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қоргау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қосымшаға сәйкес қабылдансын.
Тармақ 2
2. Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар департаменті жаңадан құрылған Орман және аңшылық шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қосымшада көрсетілген орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді коммуналдық меншікке қабылдау — беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Көрсетілген мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып Қостанай облысының Орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау, облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Омаровқа жүктелсін.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 251 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне берілетін ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жоніндегі мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Арақарағай ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Басаман ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Боровое ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Камышин ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Михайлов ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Пригородное ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. Семиозер ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Таранов ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. Ұзынкөл ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Урицкое ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Усаков ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі.