Об утверждении требований к собственному помещению банков с централизованным доступом к автоматизированной банковской информационной системе Күшін жойған
Басқа 0
Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге
орталықтандырылған қолжетімділігі
бар банктердің меншікті үй-жайына
қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атқарушы орган орналасқан елді мекендегі автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар банктердің меншікті үй-жайына (бұдан әрі – меншікті үй-жай) мынадай талаптар белгіленсін:
Тармақша 1
1) меншікті үй-жайда автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз ететін жабдық орналастырылады;
Тармақша 2
2) меншікті үй-жай мынадай техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылады: кіруді бақылау және басқару, күзет және өрт сигнализациясы, бейнебақылау.
Тармақ 2
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.