Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
Тармақша 1
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
Тармақша 2
2) көлемі - 25 620 000 000 (жиырма бес миллиард алты жүз жиырма миллион) теңгеден артық емес;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай кезеңінде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Б. Имашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.