Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 2. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрыққа қосымша «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағидалар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Теле, радиоарналарды таратумен байланысты қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында масс-медиа саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын және ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскен жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші теле-, радиоарнаны тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде құжаттар мен мәліметтер нысанын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу жолымен біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді. Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Тармақ 6
6. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің қызмет түрінің және (немесе) қызметінің кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, оның атауы мен мекенжайы, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанындағы заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы, заңды тұлғаның лицензиясы өзгерген жағдайларда теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия қайта рәсімделуге жатады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 11 (он бір) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді. Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Тарау 3. 3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағымды қарауды лауазымды адам, масс-медиа саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан лауазымды тұлғаға беріледі. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мониторингі жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 2.1
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін заңды тұлғаның өтініші _____________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________________________________ (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету) _____________________________________________________________ ____________________________ қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________ _____________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) Электрондық пошта _____________________________________________ Телефондар ____________________________________________________ Факс _________________________________________________________ Банктік шот ___________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ____________ парақ қоса беріледі. Осы өтінішпен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ___________ 20 __ жылғы «____» _______ (қолы) Басшы ______________ ________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы «____» _________ (бар болған кезде)
Басқа 2.2
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін жеке тұлғаның өтініші ____________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ___________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),жеке сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________________________________________________ (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету) __________________________ қызметін_жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі) Электрондық пошта __________________________________________________________________________ Телефондар ___________________________________________________________________________ Факс ___________________________________________________________________________ Банктік шот ___________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ___________________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ____________ парақ қоса беріледі Осы өтінішпен: Осы өтінішпен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ___________ 20 __ жылғы «____» _______ (қолы) Жеке тұлға _____________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы «____» _________ (бар болған кезде)
Басқа 2.3. Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысандары
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша нысан Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысандары 1. Қызметкерлер саны _____________________________________; Инженерлік-техникалық мамандардың саны _________________; мамандығы бойынша жұмыс өтілі: 1 жылға дейін _________________; бір жылдан астам________________. Ма­ман­ның те­гі Ма­ман­ның аты Ма­ман­ның әке­сі­нің аты Ма­манды­ғы Жо­ға­ры бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның № Ди­плом­ның бе­рі­л­ген кү­ні Жо­ға­ры оқу ор­ны­ның ата­уы Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі Ла­у­а­зы­мы 2. Қамтамасыз ету міндеттері: теле-, радиоарналарды таратудың техникалық сапасын телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес: иә/жоқ; төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: бар/жоқ. иә / жоқ; төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру: иә / жоқ. 3. Техникалық мәліметтер: 1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/кабельдік / спутниктік / телекоммуникациялар желісі бойынша; 2) хабар таратумен қамту аумағы ________________; 3) желі типі ________________; стандарт атауы ________________; стандарт нөмірі ________________; 4) таратылатын теле-, радиоарналарының тізімі _____________; даму кезеңдері бойынша тізбе ________________; қысқаша сипаттамасы ________________; 5) шартты қол жеткізу жүйесі пайдаланған жағдайда _______; 6) басқару жүйесі мен желі қолдануды ұйымдастыру қағидаты __________________; 7) желінің сыйымдылығы және/немесе жазылушылар саны, оның ішінде даму кезеңдер бойынша: МГц көлемі ________________; жазылушылар саны ________________; 8) телерадио хабарларын таратудың және байланыстың басқа да желілерінің өзара іс-қимылы: шарттың нөмірі ________________; шарт жасалған күн ________________; шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) 9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық қосылыстарды ұйымдастыру тәсілі; меншікті техникалық құралдар бойынша ________________; басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ________________; шарттың нөмірі ________________; шарт жасалған күн ________________; шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________________________________; 10) өтініш беруші желісінің басқа операторлар желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілі: шарттың нөмірі _______________; шарт жасалған күн _______________; шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) ________________________________________; 11) жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтың атауы ______________________________; 12) бас станцияға таратылатын телерадиоарналарды жеткізу көзі мен тәсілі: студияның орналасқан жері _______________; пайдаланылатын желінің типі _______________; 13) жиілікті иемдену жабдықтарының санитариялық паспортының болуы (радиожиілік спектрін пайдалана отырып теле-, радиоарналарын таратқан жағдайда): нөмірі және берілген күні _______________; паспортты берген органның атауы _______________; паспорттың қолданылу мерзімі _______________; 14) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда): атауы _______________; тиесілігі _______________; орналасқан жері _______________; қызмет көрсету аумағы _______________; жиіліктің орналасқан белдеуі _______________; арнаның жылдамдығы _______________; спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы____________. 4. Құқық иеленуші теле-, радиоарналармен теле -, радиоарналарды ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар, (көп бағдарламалы хабарларды тарату үшін): шарттың нөмірі _______________; шарт жасалған күн _______________; шарт кіммен жасалған (заңды және жеке тұлғаның атауы) _____________________________ Шартта көрсетілген арналардың тізбесі________________________. 5. Техникалық құралдарды орналастыратын және пайдаланатын үй-жайдың және алаңның болуы: Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________; Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________; Жалға алу шартының нөмірі ______________; Жалға алу шартын жасасқан күн ______________; Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________. 6. Әкімшілік-басқару персоналын арналған үй-жайы мен алаңының болуы: Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________; Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________; Жалға алу шартының нөмірі ______________; Жалға алу шартын жасасқан күн ______________; Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________. 7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайдың және алаңның болуы: Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________; Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________; Жалға алу шартының нөмірі ______________; Жалға алу шартын жасасқан күн ______________; Жалға алу шарты кіммен жасалған ________________.
Басқа 2.4
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша «Те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы) 1 Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі­нің Ақ­па­рат ко­ми­те­ті 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және нәти­же­лер­ді бе­ру www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz. «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Көр­се­ту мер­зі­мі – 11 (он бір) жұ­мыс кү­ні. Қай­та ре­сім­деу мер­зі­мі - 11 (он бір) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған). 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі – те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру (бұ­дан әрі – ли­цен­зия) не осы Қа­ғи­да­лар­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап. Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қо­лы (бұ­дан әрі– ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да «же­ке ка­би­не­тіне» жол­да­на­ды. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Са­лық ко­дек­сі 616-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін мөл­шер­ле­ме­ле­рі: 1) те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін 6 (ал­ты) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10-ын құ­рай­ды. Ақы тө­леу екін­ші дең­гей­лі банк­тер және банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жүр­гі­зі­ле­ді, сон­дай-ақ пор­тал ар­қы­лы ақы тө­ле­уді «элек­трон­дық үкі­мет» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру­ға бо­ла­ды. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі 1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін ме­кен­жай­лар Ми­ни­стр­лік­тің www.​mam.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін Қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) ли­цен­зия алу үшін: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш (сұ­рау са­лу); осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер ны­са­ны; тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де ха­лық­ты ха­бар­дар ету­ді ұй­ым­да­сты­ру схе­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (5-қо­сым­ша­ға сәй­кес); те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту же­лі­сін (эфир­лік, кә­біл­дік, спут­ник­тік же­лі­лер үшін) ұй­ым­да­сты­ру схе­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (5-қо­сым­ша­ға сәй­кес); спут­ник­тік опе­ра­тор ұсын­ған спут­ник­тік қа­был­дау-та­ра­ту стан­ци­я­ла­ры­ның же­лі­сін­де пай­да­ла­ны­ла­тын транс­мис­си­я­лық жос­пар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (спут­ник­тік бай­ла­ныс ар­на­ла­рын пай­да­лан­ған жағ­дай­да); мет­ро­ло­ги­я­лық си­патта­ма­ла­рын көр­се­те оты­рып, қол­да­ны­ла­тын өл­шеу құ­рал­да­ры мен сы­нақ жаб­дық­та­ры тіз­бе­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; өл­шем құ­рал­да­рын және сы­нақ жаб­дық­та­рын (те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сін пай­да­ла­на оты­рып қыз­мет­тер көр­сет­кен жағ­дай­да сы­нақ жаб­дық­та­рын өл­шеу құ­рал­да­ры та­лап етіл­мей­ді) тек­се­ру­ді неме­се мет­ро­ло­ги­я­лық ат­те­стат­та­уды рас­тай­тын сер­ти­фи­кат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін: өті­ніш­ті өті­ніш бе­ру­ші өзге­рі­стер туын­да­ған сәт­тен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн ішін­де бе­руі ти­іс. Қыз­мет тү­рі­нің және (неме­се) кі­ші тү­рі­нің ата­уы; же­ке тұл­ға­ның; да­ра кә­сіп­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), оның ата­уы мен ме­кен­жайы өзгер­ген; заң­ды тұл­ға­ның бі­рі­гу, қо­сы­лу, бө­лі­ніп шы­ғу неме­се қай­та құ­ру ны­са­нын­да; заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) заң­ды ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ту­ра­лы өті­ніш (сұ­рау са­лу) өзгер­ген жағ­дай­лар­да. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, ақы тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2) атал­ған субъ­ек­ті­лер са­нат­та­ры үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы; 4) масс-ме­диа са­ла­сын­да қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­бе­уі; 5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты масс-ме­диа жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы; 7) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2015 жы­л­ғы 20 қаң­тар­да­ғы № 29 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10357 бо­лып тір­кел­ген) масс-ме­диа са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және олар­дың сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кес кел­ме­уі мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз бо­лып та­бы­ла­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​mam.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 5. Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы
«Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету көрсету Қағидаларына 5-қосымша Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы (эфирлік / кабельдік / спутниктік желілер үшін)
Басқа 6. Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
2020 жылғы 2 сәуірі № 101 Бұйрыққа 6-қосымша Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 2
2. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11580 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13347 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіменақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13477 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 5
5. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15124 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15329 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 шілдеде ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған)
Тармақ 7
7. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18022 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
Тармақ 8
8. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 67 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18563 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 мамырда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
Тармақ 9
9. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 203 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18989 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 шілдеде ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
Тармақ 10
10. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 322 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19353 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қыркүйекте ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).