Об утверждении типового договора простого товарищества о совместной деятельности Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы шарты
2020 жылғы 3 сәуірі № 184 бұйрығына қосымша Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы шарты ____________қ. №_____ 20__ж «__» __________ Біз ___________________________________________________________ мекенжай бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иелері, бұдан әрі «Қатысушылар» деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы Шартты жасастық.
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Шарттың мәні бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қатысушылардың заңды тұлға құрмай бірлескен қызметі болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсету үшін Қатысушылар жеке шарт негізінде осындай қызметтердің түрлерін көрсететін ұйымдарды тарта алады.
Тармақ 1.3
1.3. Қатысушылар өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, Қатысушылардың тең құқылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық, қызметтің жариялығы қағидаттарында жүзеге асырады.
Тармақ 1.4
1.4. Қатысушылар шешімдерді бірлесіп қабылдау және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі барлық міндеттемені өзіне қабылдайды.
Тармақ 1.5
1.5. Қатысушылар кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мақсатында, сондай-ақ табыс алу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді. Жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.
Тарау 2. 2. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау
2. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау
Тармақ 2.1
2.1. Кондоминиум объектісін басқару және Қатысушылардың ортақ істерін жүргізу бірлескен қызмет туралы шарт негізінде олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2.2
2.2. Қатысушылар өз құрамынан бірлескен қызметке басшылық жасау үшін сенім білдірілген адамды айқындай алады, ол Қатысушылар берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет етеді.
Тармақ 2.3
2.3 Қатысушылар Жай серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты Жай серіктестік өз Қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Тарау 3. 3. Қатысушылардың ортақ мүлкі
3. Қатысушылардың ортақ мүлкі
Тармақ 3.1
3.1. Қатысушылар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануды олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 3.2
3.2. Қатысушылардың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша міндеттемесі және осы міндеттемені орындауға байланысты шығыстарды өтеу тәртібі дара меншіктегі үлеске мөлшерлес бөлінеді.
Тармақ 3.3
3.3. Қатысушылардың ортақ меншіктегі үлесі дара меншіктегі мүліктің үлесіне мөлшерлес.
Тарау 4. 4. Ортақ мүлікті қалыптастыру көздері
4. Ортақ мүлікті қалыптастыру көздері
Тармақ 4.1
4.1. Ортақ мүлікті мыналар құрайды: материалдық құндылықтар және қаржылық ресурстар, сондай-ақ дара (бөлек) меншіктегі мүлікті қоспағанда, осы Шартта көзделген бірлескен қызметті қамтамасыз ету үшін қажет өзгекті қоспа.
Тармақ 4.2
4.2. Кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу үшін Қатысушылардың бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар жарналарын ақшалай немесе басқа мүлікпен не еңбек үлесі арқылы енгізеді.
Тармақ 4.3
4.3. Ортақ мүлікті қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар (төлемдер), сондай-ақ тұрақ орындары, қоймалар иелерінің ай сайынғы жарналары (төлемдері);
Тармақша 2
2) мүліктік жалдауға (жалға) берілген ортақ мүлік үшін төлем;
Тармақша 3
3) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері енгізетін нысаналы жарна;
Тармақша 4
4) қайырымдылық акцияларын және басқа да іс-шаралар өткізуден түсетін түсімдер;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тыйым салмаған өзге де ақшалай қаражаттар және түсімдер (ерікті жеке инвестициялар).
Тармақ 4.4
4.4. Жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4.5
4.5. Қатысушылардың кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға түскен ай сайынғы барлық жарналары Қатысушылардың ортақ үлестік меншік құқығына тиесілі.
Тарау 5. 5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 5.1
5.1. Қатысушылар:
Тармақша 1
1) көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі – үй кеңесі) сайлануға;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жататын мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) ақпарат алуға, Қатысушылардың алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді жәрдем көрсетуге;
Тармақша 4
4) жасалған шарттар бойынша коммуналдық қызметтер алуға;
Тармақша 5
5) көппәтерлі тұрғын үйге қатысты барлық құжаттамамен танысуға, сондай-ақ бірлескен қызмет бойынша кез келген басқа ақпаратты алуға;
Тармақша 6
6) осы Шартқа қатысушылардың келісімімен бірлескен қызметке қатысу құқығын беруге;
Тармақша 7
7) өз қалауы бойынша бірлескен қызмет қатысудан бас тартуға;
Тармақша 8
8) көппәтерлі тұрғын үйге қатысты бірлескен іс-шараларға қатысуға құқылы.
Тармақ 5.2
5.2. Қатысушылар:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған барлық шығыстарға қатысуға;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналарды уақтылы енгізуге;
Тармақша 3
3) ортақ мүліктің және үй жанындағы жер учаскесінің тазалығын сақтауға және сақтауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға;
Тармақша 4
4) меншіктегі үй-жайды тек мақсаты бойынша пайдалануға;
Тармақша 5
5) Қатысушылар жиналысының шешімдерін орындауға;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне материалдық зиян келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндеттенеді.
Тарау 6. 6. Жай серіктестік органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және құзыреті
6. Жай серіктестік органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және құзыреті
Тармақ 6.1
6.1. Жай серіктестік органдары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Жоғарғы орган - Жай серіктестік жиналысына қатысушылар;
Тармақша 2
2) Атқарушы орган - Жай серіктестіктің сенімді тұлғасы;
Тармақша 3
3) Алқалы басқару органы – үй кеңесі;
Тармақша 4
4) Бақылаушы орган - ревизия комиссиясы.
Тармақ 6.2
6.2. Жай серіктестіктің сенімді тұлғасы функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тізімін қалыптастыруды;
Тармақша 2
2) жиналыс пен үй кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды;
Тармақша 3
3) жиналыс және үй кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты және өзге де ақпаратты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, жалпыға қолжетімді орындарда орналастыруды;
Тармақша 4
4) екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды;
Тармақша 5
5) үй кеңесінің шешімі бойынша сервистік қызмет субъектілерімен қызметтер көрсету туралы шарттарды жасасуды және орындауды;
Тармақша 6
6) коммуналдық қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету және олардың ақысын төлеу жөнінде шарттар жасасуды;
Тармақша 7
7) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ақшаны енгізуін мониторингтеуді;
Тармақша 8
8) үй кеңесіне кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептер ұсынуды;
Тармақша 9
9) жазбаша талап ету бойынша күнтізбелік он бес күн ішінде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне, үй кеңесі мүшелерінің біреуіне немесе ревизиялық комиссия мүшелерінің біреуіне (ревизорға) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептер бойынша қаржылық құжаттаманың (бастапқы есепке алу құжаттары, қаржылық есептілік, ағымдағы шот пен жинақ шоты бойынша операцияларға байланысты құжаттар) көшірмелерін қағаздағы және (немесе) электрондық түрінде беруді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20245 болып тіркелген) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат беруді;
Тармақша 11
11) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты өзге де функцияларды орындауды жүзеге асырады.
Тармақ 6.3
6.3. Жай серіктестік органдарының функциялары Заңына сәйкес белгіленген.
Тарау 7. 7. Шарттың қолданылу мерзімі
7. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 7.1
7.1. Осы Шарт оның Қатысушылары қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз сипатқа ие.
Тармақ 7.2
7.2. Осы Шартты тоқтатудың негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.
Тарау 8. 8. Дауларды шешу тәртібі
8. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 8.1
8.1. Осы Шартты орындау кезінде туындаған даулар мен келіспеушіліктер Қатысушылардың арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
Тармақ 8.2
8.2. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, Қатысушылар кондоминиум объектісі орналасқан жер бойынша оларды сот тәртібімен шешуге құқылы.
Тарау 9. 9. Қорытынды ережелер
9. Қорытынды ережелер
Тармақ 9.1
9.1. Осы Шартпен реттелмеген өзге де қатынастарда Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық және тұрғын үй заңнамасының ережелерін басшылыққа алатын болады.
Тармақ 9.2
9.2. Шарт әрбір Қатысушы үшін бір-бір данада жасалады.
Тармақ 9.3
9.3. Осы Шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады. Қатысушылар: Р/с № Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жеке сәйкестендіру нөмірі Пәтер, тұрғын емес үй-жай № Меншік құқығы пайда болуының негізі Байланыс деректері (телефон номері, электронды пошта мекен-жайы және т. б.) Нақты тұрғылықты мекенжайы Қолы 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.