О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Акмолинское государственное издательство "Елорда" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Елорда" Ақмола мемлекеттік баспасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
"2002 жылы жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 наурыздағы N 352 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Елорда" Ақмола мемлекеттік баспасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оның жарғылық қорына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Елорда" баспасы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қоғам Жарғысын бекіткен кезде қызметінің негізгі мәні баспа өнімдерін шығару деп белгілесін;
Тармақша 2
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды орындаған соң 2003 жылдың бірінші тоқсанында Қоғамның жарғылық капиталының 33 пайызынан аспайтын мөлшердегі акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін сатуды жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-29-жолмен толықтырылсын:
Тармақ 21-29
"21-29. "Елорда" баспасы" ААҚ";
Тармақша 2
2) <*>
Тармақша 3
3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлімінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-18-жолмен толықтырылсын:
Тармақ 224-18
"224-18. "Елорда" баспасы" ААҚ".
📌 Ескерту. 2) тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26.
N 1180 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі