Об утверждении Правил оказания платных видов услуг республиканским государственным учреждением при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпаны № 60 бұйрығымен бекітілген Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және cуармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың әрекеті суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезіндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекемелерге қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі
2-тарау. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме мынадай ақылы қызмет түрлерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) суармалы жерлердің топырақтық-мелиорациялық және тұздық түсірілімін жүргізу;
Тармақша 2
2) ыза сулардың деңгейіне гидрорежимдік бақылаулар жүргізу;
Тармақша 3
3) жерүсті және жерасты суларының ирригациялық бағалауын жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 4
4) Жерүсті және жерасты суларына ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 5
5) бақылау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымалар бұрғылау.
Тармақ 4
4. Республикалық мемлекеттік мекеме суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19997 болып тіркелген) бекітілген суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Республикалық мемлекеттік мекеме өз қызметіне сәйкес ақылы қызмет түрлерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – өтініш беруші) жазбаша өтініші негізінде көрсетеді.
Тармақ 6
6. Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдауды мемлекеттік мекеменің жауапты лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету жөніндегі өтінішті есепке алу журналында тіркеледі, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 8
8. Журнал тігіледі, нөмірленеді, сондай-ақ, бірінші басшының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (бар болса) расталады.
Тармақ 9
9. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлерінің тізбесі және көрсетілетін қызметтердің тарифтері республикалық мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпарат орындарында орналастырылады.
Тармақ 10
10. Ақылы қызмет түрлері республикалық мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдайлар жасалады (құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақтандырылады).
Тармақ 12
12. Өтініш берушілермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын міндетті түрде қолдана отырып және өтініш берушіге бақылау-кассалық машинаның чегін бере отырып, республикалық мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы, ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша республикалық мемлекеттік мекеменің бақылау шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Ақылы негізде қызмет алған өтініш берушіге республикалық мемлекеттік мекеме шот-фактура береді.
Тармақ 14
14. Республикалық мемлекеттiк мекеменiң суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынған қаражат түсімдер және шығыстар жоспарларына сәйкес мыналарға жұмсалады:
Тармақша 1
1) далалық топырақтық-мелиорациялық, зертханалық және гидрогеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргiзу;
Тармақша 2
2) республикалық мемлекеттiк мекеменiң материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшiн транспорт құралдарын, кеңсе техникасын, далалық аспаптарды, зертханалық жабдықтар мен механизмдердi сатып алу;
Тармақша 3
3) тауарлық-материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, химиялық реактивтердi, қосалқы бөлшектердi, байланыс құралдарын, еңбектi қорғауды, өрт қауiпсiздiгi мен гигиенаны қамтамасыз етуге арналған арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу;
Тармақша 4
4) байланыс қызметiне, банктік көрсетілетін қызметке, коммуналдық қызметке, көлiк құралдарын техникалық байқау және мiндеттi сақтандыру, мамандандырылған жабдықтарды тексеру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу;
Тармақша 5
5) далалық топырақтық-мелиорациялық және гидрогеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргiзу үшiн республикалық мемлекеттiк мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың еңбегiне ақы төлеу;
Тармақша 6
6) мониторинг және мелиорация саласындағы нәтижелердiң деректерiн автоматты түрде өңдеуге арнайы бағдарламалық қамтылым сатып алу және енгiзу;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс iстеуiне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және объектiлердi жөндеу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығындарын өтеу шегінде республикалық мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң iссапар шығыстары, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапар шығыстары;
Тармақша 9
9) республикалық мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн еңбек көрсеткiштерi үшiн көтермелеу;
Тармақша 10
10) республикалық мемлекеттiк мекеменiң мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
Тармақша 11
11) республикалық мемлекеттiк мекеменiң ғылыми, әдiстемелiк материалдарын және ресми бюллетендерiн шығару. Түсімдер және шығыстар жоспары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жасалады.
Тармақ 15
15. Қызметтерді сатудан түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 16
16. Республикалық мемлекеттік мекеме ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынатын ақшаның түсуін және жұмсалуын есепке алу «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6443 болып тіркелген) және «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрықтарымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15594 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Басқа 1. ӨТІНІШ
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан Кімге:______________________________________________________________________________________ (республикасының мемлекеттік мекеменің толық атауы) Кімнен:____________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) Өтініш берушінің мекенжайы _________________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон) Өтініш берушінің деректемелері _______________________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, ___________________________________________________________________________________________ заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) ӨТІНІШ ___________________________________________________________________________________________ бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуіңізді сұраймын. Өтініш беруші ______________________________________________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20 жылғы « »
Басқа 2. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету жөніндегі өтінішті есепке алу журналы
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету жөніндегі өтінішті есепке алу журналы Тіркеу № Қабылдау күні Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе оның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі Ақылы көрсетілетін қызметтердің түрлері Қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы Өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі 1 2 3 4 5 6
Басқа 3. Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат ___________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ______________________________ республикалық мемлекеттік мекемесі _______________________________ ақылы қызметтер түрлерін көрсету үшін Сіздің өтінішіңізді және тиісті құжаттарды, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) ____________________________________________________________;
Тармақша 2
2) ____________________________________________________________;
Тармақша 3
3) ____________________________________________________________;
Тармақша 4
4) ____________________________________________________________;
Тармақша 5
5) __________________________________________________________ қабылдайды. Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды. _________________________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) Телефоны_________________________________________________________________________ Алдым:___________________________________________________________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе оның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20 жылғы « »