Об утверждении Правил проведения в государственном лесном фонде работ, не связанных с ведением лесного хозяйства и лесопользованием Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 203) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурызы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 203) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) кең таралған пайдалы қазбалар – құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кең таралған кендік емес пайдалы қатты қазбалар. Кең таралған пайдалы қатты қазбаларға мыналар: мәрмәрлар, кварциттер, кварцты-далалық шпат жыныстары, граниттер, сиениттер, диориттер, габбро, риолиттер (липариттер), андезиттер, диабаздар, базальттар, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар, ұсақ жұмыр тастар мен қиыршық тастар, қиыршық тас-құм (құмды-қиыршық тас) қоспалар, құмдар және құмдауықтар, саздақ және саздақты жыныстар (суглинкілер, алевролиттер, аргиллиттер, балшықты тақтатастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде ұлутастар, бор жыныстары, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, кремний жыныстары (трепелдер, опокалар, диатомиттер), табиғи пигменттер, торфтар, емдік балшықтар жатады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының орман қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының қажеттігіне арналған орман қоры жерлерi. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады. Мемлекеттiк орман қорына: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар; табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi; халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады;
Тармақша 3
3) орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер;
Тармақша 4
4) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - орман мекемесі) – Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 4-бабы 57-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
Тармақша 5
5) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 6
6) өтініш беруші – мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, электр беру желілерін, байланыс желілерін, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшін мемлекеттік орман қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда аумақтық бөлімшелерінің келiсiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Өтініш беруші мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуді келісу үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттардың көшірмесін жолдайды:
Тармақша 1
1) орман мекемесінің жазбаша келісімі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;
Тармақша 3
3) сұралып отырған жер учаскесінің шекаралары көрсетілген орман орналастыру жобасынан масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмесі;
Тармақша 4
4) қарауына орман мекемесі жататын мемлекеттік органның жазбаша келісімі;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімі;
Тармақша 6
6) II, III және IV санаттардағы объектіге арналған құрылыс жобаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына сәйкес экологиялық сараптама;
Тармақша 7
7) уран және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде: уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия; тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы. мемлекеттік орман қоры учаскелерін уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін пайдаланған кезде жер қойнауын игерудің алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік (кесілетін тұқымдарға ұқсас) отырғызуды және орман көмкерген алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстауды жүргізуге орман мекемесімен шарт жобасы.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуді келісу нәтижелері туралы дәлелді жауап ұсынады. Уәкілетті орган құжаттарды пысықтауға кері қайтарған жағдайда өтініш беруші құжаттарды пысықтағаннан кейін оларды уәкілетті органға қайта жібереді.
Тармақ 6
6. Өтініш беруші уәкілетті органның келісімін алған жағдайда құжаттарды орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін беру туралы шешім қабылдау үшін облыстың жергілікті атқарушы органына жібереді.
Тармақ 7
7. Облыстың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін беру туралы шешім қабылдайды. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындау мерзiмдерi, шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар, жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері, өтемдік орман екпелерін отырғызудың орындары көрсетiледi.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстар мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық немесе экологиялық сараптамадан өткен жұмыс жобаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Өтемдік орман екпелерін отырғызу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген) Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Екпелерді кесу қажеттілігі туындаған жағдайда кесуді аумағынан орман қорының жер учаскелері берілетін орман иеленуші жүргізеді, алынған сүрек орман иеленушінің теңгеріміне берілуге жатады. Екпелерді кесу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88741 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Орман дақылдары бар болған кезде уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіруді қоспағанда, шығындардың орнын толтыру есептемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 203 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 132287 болып тіркелген) Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Басқа 1. Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт
Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларына қосымша Нысан Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт Қазақстан Республикасы _________________________________ облысы __________________ ауданы ________ жылғы __________ айының ______ күні. Орман мекемесінің өкілі __________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) бір тараптан және eкінші тараптан ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін мемлекеттік органның, жеке немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші)_______________________________ ____________________________________________________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) төмендегілер туралы осы актіні жасады:_________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе мемлекеттік органның немесе заңды тұлғаның атауы) келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде мыналар анықталды:
Тармақ 1
1. Учаске _____________________________________________________ (орман мекемесінің атауы) ___________ орманшылығының __________________ орамында орналасқан.
Тармақ 2
2. Тексерілген учаскеде _____________ гектар алаң бар, оның ішінде: орман, орман көмкерген _________ гектар, орман, орман көмкермеген _______ гектар, оның ішінде орман екпелері ________ гектар, алқаптар _________ гектар, шабындықтар ___________ гектар, жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ гектар, жайылымдар _______ гектар, жолдар ___________ гектар, басқа жерлер ______ гектар.
Тармақ 3
3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады: Жер ата­уы Орам нө­мі­рі Те­лім Учас­ке ала­ңы Құ­ра­мы Жас сы­ны­бы Жу­анды­ғы Сү­рек қо­ры кә­де­лік отын
Тармақ 4
4. Орман қорының санаты_________________________________________
Тармақ 5
5. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері _____________________ ________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз), мынадай геологиялық-жер сипаттамасы бар:_____________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Бұдан бұрын орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуге берілген жер учаскелерінің болуы және орналасуы: ___________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (орам №, орманшылық, беру мақсаттары және учаскелер берілген ұйымның атауы көрсетілсін)
Тармақ 8
8. Беруге жоспарланып отырған жер учаскелерін пайдалану мақсаттары, бұдан бұрын белгіленген нысаналы мақсатымен пайдалану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы негіздеме, балама нұсқалардың жоқтығы:_____________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________
Тармақ 9
9. Әкімшілік ауданның ормандануы ________________________________
Тармақ 10
10. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:
Тармақша а
а) беру мерзімі _____________________________________________________
Тармақша б
б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу мөлшері__________
Тармақша в
в) учаскені алушының міндеттемесі _____________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 11
11. Акт жасау кезінде мынадай ескертпелер мен ұсыныстар жасалды: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Қолдары: Орман мекемесінің өкілі: _________________________________________ ____________________________________________________________________ (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) Өтініш беруші: ___________________________________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) Орман мекемесінің басшысы _______________________________________ _____________________________________________________________________ (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)