О ходе выполнения постановлений акимата области «О проведении Года здоровья в Акмолинской области» и плана мероприятий по данному вопросу Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «Ақмола облысында Денсаулық жылын өткізу туралы» қаулысы мен осы мәселелер жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.12.2004 № А-1/332 қаулысымен. Әкімдік облыста Қазақстан Республикасы Президентінің 30.12.01 ж. № 751 “2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы” Жарлығы мен Ақмола облысы әкімдігінің 7.01.2.ж. № а-1/4 “Ақмола облысында Денсаулық жылын өткізу туралы” қаулысын жүзеге асыру бойынша біраз жұмыстар тындырылғандығын атап өтті. Үстіміздегі жылдың он айының қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда нәрестелер өлімі 1000 жаңа туған баланың 16,8 пайызынан 13,2 пайызына дейін төмендеген. Аналар өлімі 100 адамға шаққанда 50,3-тан 46,4-қа дейін төмендеді, бала тууы 9,6-дан 10,9-ға дейін өсті. Соңғы үш жылда денсаулық сақтауды бюджеттен қаржыландыруда тұрақты өсім байқалады. Облыстың медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығая түсті, соның ішінде ауылдық жерлерде де. 355,8 миллион теңгенің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 5 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 9 ФАП, 4 ФП, 41 орталық аудандық ауруханалардың құрамдас бөлімшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 102;9 миллион теңгеге медициналық құрал-жабдықтар мен автокөліктер сатып алынды, соның ішінде 27 автокөлік, 183 медициналық құрал-жабдық, 9,7 миллион теңгенің ұйымдастыру техникалары. Халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және оған қол жеткізуді жақсарту үшін ауылдық жерлерде 375 дәріхана пункттері қайта ашылды. Мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары, әскери контингент терең медициналық тексерістен өткізілді. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына ерекше назар аударылды. Салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы белсенді түрде жүргізілді, денсаулықты нығайту орталықтары мен мектептері ұйымдастырылды, конференциялар, әлеуметтік зерттеулер, ең үздік отбасылық-дәрігерлік амбулатория, ФАП облыстық байқаулары, үздік дәрігер және жыл провизоры, әртүрлі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар, теле және радио хабарлар өткізілді. Кокшетау және Степногорск қалаларында 19 билборд орнатылды. Іс-шаралардың орындалу барысы тұрақты түрде Денсаулық жылын өткізу жөніндегі облыстық комиссияның отырысында және ай сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде қаралып отырылды. Сонымен қатар, Денсаулық жылы шараларын жүзеге асыруда кемшіліктер де баршылық. Бұланды ауданының Отрадненское селолық ауруханасы мен Ергольское ОДА, Ақкөл ауданының СЭС іске қосылмай отыр. Чаглинка және Кусепский ОДА-ларында жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ. Ақкөл, Шортанды аудандарында денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары нашар жүргізілді, атап айтқанда орталық аудандық аурухананы жөндеу бойынша. Сол сияқты Ақкөл, Ерейментау, Жарқайың, Шортанды аудандарында бірде-бір медициналық жабдық сатып алынған жоқ. Ақкөл, Еңбекшілдер, Ерейментау, Егіндікөл, Жарқайың, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды, Щучье аудандары автокөлік сатып алған жоқ. Бүгінгі таңға дейін ауылдардағы 615 емдеу мекемелері мен алғашқы мед санитарлық көмек көрсету орындарының 29,4 пайызы ғана телефон байланысымен жабдықталған. Облыстағы 373 фельдшерлік пункттің 13, 121 ФАП-тың 72 пайызында ғана телефон байланысы орнатылған. Үстіміздегі жылы Бұланды, Еңбекшілдер, Егіндікөл, Шортанды аудандарында бірде-бір телефон орнатылмаған. 15 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 207 фельдшерлік пункт тоңазытқыштармен қамтамасыз етілмеген. Облыс мектептерінде медпункттерді қалпына келтіру және оларды медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қажетті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ. Астрахан, Жарқайың Егіндікөл аудандарында әлі күнге дейін елді мекендерде сапалы ауыз суын тасып беру мәселесі шешілмей отыр. Кокшетау қаласында, Ақкөл, Ерейментау аудандарында заңсыз сауда орындарын жою жөніндегі жұмыстар өте нашар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін осындай 24 орын тіркелген. “А” вирусты гепатитіне қарсы екпе сатып алуға арналған қаржы барлық аудандарда бөлінген жоқ. Көкшетау қалалық сүт заводында екінші тоқсанға жоспарланған сүт аралас өнімдер өндіру цехы іске қосылған жоқ. Атбасар, Щучье қалаларында сүт кухнялары ашылған жоқ. Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейінгі жағдай бойынша 730 елді мекеннің 180-нде дәріхана пункттері жоқ. 2002 жылдың өткен мерзімінде Есіл, Қорғалжын аудандарында бірде-бір дәріхана ашылған жоқ. Жоғарыда айтылғандарды ескер отырып Денсаулық жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген жұмыстарды аяқтау мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл (Р.Ш. Керейбаев), Шортанды (Қ.Ү. Ахмедиянов) аудандарының әкімдеріне денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нашар жұмыс жүргізіп отырғандықтары ескертілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері Денсаулық жылын аяқтау кезеңінің іс-шаралар жоспарын орындау бойынша барлық іс-шараларды қолдансын, ол үшін үстіміздегі жылдың аяғына дейін:
Тармақша 1
1) емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтсын;
Тармақша 2
2) ауылдық жерлерде жоспарланған денсаулық сақтау нысандарын, сонымен қатар дәріхана пункттерін ашсын;
Тармақша 3
3) ауылдық медицина мекемелерінде телефон байланысын орнатуды аяқтасын;
Тармақша 4
4) медицина мекемелерін тоңазытқыштармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) «А» вирустық гепатитіне қарсы екпе сатып алуға қаржы бөлсін.
Тармақ 3
3. Көкшетау қаласының әкімі Е.Б. Баяхметов, Ақкөл ауданының әкімі Р.Ш. Керейбаев, Ерейментау ауданының әкімі Ө.Қ. Мұсабаев заңдастырылмаған сауда орындарын жабу бойынша іс-шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Астрахан ауданының әкімі Г.Н. Тюркин, Жарқайың ауданының әкімі А.Ж. Мәдиев, Егіндікөл ауданының әкімі В.Н. Сергиенко елді-мекендерге сапалы ауыз суын жеткізіп беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім басқармасы (Е.А. Дмитриенко), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (И.М. Комалдинов) аудандар мен қалалардың әкімдерімен бірлесе отырып, мектептерде нормаларға сәйкес медпункттер ашу және қалпына келтіру, оларды кадрлармен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды аяқтасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Жалмағамбетоваға жүктелсін.