Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен бекітілді «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште немесе info@statdata.kz электрондық мекенжайына электронды көшірме түрінде өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауларын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанын және нәтижесін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптарды қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
Тармақ 5
5. Өтініш берілген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің қарауға қабылданғаны туралы хабарлама береді.
Тармақ 6
6. Өтінішті қарауға қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайы бойынша жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Тармақ 8
8. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына және (немесе) ұялы байланысының абоненттік нөміріне мәтіндік хабарламамен жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады. Жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен жіберілген тыңдау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап тапсырылған болып есептеледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1 бұйрығына сәйкес адам/ сағат құнына сай мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады. Көрсетілетін қызметті алушыдан төлемді күту мерзімі төлемге шот жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші ұсынған шотты төлеген күні төлемді растайтын құжатты (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы) көрсетілетін қызметті берушінің info@statdata.kz электрондық мекенжайына жіберу арқылы растайды. Көрсетілетін қызметті беруші төлемді алғаннан кейін статистикалық ақпаратты өтінішке сәйкес қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайына тіркелетін пошта жөнелтілімі немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына оның электрондық көшірмесін жіберу арқылы береді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының статистикалық ақпарат оның нақты мекенжайына жіберілген жағдайда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселесі бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік), Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро) басшысының атына немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес беріледі.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті берушінің, Агенттіктің немесе Бюроның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 14
14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан ______________________ ______________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы кімнен________________ ______________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық) Жеке тұлғаларға арналған өтініш Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу) жолдау арқылы ___________________________________ (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін) ___________________________________________________________________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын. Қосымша ______ парақта. Жеке тұлғаның деректемелері: Жеке сәйкестендіру нөмірі________________________________________ Нақты мекенжайы_______________________________________________ Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері____________________________________________________________ Электрондық мекенжайы__________________________________________ _______________________________________________________________ (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен және www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында қолжетімді ресми статистикалық ақпаратпен танысқанымды өз қолыммен растаймын. Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетіні мен танысқанымды өз қолыммен растаймын. 20__жылғы «______» __________ _________________ қолы Өтінішке қосымша р/с № Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­тың ата­уы Аумақ­тық бө­лі­ніс Ке­зең
Басқа 2
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан ______________________ ______________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы кімнен________________ ______________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық) Заңды тұлғалар үшін өтініш Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу) жолдау арқылы ___________________________________ (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін) ________________________________________________________________________________ ________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын. Қосымша: ______ парақта. Заңды тұлғаның деректемелері: Бизнес сәйкестендіру нөмірі ______________________________________ Заңды мекенжайы _______________________________________________ Нақты мекенжайы _______________________________________________ Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері____________________________________________________________ Электрондық мекенжайы__________________________________________ Басшы______________________________________________________ (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Орындаушы: _______________________ (Тегі, аты-жөні) Телефон: _________________ Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен танысқанымды өз қолыммен растаймын. 20__жылғы «______» ____________ _________________ басшының қолы Өтінішке қосымша р/с № Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­тың ата­уы Аумақ­тық бө­лі­ніс Ке­зең
Басқа 1.3
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру жүзеге асырылады. Өтініш қағаз жеткізгіште немесе электронды көшірме түрінде info@statdata.kz электрондық мекенжайына беріледі. 3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 9 (тоғыз) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны Қағаз жүзінде. 5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына оның электрондық көшірмесін жіберу арқылы ұсыну; мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. 6 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет «Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі өн­ді­ре­тін және (неме­се) өт­кі­зе­тін та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ба­ға­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және ре­фор­ма­лар агент­ті­гі Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бю­ро­сы бас­шы­сы­ның 2024 жы­л­ғы 29 та­мы­зда­ғы № 1 бұй­ры­ғы­на сәй­кес ба­ға­лар бой­ын­ша ақы­лы түр­де көр­се­ті­ле­ді. Тө­лем тә­сі­лі – қол­ма-қол ақ­ша­сыз есеп ай­ы­ры­су. Тө­лем екін­ші дең­гей­лі банк ар­қы­лы тө­лем­ге бе­рі­л­ген шот­қа сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан тө­лем тап­сыр­ма­сын­да тө­лем шо­ты­ның үзін­ді кө­шір­ме­сі­нің нө­мі­рін және кү­нін көр­се­ту та­лап еті­ле­ді. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және цифр­лық объ­ек­ті­лер­дің жұ­мыс гра­фи­гі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін. 8 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1 және 2-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан­дар бой­ын­ша өті­ніш; 2) осы Қа­ғи­да­лар­дың 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші қой­ған тө­лем шо­ты­ның негі­зін­де тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат (тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек неме­се банк­тің тө­лем жүр­гі­зі­л­ге­ні ту­ра­лы бел­гі­сі бар тө­лем тап­сыр­ма­сы). 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге бас тарту үшін негіздеме Көрсетілетін қызметті беруші: 1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған; 2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабымен қарастырылған негіздемелер бойынша бас тарту үшін негіздер болған жағдайда; 3) көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеткені үшін ақы төлемеген; 4) статистикалық ақпарат жоқ және өңдеу процесінде алу мүмкін емес кезде; 5) егер cұрау салынатын статистикалық ақпарат ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде таратылуға жататын ресми статистикалық ақпарат болып табылса мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады. 10 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ру­мен қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры, сон­дай-ақ бай­ла­ныс де­ректе­рі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​sta​tdat​a.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Ме­кен­жай­лар­ды және бай­ла­ныс де­ректер­ді 1446 або­нент­тік нө­мі­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на ха­бар­ла­су ар­қы­лы да бі­лу­ге бо­ла­ды. Осы Қа­ғи­да­лар­дың 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші қой­ған тө­лем шо­ты­ның негі­зін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке ақы тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат (тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек неме­се банк­тің тө­лем жүр­гі­зі­л­ге­ні ту­ра­лы бел­гі­сі бар тө­лем тап­сыр­ма­сы) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің info@​sta​tdat​a.​kz элек­трон­дық ме­кен­жай­ы­на жі­бе­рі­ле­ді. Ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты та­ра­ту кесте­сіне сәй­кес та­ра­ты­лу­ға жа­та­тын ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­тың бар­лық жа­ри­я­ла­ным­да­ры ста­ти­сти­ка­лық жұ­мыстар жос­па­рын­да көз­дел­ген кө­лем­де www.​stat.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста «Ста­ти­сти­ка» бө­лі­мін­де қол­же­тім­ді.
Басқа 1.4. Өтінішті қабылдау туралы хабарлама 20 ____ жылғы « ___» _________
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не ұйымының атауы) __________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Өтінішті қабылдау туралы хабарлама 20 ____ жылғы « ___» _________ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің статистикалық ақпаратты беру туралы 20___ жылғы «___» ______№ _______ өтінішіңізді қарауға қабылдады. Кеңсе қызметкері/ құжат айналымы жүйесі ____________________.
Басқа 1.5
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 5-қосымша Нысан (Көрсетілетін қызметті алушыныңтегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не ұйымының атауы) ________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Дәлелді бас тарту «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АЕО» РМК) Сіздің 20___ жылғы «___» ______________________№ _________ өтінішіңізді қарап, ________________________________________________________________________________ [Дәлелді бас тартудың себебі] ________________________________себеппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады. Директор ____________________
Басқа 1.6
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 6-қосымша Нысан «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АЕО» РМК) Сіздің 20____жылғы «___» _____ №____өтінішіңізді қарап, статистикалық ақпарат (пошта байланысының атауы, тіркілетін пошта жөнелтілімінің нөмері, күні) арқылы өтініште көрсетілген нақты мекенжайға жолданғанын хабарлайды. Директор ____________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы « » № бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған).
Тармақ 2
2. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11192 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған).
Тармақ 3
3. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15063 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 4
4. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15471 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 5
5. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16366 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 6
6. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16815 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 7
7. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19322 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 8
8. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19531 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).