Об утверждении Правил расчета коэффициентов и определения границ классов финансовой устойчивости Қолданыста
Басқа 0
Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі
№ 372 бұйрығына
қосымша
Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 49-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларды оңалту немесе банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыны жасау, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда оңалту немесе банкроттық рәсімдерін жүргізу мақсатында әкімшілер қолданады.
Тарау 2. 2-тарау. Ақпарат көздері
2-тарау. Ақпарат көздері
Тармақ 3
3. Коэффициенттердің көрсеткіштерін есептеу үшін бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік және салықтық есепке алу тіркелімдерінің, қаржы және салық есептілігінің деректері, сондай-ақ аудиторлық тексеру материалдары мен бағалаушылардың есептері (олар болған кезде) пайдаланылады.
Борышкердің бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде шаруашылық операциялардың көрсетілуі борышкер қабылдаған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген, Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген) қайшы келмейтін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 4
4. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заң) сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізбейтін және қаржылық есептілікті жасамайтын дара кәсіпкер-борышкердің коэффициент көрсеткіштерінің есептеуін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) нысандарға сәйкес жасалған бастапқы есепке алу құжаттары пайдаланылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның салықтық есебі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 562 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 37054 болып тіркелген) бекітілген Салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау тәртібі
3-тарау. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау тәртібі
Тармақ 5
5. Борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын коэффициенттердің есептеуін әкімші мынадай көрсеткіштердің негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) кірістер (К) – капиталға қатысатын тұлғалардың жарналарымен байланысты ұлғаюдан ерекше капиталдың ұлғаюына алып келетін активтердің келіп түсуі немесе өсуі немесе міндеттемелердің кемуі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық пайданың ұлғаюы;
Тармақша 2
2) салық салынғанға дейінгі пайда (залал) (СаК(З)) – салық өндіріліп алынатын салық кезең ішінде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған кіріс;
Тармақша 3
3) пайыздар бойынша шығыстар (ПШ) – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның есепті кезең ішінде пайыздарды төлеуге байланысты шығыстары;
Тармақша 4
4) активтер (А) – болашақтағы экономикалық пайданы алу күтілетін өткен оқиғалар нәтижесінде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға бақылайтын ресурстар;
Тармақша 5
5) қысқа мерзімді (айналым) активтер (ҚА) – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қысқа мерзім ретінде жіктелетін активтері, егер:
сату болжанса немесе ол әдеттегі операциялық цикл шеңберінде сатуға немесе тұтынуға арналса;
негізінен сауда мақсатына арналған;
есепті күннен кейінгі 12 (он екі) айдың ішінде сатылады деп болжанса;
егер есепті күннен кейінгі кем дегенде он екі ай ішінде міндеттемелерді өтеу үшін пайдалануға немесе оны алмастыруға шектеу болмаса, ақша қаражатын немесе оның баламаларын білдірсе.
Қысқа мерзімді (айналым) активтерге ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржылық активтер, қысқа мерзімді дебиторлық берешек, запастар, ағымдағы салық активтері, сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер, биологиялық активтер, басқа да қысқа мерзімді активтер жатады;
Тармақша 6
6) міндеттеме (М) – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның өткен оқиғалардан туындайтын, реттелуі экономикалық пайдасы бар ресурстарды жоюға әкелетін қолданыстағы міндеттеме;
Тармақша 7
7) капитал (К) – барлық міндеттемелер шегерілгеннен кейін қалатын дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның активтеріндегі үлес;
Тармақша 8
8) акцияның нарықтық құны (АНҚ) – акционерлік қоғам акцияларының нарықтық құны;
Тармақша 9
9) бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) (БП (З)) – таза пайданың қалдығы немесе алдыңғы есепті кезеңдегі шығындар сомасы.
Тармақ 6
6. Борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын коэффициенттер мынадай түрде есептеледі:
қысқа мерзімді активтердің дара кәсіпкер немесе заңды тұлға активтерінің сомасына арақатынас коэффициенті (К1) - жиынтық активтеріне қатынасы бойынша айналым активтерінің сомасын бағалайды және мына формула бойынша есептеледі:
бөлінбеген пайданың (жабылмаған залалдың) активтер сомасына арақатынас коэффициенті – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (К2) қаржылық рычагының деңгейін көрсетеді және мына формула бойынша есептеледі:
салық салынғанға дейінгі кірістің активтер сомасына арақатынас коэффициенті (К3) – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметінің тиімділігін көрсетеді және мына формула бойынша есептеледі:
Акциялардың нарықтық құнының немесе капитал құнының барлық міндеттемелер құнына арақатынас коэффициенті (К4) мына формула бойынша есептеледі:
тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату көлемінің дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның активтер сомасына арақатынас коэффициенті - борышкер активтерінің (K5) кірістілігін сипаттайды және мына формула бойынша есептеледі:
Тармақ 7
7. Әр коэффициентті есептеу нәтижелері бойынша олардың жалпы мәні (Z) мына формула бойынша анықталады:
акциялары бағалы қағаздар нарығында орналасатын акционерлік қоғамдар үшін:
мұнда К4=АНҚ/М
акциялары бағалы қағаздар нарығында орналастырылмайтын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ акционерлік қоғамдар үшін:
мұнда К4=К/М
Тармақ 8
8. Қаржылық тұрақтылық сыныптарының шекаралары төменде келтірілген кестеге сәйкес анықталады:
Қаржылық тұрақтылық сыныптарының шекаралары
I сынып
II сынып
III сынып
акциялары бағалы қағаздар нарығында орналасатын акционерлік қоғамдар үшін
Z1 ≥ 2,99
(2,99 және одан жоғары)
1,81≤ Z1 ˂ 2,99
(1,81-ден 2,99-ға дейін)
Z1 ˂ 1.81
(1.81-ден аз)
акциялары бағалы қағаздар нарығында орналастырылмайтын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ акционерлік қоғамдар үшін
Z2 ≥ 2,90
(2,90 және одан жоғары)
1,23 ≤ Z2 ˂ 2,90
(1,23-ден 2,90 дейін)
Z2 ˂ 1,23
(1,23-тен аз)
,
мұнда, I сыныпқа жатқызылған борышкер қаржылық тұрақты; II сыныпқа – банкроттық тәуекелімен байланысты, бірақ қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру мүмкіндігі бар; III сыныпқа – қаржылық тұрақсыз болып табылады.