«Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера» Күшін жойған
Басқа 0
«Жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29, 37-баптарына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 қаулысына және 2020 жылғы 13 наурыздағы Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының №3 хаттамасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайрам-су» өзенінің жағалауларын шайылу салдарларын оқшаулап және жою қажеттілігіне байланысты, Шымкент қаласы, Енбекші ауданындағы Базарқақпа, Қаратау ауданындағы Сайрам тұрғын алабтарындағы «Сайрам-су» өзенінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбекке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.