Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Үздік педагог» атағын иеленушіге 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Үздік педагог» атағын иеленушіге (бұдан әрі – иеленуші) сыйақы төлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Сыйақы білім беру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, ол иеленушінің ағымдағы шотына бір рет аударылады.
Тармақ 3
3. Сыйақы 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Тарау 2. 2. «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу тәртібі
2. «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу тәртібі
Тармақ 4
4. Конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде иеленуші сыйақы алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) иеленушінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шот нөмірі туралы мәліметтер.
Тармақ 5
5. Құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде иеленушінің ағымдағы шотына сыйақыны аудару жүргізіледі. ________________________