Об утверждении Правил использования зон режимных территорий и прилегающих к ним территорий Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2026 № 166 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен. Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары бекітілсін. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары 📌 Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттiк нормативтерге сәйкес әзірленді және режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) режимдік аумақтардың аймақтары – елді мекендердің шегіндегі және олардан тыс жерлердегі қорғалатын объектілерді орналастыруға арналған аумақтар;
Тармақша 2
2) режимдік аумақтардың аймақтарына іргелес жатқан аумақтар – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес режимдік аумақтардың шекараларына тікелей жанасып жатқан аумақтар.
Тарау 2. 2-тарау. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртiбi
2-тарау. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртiбi
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары шекаралары шегіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.
Тармақ 4
4. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің ерекше реттелетін және қала құрылысын регламенттеудің аумақтық объектілері болып табылады.
Тармақ 5
5. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес санитариялық-қорғалатын және күзетілетін аймақтар белгіленетін ерекше режимдегі объектілер орналастырылатын (орналастырылған) арнаулы аймақтарды қамтиды.
Тармақ 6
6. Елді мекендерде күзетілетін объектілерді орналастыруға арналған режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары периметрі бойынша 100 (бір жүз) метр, ал елді мекендерден тыс жерлерде жер учаскесінің сыртқы шекараларынан 1 (бір) километр қашықтықпен шектелген жер учаскелері болып табылады. Режимдік аумақтардың аймақтарына іргелес жатқан аумақтарда орналастырылатын жаңа объектілерді салу кезінде арақашықтық, биіктік және қабаттылық бойынша нормалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерде айқындалады.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген аумақтардың шегiнде құрылыс қызметін жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру кезінде жер учаскесiн таңдау актісі және беру схемасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына, 44-1-бабының 4-тармағына және 44-2-бабының 10-тармағына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
Тармақ 8
8. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес бекітілген қала құрылысы жобаларына (бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) сәйкес жүзеге асырылады. ______________________________