Об утверждении Правил формирования и представления предварительного списка всемирного культурного наследия Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»
2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының
10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрі
2020 жылғы 14 сәуірі № 89
Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»
2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аса көрнекті әмбебап құндылық – бүкіл адамзат үшін аса құнды болып табылатын айрықша мәдени маңыздылық;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімі (бұдан әрі – алдын ала тізімі) – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне қосу үшін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесі;
Тармақша 3
3) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілері;
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия (бұдан әрі – арнайы комиссия) тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында уәкілетті органның жанынан құрылған консультативтiк-кеңесшi орган;
Тармақша 5
5) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Алдын ала тізімін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Алдын ала тізімін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Алдын ала тізімді қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) уәкілетті органға тиісті ұсыныстар жолдайды.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары уәкілетті органмен арнайы комиссияның қарауына шығарылады.
Тармақ 5
5. Арнайы комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган алдын ала тізімді қалыптастырады.
Тармақ 6
6. Алдын ала тізімді қалыптастыру кезінде 1994 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияда (бұдан әрі – Конвенция) айқындалған дүниежүзілік мәдени мұраның әлеуетті тарих және мәдениет ескерткіштеріне қойылатын өлшемдер, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткішінің аса көрнекті әмбебап құндылығы ескеріледі.
Тармақ 7
7. Алдын ала тізім он жылда бір рет жаңартылады.
Тарау 3. 3-тарау. Алдын ала тізімді ұсыну тәртібі
3-тарау. Алдын ала тізімді ұсыну тәртібі
Тармақ 8
8. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитетіне ұсыну үшін уәкілетті орган қалыптастырған алдын ала тізімі негізінде Конвенцияға сәйкес алдын ала тізімді ұсынуға арналған формат түрінде құжаттама дайындалады.
Тармақ 9
9. Алдын ала тізімді ұсынуға арналған формат Конвенцияның талаптарына сәйкес ағылшын немесе француз тілінде толтырылады.
Тармақ 10
10. Алдын ала тізімді ұсыну форматы тарих және мәдениет ескерткішінің Конвенция өлшемдеріне сәйкестігі, тарих және мәдениет ескерткішінің түпнұсқалығы және/немесе тұтастығы, ұқсас тарих және мәдениет ескерткіштерімен салыстыру туралы ақпаратты қамтиды.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органмен қол қойылған алдын ала тізімді ұсыну форматы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитетіне жолданады.