Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 2 хаттамасы негізінде, Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары В.В. Елисеев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары В.В. Елисеевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылғы 8 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 5
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.