Об утверждении Правил о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 20.02.2007 № 316 шешімімен. Федоров аудандық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі туралы Ережесі бекітiлсiн (қосымша).
Басқа 2. Табысы аз азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тұрмыстық жәрдемақылар беру тәртiбi туралы ережелер
Қостанай облысы Федоров аудандық мәслихатының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы № 98 шешiмiне қосымша Табысы аз азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тұрмыстық жәрдемақылар беру тәртiбi туралы ережелер
Тарау i. I. Тұрмыстық жәрдемақылар
I. Тұрмыстық жәрдемақылар
Тармақ 1
1. Коммуналдық қызметтердi қолдану тұрғын үйдi ұстау, төлемi бойынша жұмсалған шығын орнын толтыру үшiн аз қамтылған халық топтарына, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншiгiмен тұрғын үй қорынан тұрғын үйге жалдау (жалға алу) бойынша орнына төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру, халықты әлеуметтiк қорғау нысанының бiрi болып табылады. 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 25.03.2004 № 47 шешімімен.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық жәрдемақылар Республикада тұрақты тұратын тұлғаларға тұрғын үй алаңынан нормалар шегiне коммуналдық қызметтердi қолдануға және тұрғын үйдi ұстау үшiн төлеуге жұмсалатын шығыстар өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлген, бiрақ жалпы алаңның шын мәнiсiнде орын алуы көп емес жағдайларда берiледi, коммуналдық қызметтердi қолдануға және тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығыстардың нормативтерi отбасылар бюджетiнде шығыстардың мүмкiндiк шегiндегi үлесiн нақ осы мақсатта арттырады. Коммуналдық қызметтердi қолдануға және тұрғын үйдi ұстау үшiн төлеуге жұмсалатын шығыстардың» мүмкiндiк шегiндегi үлесi отбасының тұтас кiрiсiне саралау бойынша белгiленедi. Жылу энергиясын жылыту және техникалық сумен қамту түрінде пайдаланудың 6 айға келісім-шартты бекіткен жағдайда тұрғын үйді ұстау және көрсетілген коммуналдық қызметтерге төлем төлеу, шектелген шығындар үлесі, отбасының жиынтық табысына 40% мөлшерінде белгіленеді. Коммуналдық қызметтердi қолдануға және тұрғын үйдi ұстау төлемi белгiленген нормадан тыс жалпы негiздерде жасалады. 📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 29.09.2005 № 199 шешімімен.
Тармақ 3
3. Компенсациялық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы жалғыз басты тұрғындар үшін пайдалы алаңы шегінде, бірге тұратын адамдарға 18 ш.м. әр-бір адамға, нақты алаңнан аспайды. Есептеу құралдары жоқ (жылу энергиясын, су, сұйық газ, электроэнергия), тұтынушыларға компенсациялық шаралармен, қамтитын коммуналдық қызметтер нормативі облыс әкімі белгіленген коммуналдық қызмет нормативі шегінде белгіленеді. Есептеу құралдары жоқ пайдаланушылардың коммуналдық қызметке (жылу энергиясы, су, газ, канализация, электроэнергия, қоқыс) төлейді аудан әкімі белгілейді. Егер тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалану нормасымен тарифтері белгілі заңмен анықталмаса, шығын нақты шығыс есебінде жүргізіледі. Коммуналдық қызметті есептеу құралдары бар облыс әкімі белгіленген нормативтен кем емес. Электр энергия нормативі бір отбасына айына 45 киловатт/сағат құрайды. 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 25.03.2004 № 47 шешімімен.
Тармақ 4
4. Тұрмыстық жәрдемақылар тұрғын үйдi (жалдаушылар, жалға алушылар) пайдаланушылар немесе меншiк иелерi болып табылатын және осы жерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларға мiндеттеледi;
Тармақ 5
5. Жеке меншiкте тұрғын үйлер (пәтерлер, үйлер) бiрлiгiнiң тым болғанда бiреуi бар немесе (жалға алу) немесе тұрғын жайларды жалға тапсырушы адамдар тұрмыстық жәрдемақылар алу құқығын жоғалтады. Жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөліміне тіркелмеген еңбекке жарамды мүшесі бар отбасылары тұрмыстық жәрдемақыны алуға құқығы жоқ, тек қана мүгедектер бір айдан артық емделушілер, оқушылар және студенттер, күндізгі оқу бөлімінің тыңдаушылары және курсанттары, магистратура және аспирантурада оқушылар, 1 және 2 топтағы мүгедектерді күтушілер, сексен жастан асқандар, 7 жасқа дейінгі баланы және бір жарым жасқа дейінгі балаларды күтушілер тұрмыстық жәрдемақыға құқығы бар. Дәлелсіз себептермен ұсынылған жұмыстан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарды, оқушы және қайта оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар алты айға тұрмыстық жәрдемақыны алуға құқығы жоқ;
Тармақ 6
6. Тұрмыстық жәрдемақыларды алушылар 10 күн iшiнде тұрмыстық жәрдемақылар қызметiне өзiнiң»тұрғын үйiнiң меншiк нысанында, отбасы құрамында және оның кiрiс жинағында әртүрлi өзгерiстер туралы, сондай-ақ жәрдемақылар қате есептелген жағдайлар жөнiнде хабарлау керек. Күмәндi мәлiметтердi бiле тұра, тұрмыстық жәрдемақылар қызметiне берер алдында өтемақының заңды емес немесе тым арттырылған белгiлерiн өзiне елiктiрген жалдаушы бiр жыл iшiнде жәрдемақыны алу құқығынан айырылады, ал тұрмыстық жәрдемақылар түрiнде заңсыз алынған сомалар белгiленген заңды тәртiппен қайтарымға жатады.
Тарау ii. II. Тұрмыстық жәрдемақыларды есептеу
II. Тұрмыстық жәрдемақыларды есептеу
Тармақ 7
7. Әлеуметтік қорғау органы тұрмыстық жәрдемақыны тағайындау туралы шешiм меншік иесінің (жалдаушы) арызы және соған қоса тұрғын үйдің құжаттары, отбасының құрамы, бір тоқсандағы отбасының кірісі (еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы, алименттер мөлшерi туралы анықтама, басқа да табыстар туралы салық комитетiнен анықтама), кәмелет жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлiктер көшiрмесi негізінде қабылданады. Табыстың жоқ жағдайында бiр адамға екi төменгi көрсеткiш есебi қолданады. Келіспеушілік жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнiндегi комиссиясы шешім қабылдайды. 📌 Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 05.09.2003 № 151 шешімімен.
Тармақ 8
8. Ұсынылған құжаттарды талдау қорытындысы бойынша жәрдемақыларды есептеу есебi енгiзiлетiн отбасына шарт жасалынады. Шарт екi дана етіп белгіленеді, оның бiреуi тұрғын үй жалдаушысында (меншiк иесiнде) сақталады.
Тармақ 9
9. Алынып тасталды – Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 29.09.2005 № 199 шешімімен.
Тармақ 10
10. Тұрмыстық жәрдемақы тұрғын үй жалдаушысына (меншiк иесiне) есептелген сомамен салыстырғанда коммуналдық қызметтер және тұрғын үйдi ұстау төлемiн кемiту сияқты аударым арқылы берiледi. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасы қызмет көрсетушілер аралығында беріледі және өтінішке сәйкес аударылады.
Тармақ 11
11. Тұрмыстық жәрдемақылар өтiнiш берген күннен бастап I тоқсан мерзiмге белгiленедi, өтініш берілген айдан кешіктiрмей. Тұрмыстық жәрдемақының алушыларды қайта тiркеу рәсiмдеудiң бастапқы iс жосығына ұқсас.
Тармақ 12
12. Жәрдемақының мөлшерi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлмеген норма шегiнде коммуналдық қызметтердi қолдану және тұрғын үйдi ұстауға жалдаушының (меншiк иесiнiң) үшін мәнiсiндегi төлемдер арасында айырмашылық ретiнде және осы мақсаттарда отбасы шығындар дәрежесiнiң мүмкiндiк шегiнде жауапты болады.
Тарау iii. III. Тұрмыстық жәрдемақыларды қаржыландыру көздерi
III. Тұрмыстық жәрдемақыларды қаржыландыру көздерi
Тармақ 13
13. Меншiктi» барлық нысандарындағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрмыстық жәрдемақының төлеудi қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң қаражат есебiнен iске асырылады.
Тармақ 14
14. Коммуналдық қызметтердi беруге және тұрғын үйдi ұстауға жұмсалған қаражаттың есептi-нормативтiгiн анықтау атқарушы біліктің басқа да өкiлеттi органдары және нарықтық пен монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң бақылауында жүргiзiледi.
Тармақ 15
15. Тұрмыстық жәрдемақы қызметтерiң берiлген жәрдемақыларды»сомалары көрсетiлген негiзгi пәтер жалдаушылар мен меншiк иелерiнiң тiзiмдерiн құрастырады және ай сайын қаржы органдарына орнын толтыру үшiн табылатын орны бойынша жинақ ведомостiлерiн ұсынады;
Тармақ 16
16. Табысы аз азаматтарға тұрмыстық жәрдемақының берумен байланысты шығындардың орнын толтыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiмен белгiленедi.
Тармақ 17
17. Аудандық қаржы органдары жылына кемiнде 1 рет тұрмыстық жәрдемақыларды төлеуге бюджеттiк қаражатты» жұмсалуының дұрыстығын тексерудi бастапқы құжаттар бойынша өткiзуге мiндеттi.
Тармақ 18
18. Заңсыз болып белгiленген тұрмыстық жәрдемақылар жөнiндегi құжаттардың қате ресiмделуiнен болған айыптардан лауазымды тұлғалар белгiленген Заң тәртiбiмен жауапты болады.