Об образовании районной консультативно-совещательной межведомственной комиссии по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан и утверждении Положения о районной консультативно-совещательной межведомственной комиссии по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi аудандық консультативтi-кеңестiк ведомствоаралық комиссия құру туралы және азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi аудандық консультативтi-кеңестiк ведомствоаралық комиссия Ережесін бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13, 14, 17) тармақшаларына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету, оның атаулылығын жоғарлату, азаматтардың материалдық-тұрмыс жағдайын терең тексеру мақсатында әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi аудандық консультативтi-кеңестiк ведомствоаралық комиссиясын құру туралы.
Тармақ 2
2. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi аудандық консультативтi-кеңестiк ведомствоаралық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындаулына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 4. Аудандық азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативті-кеңестік ведомствоаралық комиссияның Ережелері
Қостанай облысы
Федоров аудандық әкiмият
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 188 қаулысына
қосымша
Аудандық азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативті-кеңестік ведомствоаралық комиссияның Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы мәлімет
1. Жалпы мәлімет
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық консультативті-кеңестік ведомствоаралық комиссиясы (әрі қарай комиссия) көмекті қажет ететін азаматтарға қаржы бөлу және атаулы көмекті жоғарылату мақсатында және қаражатты мұқтажды болғандарға бағыттау әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын дұрыс қарауына көмек береді.
Тарау 2. 2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек беру комиссиясын аудандық әкімият құрады. Комиссияның құрамы аудан әкімінің шешімімен құрылады және оның аудандық мәслихат
бекітеді. Комиссияның құрамына жергілікті өкілетті, атқару, басқа да мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіргізіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны таң санды құрайды (үштен он беске дейін);
Тармақша 2
2) Комиссияның жұмысына төраға жетекшілік етеді. Төраға комиссия шешімдерінің жүзеге асыруын қадағалайды және комиссияның қызметіне жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның қызметін орынбасары атқарады. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртібіне ұсыныстар дайындайды және комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді;
Тармақша 3
3) Комиссияның шешімі ашық дауыспен комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия отырысына комиссия құрамының 2/3 бөлігі қатысса отырысты өткізуге болады;
Тармақша 4
4) Комиссияның әрбір отырысына міндетті түрде хаттама жүргізілу барысы және арыз берушінің материалдық жағдайы туралы жазылады.
Комиссияның отырысы айына бір рет өткізіледі;
Тармақша 5
5) Өзінің қызметінде комиссия жұмыспен қамту, тұрғын үй қатынасы, көмек көрсету, жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары осы мәселелер бойынша қабылдаған құжаттар жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалар басшылыққа алады.
Тарау 3. 3. Комиссияның негізгі қызметтері,
құқықтары және міндеттері
3. Комиссияның негізгі қызметтері,
құқықтары және міндеттері
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия:
Тармақша 1
1) Азаматтардың арызын қарайды және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек көрсету немесе бас тарту туралы шешімін қабылдайды;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеруді жүзеге асырады және әлеуметтік көмек алуға талап ететін және оған келісім берген отбасыларының материалдық тұрмыс деңгейін олардың тұрғылықты жеріне барумен анықтайды;
Тармақша 3
3) Зерттеу барысында комиссия төмендегідей жағдайларға назар аударады: жанұя құрамы; жан ұя мүшесінде жұмыс істейтіндердің саны; жан ұядағы еңбек етуге жарамды жастағы жұмыссыздар саны және еңбек етпеу себебі; жан ұядағы кәмелеттік жасқа жетпегендер саны; жұмыспен қамтылмаған азаматтың нақты кірісі (жан ұя мүшелері, көршілерінен сұрау арқылы); жер үлесі және жеке шаруашылығы (үй малдары, құстар, бау-бақша, саяжай); тұрғын үйдің саны (пәтер, үй); жүруге жарамды көліктің бар болу немесе жоқтығы және басқа да.
Арыз берушінің материалдық жағдайын зерттеу арыз берушімен бірге жүргізіледі. Зерттеулер негізінде комиссия арыз берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайына акт жасайды онда комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Ол актімен арыз беруші жазбаша түрде танысады.
Арыз беруші комиссияның зерттеу жүргізуіне қарсы болған жағдайда комиссия акт жасап атаулы әлеуметтік көмек беруден бас тартатындығы туралы шешім қабылдайды.
Комиссия мүшелері актінің нақтылығына, дұрыстығына жауап береді, Егер актіде заң бұзушылық, заңсыз төлену болса заңға сәйкес шығын кінәлі тұлғалардан өндіріледі.
Арыз берушінің материалдық жағдайын зерттеу кезінде азаматтардың жеке өмірін құрметтеу сақталып, адамгершілік қасиеттерін кемсітуге жол берілмейді. Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірлері туралы ешкімге жарияламауға міндетті;
Тармақша 4
4) Комиссия дауды жан-жақты шешеді, жергілікті бюджетте қаралған әлеуметтік төлемдерді беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) Комиссия құжаттар келіп түскеннен кейінгі 10 күн ішінде арыз берушінің сәйкес құжаттары негізінде әлеуметтік көмектің белгіленуі туралы шешім шығарады.
Егер әлеуметтік көмек берілмейтін болса шешім қабылданғаннан кейін 10 күн ішінде комиссия ол туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақша 6
6) Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда жоғары органдар шағымдануға болады.