Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 56 · қабылданған 15.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141822/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 56 ·15.04.2020
06.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 56 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
56
Қабылданған күні
15.04.2020
Көрсетілген редакция
06.03.2025 141822_749140.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NM009131
ЭКБ идентификаторы
141822
Редакция идентификаторы
141822_749140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:59

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Қарасу ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 27 маусымдағы № 92 қаулысының (2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7973 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Қостанай облысы
Қарасу ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 56 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3 3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

4 4) аккомпаниатор;

5 5) библиограф;

6 6) кітапханашы;

7 7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

8 8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

9 9) музыкалық жетекші;

10 10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

11 11) хореограф;

12 12) барлы мамандық мұғалімдері.

3 3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) әдіскер;

3 3) нұсқаушы-спортшы.

Қолданыстағы