Об утверждении перечня продукции, соответствие которой допускается подтверждать декларацией о соответствии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тiзбесiн бекiту туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20. N 367 қаулысымен "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетін өнiмдердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесінің нормативтiк құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Басқа 4. Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 77 қаулысымен бекiтiлген Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тiзбесi ------------------------------------------------------------------ СЭҚ TH                   Өнiмнің атауы коды ------------------------------------------------------------------ 1                           2 ------------------------------------------------------------------ Байланыс құралдары ------------------------------------------------------------------ 851711000    сымсыз трубкалы сымды байланысқа арналған телефон аппараттарын қоса алғанда, электр телефон аппараттары 851719900    таксофондар 851711000    факсимильдi байланысқа арналған аппаратура 852520910    транктiк және ұялы радиобайланыс жүйелерiне арналған 852521990    таратушы аппаратура 852520990    құрамдас бөлшектерiн қоса алғанда, таратушы аппаратура 852510900    радиотелефонды және радиотелеграфты байланысқа арналған таратушы аппаратура ------------------------------------------------------------------ Медициналық бұйымдар ------------------------------------------------------------------ 300650000    алғашқы көмек көрceтугe арналған дәрi-дәрмектер ------------------------------------------------------------------ Адамның терiсiмен жанасатын халық тұтынатын тауарлар ------------------------------------------------------------------ вулканизацияланған резеңкеден жасалған гигиеналық немесе фармацевтикалық бұйымдар: 401490900    су астында жүзуге арналған резеңке маскалар және ерінқаптар, шомылуға арналған бас киiмдер 401490900    резеңке жылытқыштар 401490900    резеңке маталы төсенiш клеенка ------------------------------------------------------------------ Қаупi ықтимал өндiрiске арналған жабдықтар ------------------------------------------------------------------ 731210590    болат арқандар (жалпы мақсаттағы, пайдалануға және 731210820    терең барлау бұрғылауына арналған көтергiш тұйық, 731210840    тартатын тұйық, тальдiк, арматуралық) 731210860 731210880 731210990 ------------------------------------------------------------------ Құрылыс материалдары ------------------------------------------------------------------ 6806**       дыбыс тұтқыш, жылу сақтағыш және дыбыс сiңiргiш 392111000    материалдардан жасалған бұйымдар 392112000 392113* 392114000 701690300    шыны пакеттер 701690900 ------------------------------------------------------------------ Буып-түю ыдыстары ------------------------------------------------------------------ 732399910    шыны ыдыстарға арналған металл қақпақшалар ------------------------------------------------------------------ Жеңіл өнеркәсiп өнiмдерi ------------------------------------------------------------------ 5208**       мақта маталар 5209** 5210** 5211** 5212** 5111**       жүн маталар 5112** 511300000    жануарлардың немесе жылқының қылшық жүнiнен тоқылған маталар 6401**       былғарыдан, резеңкеден, тоқымадан және былғары мен 6402**       резеңке алмастырғыштардан жасалған аяқ киiм 6403** 6405** ------------------------------------------------------------------ Өңделген ағаш тауарлары ------------------------------------------------------------------ 360500000    сіріңкелер 940130100    тұрмыстық жиһаз 940130900 940140000 940150000 940161000 940169000 940171000 940179000 940180000 ------------------------------------------------------------------ *1-бағанда тауарлық позицияны көрсеткен кезде (CЭҚ ТН кодының алғашқы алты саны) барлық тауарлық қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының алты саны) және осы қосалқы позицияға кiретiн кiшi қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының тоғыз саны) өнiм түрлерi декларациялауға жатады. **1-бағанда тауарлық позицияны көрсеткен кезде (CЭҚ TH кодының алғашқы төрт саны) барлық тауарлық қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының алты саны) және осы тауарлық позицияға кiретiн кiшi қосалқы позициялардың (СЭҚ ТН кодының тоғыз саны) өнiм түрлерi декларациялауға жатады.