Об утверждении Правил проведения историко-культурной экспертизы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың және бұйрықтың құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 21 сәуірі № 99 Бұйрықпен бекітілген Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тарихи-мәдени сараптама жүргізу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Тарихи-мәдени сараптама – тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңыздылығын және сақталу дәрежесін анықтауға бағытталған зерттеу.
Тармақ 3
3. Мыналар тарихи-мәдени сараптама объектілері болып табылады:
Тармақша 1
1) игеруге жататын жер учаскелерінде жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстарды жүргізу нәтижесі бойынша алынған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатердің болуын немесе болмауын негіздейтін материалдар;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдеріне қосуды негіздейтін материалдар;
Тармақша 3
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдерінен алып тастауды негіздейтін материалдар;
Тармақша 4
4) тарих және мәдениет ескерткіштерін Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізіміне қосуды негіздейтін материалдар;
Тармақша 5
5) тарих және мәдениет ескерткішінің санатын өзгертуді, тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру мен оны өзгертуді негіздейтін материалдар.
Тармақ 4
4. Тарихи-мәдени сараптама жарияланған мақсатқа сәйкес объектінің тарихи-мәдени маңыздылығын және сақталу дәрежесін бағалау үшін материалдарды кешенді қарауды қамтиды.
Тармақ 5
5. Тарихи-мәдени сараптаманы жүргізу кезеңінде объективтілік, ғылыми негіздемелік қамтамасыз етіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Тарихи-мәдени сараптаманы жүргізу тәртібі
2-тарау. Тарихи-мәдени сараптаманы жүргізу тәртібі
Тармақ 6
6. Тарихи-мәдени сараптама мүдделі жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – тапсырыс беруші) бастамасымен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Тарихи-мәдени сараптаманы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке немесе археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы және Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді (бұдан әрі – сарапшы).
Тармақ 8
8. Тарихи-мәдени сараптама тапсырыс беруші және сарапшы арасындағы тарихи-мәдени сараптама жүргізуге келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Тарихи-мәдени сараптама келісімшартта көзделген мерзімде, бірақ тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Тарихи-мәдени сараптаманы жүргізу үшін тарихи-мәдени сараптама жүргізуші сарапшы тарихи-мәдени сараптама объектісін визуалды қарау және фотофиксация жүргізеді.
Тармақ 11
11. Тарихи-мәдени сараптаманың нәтижесі бойынша негізделген қорытынды әзірлеу үшін сарапшымен тарихи-мәдени сараптама объектісіне қатысты ғылыми және өзге құжаттар мен материалдар тізбесін (библиографиясы) құрастыра отырып, жан-жақты зерделеу жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тарихи-мәдени сараптама жүргізу нәтижесі бойынша қорытынды беріледі.
Тармақ 13
13. Қорытынды қазақ және орыс тілдерінде фирмалық бланкте екі данада құрастырылады, тарихи-мәдени сараптама жүргізген заңды тұлғаның мөрімен куәләндырылып, ал тарихи-мәдени сараптама жеке тұлғамен жүргізілген жағдайда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі және қолтаңбасымен куәландырылады.
Тармақ 14
14. Қорытынды келесі ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени сараптама объектісінің атауы;
Тармақша 3
3) тарихи-мәдени сараптама тақырыбы және мақсаты;
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени сараптама объектісіне қатысты зерделенген ғылыми және өзге құжаттар мен материалдардың тізбесі (библиография);
Тармақша 5
5) тарихи-мәдени сараптама объектісінің әр ракурстан фотосуреттері (оңтүстік-солтүстік-батыс-шығыс), сонымен қатар тарихи-мәдени сараптама объектісінің тарихи элементтері мен бөлшектерінің ерекшеліктерін көрсететін фотосуреттер;
Тармақша 6
6) тарихи-мәдени сараптама объектісіне қатысты ғылыми және өзге құжаттар мен материалдарды зерделеу негізінде тарихи-мәдени сараптама объектісінің тарихи-мәдени маңыздылығы мен оның сақталу деңгейі немесе олардың жоқтығы толық баяндалған еркін нұсқадағы тарихи-мәдени сараптама қорытындысының мәтіні.
Тармақ 15
15. Тарихи-мәдени сараптама қорытындысына уәкілетті органға не сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Басқа 1. Күші жойылған мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың және бұйрықтың құрылымдық элементінің тізбесі
бұйрығына қосымша Күші жойылған мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың және бұйрықтың құрылымдық элементінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4933 болып тіркелген, 2007 жылғы қыркүйек-қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
Тармақ 2
2. «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8705 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда № 224 (28163) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығымен бекітілген Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17507 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).