О создании государственного учреждения "Республиканский научно-методический центр агрохимической службы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
"Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Ic-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргiзу жөнiндегi топырақ-агрохимиялық зертханалардың қызметiне орталықтандырылған ғылыми-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру және тыңайтқыштар мен агрохимикаттарды ұтымды қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн;
Тармақша 2
2) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4.
📌 Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.