Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акиматом города Нур-Султан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты:
Тармақша 1
1) шарттары: мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл; бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
Тармақша 2
2) көлемі – 39 548 574 000 (отыз тоғыз миллиард бес жүз қырық сегіз миллион бес жүз жетпіс төрт мың) теңгеден аспайтын;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.