О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Проектно-изыскательский институт "Казюжгипроводхоз" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-іздестіру институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдiстемелік орталығы" мемлекеттік мекемесi" (бұдан әрi - Мекеме) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi суландыру жүйелерi жай-күйінің мониторингін жүргiзу, суармалы телiмдердiң құрылысын жобалауды жүзеге асыру, нормативтiк әдiстемелік құжаттар әзiрлеу болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Мекеме штат санының лимитi 23 бiрлiк санында бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн;
Тармақша 2
2) Мекеменің әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. 📌 Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.