Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Атырауской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінің 15-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
Тармақша 1
1) шарттар: мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл; бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
Тармақша 2
2) көлемі - 25 480 000 000 (жиырма бес миллиард төрт жүз сексен миллион) теңгеден аспайтын;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай кезеңінде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиева жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.