Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырылған Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Басқа 0. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және даму министрінің
2020 жылғы 24 сәуірі
№ 226 бұйрығымен
бекітілген
Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеуді айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Заңмен сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
Тармақша 2
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
Тармақша 3
3) тұрғын үй көмегі - аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.
Тармақ 2
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi
2-тарау. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.
Тармақ 4
4. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, олар:
Тармақша 1
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
Тармақша 2
2) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыс;
Тармақша 3
3) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс;
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түсетін табыс;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздардан түсетін табыс;
Тармақша 7
7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған табыс;
Тармақша 8
8) өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс;
Тармақша 9
9) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі табыс;
Тармақша 10
10) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі табыс;
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 4-тармағы 5) - 10) тармақшаларында көрсетілген табыстар алынған уақытта ескеріледі және өтініш берушінің растайтын құжаттар қоса берілген еркін нысандағы жазбаша өтінішімен расталады.
Тармақ 6
6. Жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын жалға беруден түскен табыс жалдаушының (жалға алушының) төлемі туралы растайтын құжаттары бар мүліктік жалдау (жалға алу) шартының көшірмесін ұсынумен расталады.
Тармақ 7
7. Отбасы (азамат) көрсеткен жылжымайтын мүлікті және (немесе) жылжымайтын мүлікті сатудан алынған табыс сату-сатып алу шартының көшірмесімен расталады.
Сатылған сол тоқсанда жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатып алған жағдайда, сатып алынған жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүліктің құны мен сатудан алынған сома арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында ескеріледі.
Тармақ 8
8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:
Тармақша 1
1) атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тұрғын үй көмегі;
Тармақша 3
3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
Тармақша 4
4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
Тармақша 5
5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
Тармақша 6
6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
Тармақша 7
7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
Тармақша 5
Тармақша 8
8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
Тармақша 9
9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік (мектептер, колледждер), білім беру ұйымдарының студенттеріне төленетін мемлекеттік стипендия;
Тармақша 10
10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;
Тармақша 11
11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан студенттерге көрсетілетін материалдық көмек;
Тармақша 13
13) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;
Тармақша 14
14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;
Тармақша 15
15) өтеусіз алынған ақша түріндегі табысты қоспағанда, қайырымдылық көмек;
Тармақша 16
16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
Тармақша 17
17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
Тармақша 18
18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:
дәрілік препараттар;
санаторлық-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
мүгедектігі бар адамға бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру мекемелерінің отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты және есепке алу қағидаларына сәйкес ұсынылатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан, және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен балаларға материалдық көмек;
Тармақша 20
20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер;
Тармақша 21
21) «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу;
Тармақша 22
22) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы.
Тармақ 9
9. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мынадай:
Тармақша 1
1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;
Тармақша 3
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, бір елді мекен шегінде тіркелген бірге тұратын, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысандарынан туындайтын міндеттермен байланысты отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын бірге тұратын адамдар ескеріледі.
Бірге тұру фактісі:
отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;
мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы ұйымдардан басқа, интернат ұйымдарында оқитын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балаларға олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) талап етілмейді.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының құрамы тұрғын үй көмегіне өтініш берген сәтінде есепке алынады.
Тармақ 9-1
9-1. Есептік кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде келген отбасы мүшесінің табысы келген күнінен бастап есепке алынады. Есепті кезеңде отбасы мүшесі кеткен кезде отбасының (азаматтың) жиынтық табысы кеткен күнінен бастап отбасының кеткен мүшесіне келетін жан басына шаққандағы орташа табыс шегеріле отырып есептеледі.
Тармақ 10
10. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есептеу кезеңіндегi отбасының жиынтық табысын көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi.
Тармақ 11
11. Шетелдiк валютада алынған табыс «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
Тармақ 12
12. Зат түрінде алынған табыстар отбасының жиынтық табысында өтініш беруші алынған табыс туралы мәліметтерде көрсеткен ақшалай баламасымен есептеледі.
Тармақ 13
13. Отбасы (азамат) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда жиынтық табысты есептеу жүргізілмейді.
Отбасы (азамат) тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
1-параграф. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
Тармақ 14
14. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде отбасының мынадай түрде алынған табысы ескеріледі:
Тармақша 1
1) Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жұмыс берушіден еңбекақы ретінде алынған, атап айтқанда:
еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушілердің актілеріне сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерлерге төленетін орташа жалақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шартының бұзылуы кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін төлем түрлері;
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай ризығы;
жұмыс беруші төлеген кредит сомалары. Көрсетілген төлемдер кредитті өтудің белгіленген мерзіміне бөлінеді;
әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берілетін ағымдағы тұрғын үй төлемдері;
Тармақша 2
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балалар, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балалар, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;
үйде оқитын мүгедектігі бар балаларды оқыту шығындарын өтеу;
қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақы;
патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін төлем;
мүгедектігі бар баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақылар;
отставкадағы судьяның ай сайынғы өмір бойғы қамтылымы;
зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарнамаларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдіктері;
төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар отбасыларға олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіргенге дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
стипендия, оның ішінде қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;
табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмекті қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларға және оқу орындарының басқа тыңдаушыларға төленетін стипендия;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелері мен ұйымдары белгілеген барлық төлем түрлеріне үстемеақылар мен қосымша ақылар.
Тармақ 15
15. Жиынтық табыстың құрамына қызметкерлер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиянды өтеу туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші төлейтiн бiржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.
Тармақ 16
16. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, төлемдер, алименттер бойынша берешектер), алынған табыс, сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша (мердiгерлiк және басқа) орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
Тармақ 17
17. Азаматтық-құқықтық шарт бойынша, оның iшiнде ғылым, әдебиет, өнер және өзге де қызмет түрлері туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
Тармақ 18
18. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар отбасының жиынтық табысына сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
Тармақ 19
19. Өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде еңбекақы түрінде алынған табыс жұмыс берушінің еркін нысандағы анықтамаларымен расталады.
Өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік төлемдер түрінде табыс алу зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесімен немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары беретін анықтамалармен расталады.
Тармақ 2. 2-параграф. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс
2-параграф. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс
Тармақ 20
20. Отбасының (азаматтың) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық табысын есептеген кезде келесі:
Тармақша 1
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
Тармақша 2
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату құнының өсуінен түскен;
Тармақша 3
3) шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүліктік пайлардан алынған табыс ескеріледі.
Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген) бекітілген Салық есептілігін жасау қағидаларына сәйкес салық органдарына ұсынылатын алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
Тармақша 4
4) адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алған бір айдағы табысы алдыңғы салық кезеңі үшін мәлімделген табыстың сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен кем болмайтындай айқындалады. Жиынтық табыс алынған шаманы не есепке жатқызу үшін белгіленген табыс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер бойынша бір айдағы табыс сомасы патенттің құнын есептеу кезінде мәлімделген табыс сомасын осы есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен болмайтындай айқындалады.
Жеке тұлғалардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтен түскен табысы кәсіпкерлік қызметті дамытуға мемлекеттік қолдау алғаннан кейінгі алғашқы алты айда есепке алынбайды.
Тармақ 21
21. Өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде азаматтық-құқықтық шарт бойынша алынған табыс шарттың көшірмесімен және тапсырыс берушінің жүгінер алдындағы тоқсанға алынған орындалған жұмыс (қызметтер) үшін сыйақы төлемінің мөлшері туралы анықтамасымен расталады.
Азаматтық шарт жасамай жұмыспен қамтылған адамдардың жиынтық табысы олардың өтініші негізінде расталады. Бұл жағдайда орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін сыйақы төлемінің заттай бөлігі нарықтық бағамен ақшалай эквивалентте жиынтық табысқа қосылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс
3-параграф. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс
Тармақ 22
22. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында ескеріледі.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы отбасының жиынтық табысында олардың алынған уақыты бойынша ескеріледі.
Отбасы мүшесі алатын алименттер отбасының жиынтық табысында ескеріледі, ал отбасы мүшесінің басқа отбасында тұрып жатқан балаларға төлейтін алименттері табысынан алынып тасталынады.
Тармақ 23
23. Асырауындағыларды асырауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен адамдардың алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша еркін нысандағы өтiнiш негiзiнде есептеледi.
Төлеушi:
Тармақша 1
1) жұмыс iстемейтiн және Орталықта жұмыссыз ретiнде тiркелген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтамасын ұсынған кезде);
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы, бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң анықтамасын ұсынған кезде);
Тармақша 3
3) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық, санаторий-курорттық диспансерлерде (стационарларда) есепте тұрған кезде «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атақарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекетке тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 5
5) балаларын және басқа да асырауындағыларды асырап-бағудан жалтарған кезде:
тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталатын спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына;
сот шешімімен расталатын құмар ойындармен және бәс тігумен байланысты жиынтық табыс алиментті ескермей есептеледі.
Тармақ 24
24. Егер жұбайлар (ерлі-зайыптылық) арасындағы неке бұзылса не бұзылмаса, олар бірге тұрған кезде отбасының жиынтық табысында алимент өндіріп алынған жұбайдың табыстары толық ескеріледі.
Егер жұбайлар (ерлі-зайыптылық) арасында неке бұзылса, бірақ жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынбаса, оның табыстары олардың бірге тұру фактісіне қарамастан, отбасының жиынтық табысында толық ескеріледі.
Тармақ 25
25. Өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алименттер туралы анықтамаларымен не алынған алименттер туралы пошта аударымдарының түбіртегімен , сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы актісін қоса бере отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде расталады. 3 айдан астам мерзімге алимент бойынша берешек қалыптасқан кезде сот орындаушысының алименттер бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
4-параграф. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
Тармақ 26
26. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс отбасының (азаматтың) жиынтық табысының құрамына қосылады.
Тармақ 27
27. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысында ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесіне, осы Қағидалардағы2-қосымшаға сәйкес Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 4-қосымшаға сәйкес Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 5-қосымшаға сәйкес Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 6-қосымшаға сәйкес Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 7-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 8-қосымшаға сәйкес Азық-түліктік пайдалануға арналған үй малы мен құстарының жасы, осы Қағидалардағы 9-қосымшаға сәйкес Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгілік жеке нормативтік карточкасы негізінде есептеледі.
Нормативтiк карточкаларда келтiрiлген (осы Қағидалардағы 2-7-қосымшалар) орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн пайдаланылатын бағаларды облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып түзетеді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс отбасының жиынтық табысына еркін нысандағы жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
Тармақ 28
28. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Қағидалардағы 2 - 7-қосымшалар) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.
Тармақ 29
29. Табысты есептеу үшін облыстарда (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті жылға қалыптастырылатын Статистикалық жұмыстар жоспарында көздеген мерзімдерде мемлекеттік статистика органдарымен қалыптастырылған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
Өнім бермейтін жастағы (төл, балапан) үй малынан, құсынан (осы Қағидалардағы 8-қосымша) алынған табыс, есепті кезеңде ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою) жағдайда ғана, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде, мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйға тартқан немесе өткізген (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады.
Малды (құсты) есепті кезеңде өткізу кезінде отбасының жиынтық табысына тиісті өткізген айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы табыс қосылады.
Тармақ 30
30. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы жұмыс малы (жылқы, түйе) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
Тармақ 31
31. Осы Қағидалардағы 30-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
Тармақ 32
32. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің жеке нормативтiк карточкасын осы Қағидалардағы 9-қосымшаға сәйкес Орталық өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
Тармақ 33
33. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік карточкада көрсетілген (осы Қағидалардағы 2-7-қосымшалар) тиісті орташа көрсеткіштерден төмен, осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері бойынша және жиынтық табыс рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған жағдайда, үй малын, құсты және жер телімінде (үй жанындағы телiм, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп белгілейді.
Шекті рұқсат етілген мөлшері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органымен алдын-ала келісілгеннен кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселігінде белгіленеді.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
Облысы, республикалық маңызы бар қала, астана
Ауданы, қаласы
1
2
1. Дала аймағы
Солтүстiк Қазақстан
1. Айыртау
2. Ақжар
3. Мағжан Жұмабаев
4. Есiл
5. Жамбыл
6. Қызылжар
7. Мамлют
8. Шал ақын
9. Аққайың
10. Тайынша
11. Тимирязев
12. Уәлиханов
13. Ғабит Мүсiрепов
Петропавл қаласы
Ақмола
1. Еңбекшілдер
2. Зерендi
3. Щучье
4. Сандықтау
5. Бұланды
6. Ақкөл
7. Ерейментау
8. Жақсы
Көкшетау қаласы
Степногор қаласы
Қостанай
1. Қарабалық
2. Федоров
3. Меңдiқара
4. Ұзынкөл
5. Денисов
6. Әулиекөл
7. Қарасу
8. Алтынсарин
9. Сарыкөл
10. Қостанай
11. Таранов
Қостанай қаласы
Рудный қаласы
Павлодар
1. Ертiс
2. Железин
3. Тереңкөл
2. Қуаң дала аймағы
Батыс Қазақстан
1. Ақжайық
2. Тасқала
3. Зеленов
4. Теректi
5. Бөрілі
6. Шыңғырлау
Орал қаласы
Ақтөбе
1. Қобда
2. Мәртөк
3. Әйтеке би
4. Қарғалы
5. Алға
Ақтөбе қаласы
Қостанай
1. Қамысты
2. Наурызым
3. Жiтiқара
Лисаковск қаласы
Ақмола
1. Есiл
2. Атбасар
3. Қорғалжын
4. Шортанды
5. Целиноград
6. Астрахан
7. Аршалы
8. Егiндiкөл
9. Жарқайың
Нұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы
Қарағанды
1. Нұра
2. Қарқаралы
3. Осакаров
4. Абай
5. Бұқар жырау
Қарағанды қаласы
Сарань қаласы
Шахтинск қаласы
Темiртау қаласы
Павлодар
1. Ақтоғай
2. Баянауыл
3. Аққулы
4. Май
5. Павлодар
6. Успен
7. Шарбақты
Павлодар қаласы
Ақсу қаласы
Екiбастұз қаласы
Шығыс Қазақстан
1. Бесқарағай
2. Бородулиха
3. Зырян
4. Көкпектi
3. Шөлейттi аймақ
Алматы
Қапшағай қаласы
Батыс Қазақстан
1. Бөкөйордасы
2. Жаңақала
3. Жәнiбек
4. Қазталов
5. Қаратөбе
6. Сырым
Қостанай
1. Амангелдi
2. Жангелдi
Арқалық қаласы
Ақтөбе
1. Ойыл
2. Темiр
3. Ырғыз
4. Хромтау
5. Мұғалжар
Қарағанды
1. Жаңаарқа
2. Шет
3. Ақтоғай
4. Ұлытау
Жезқазған қаласы
Балқаш қаласы
Қаражал қаласы
Приозерск қаласы
Сәтбаев қаласы
Шығыс Қазақстан
1. Абай
2. Аягөз
3. Жарма
Семей қаласы
Курчатов қаласы
4. Шөлдi аймақ
Атырау
1. Жылыой
2. Индер
3. Исатай
4. Құрманғазы
5. Қызылқоға
6. Мақат
7. Махамбет
Атырау қаласы
Қызылорда
1. Арал
2. Жалағаш
3. Жаңақорған
4. Қазалы
5. Қармақшы
6. Сырдария
7. Шиелi
Қызылорда қаласы
Ақтөбе
1. Байғанин
2. Шалқар
Маңғыстау
1. Бейнеу
2. Қарақия
3. Маңғыстау
4. Түпқараған
5. Мұнайлы
Ақтау қаласы
Жаңаөзен қаласы
Түркістан облысы
1. Созақ
2. Отырар
Жамбыл
1. Сарысу
2. Талас
3. Тұрар Рысқұлов
Алматы
1. Балқаш
5. Тау eтeгi-шөлдi-далалық аймақ
Алматы
1. Ақсу
2. Алакөл
3. Еңбекшіқазақ
4. Жамбыл
5. Кербұлақ
6. Көксу
7. Қаратал
8. Қарасай
9. Панфилов
10. Райымбек
11. Сарқанд
12. Талғар
13. Ескелдi
14. Ұйғыр
15. Iле
Талдықорған қаласы
Текелi қаласы
Алматы қаласы
Алматы қаласы
Жамбыл
1. Байзақ
2. Жамбыл
3. Жуалы
4. Қордай
5. Мерке
6. Мойынқұм
7. Шу
Тараз қаласы
Түркістан облысы
1. Арыс
2. Бәйдібек
3. Қазығұрт
4. Мақтаарал
5. Ордабасы
6. Сайрам
7. Сарыағаш
8. Төлеби
9. Түлкібас
10. Шардара
Кентай қаласы
Түркістан қаласы
Восточно-Казахстанская
1. Урджарский
2. Зайсанский
г. Шымкент
г. Шымкент
6. Оңтүстік Сiбiр таулы және тау eтeгі аймағы
Шығыс Қазақстан
1. Глубокое
2. Катонқарағай
3. Шемонаиха
4. Тарбағатай
5. Күршім
6. Ұлан
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Басқа 2. Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
2-қосымша
Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Картоп
80
1796
Көкөністер
100
6422
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)
35
802
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)
25
762
Жидек дақылдары
33
2832
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
2200
43960
Eтті ірі қара мал (сиыр еті)
165
36749
Шошқалар (шошқа еті)
71
18429
Қойлар, ешкілер ет/жүн
20/2,5
5300
Жылқы (жылқы еті)
124
21125
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
137 дана
1233
Етті құс (құс еті)
1,8
351
Басқа 3. Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан
түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
3-қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан
түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Картоп
70
1777
Көкөністер
80
6264
Бақшалар
100
2600
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)
35
741
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)
22
681
Жидек дақылдары
30
2815
Жүзім
25
1348
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1900
40721
Eтті ірі қара мал (сиыр еті)
159
34130
Шошқалар (шошқа еті)
66
16896
Қойлар, ешкілер ет/жүн
19/2,5
5130
Жылқы (жылқы еті)
124
22753
Түйе (түйе еті)
126
14805
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
152 дана
1500
Етті құс (құс еті)
1,9
373,2
Басқа 4. Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан
түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
4-қосымша
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан
түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Картоп
74
1974
Көкөністер
80
7241
Бақшалар
86
2920
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)
22
884
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)
20
778
Жидек дақылдары
15
2820
Жүзім
20
963
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1100
27300
Eтті ірі қара мал (сиыр еті)
162
37854
Шошқалар (шошқа еті)
68
17649
Қойлар, ешкілер ет/жүн
20
5493
Жылқы (жылқы еті)
162
19975
Түйе (түйе еті)
228
14109
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
156 дана
1540
Етті құс (құс еті)
1,5
304,2
Басқа 5. Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан
түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
5-қосымша
Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан
түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Картоп
90
2079
Көкөністер
100
7410
Бақшалар
110
2980
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)
20
714
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)
28
700
Жидек дақылдары
15
2818
Жүзім
20
1027
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
880
22645
Eтті ірі қара мал (сиыр еті)
138
34439
Шошқалар (шошқа еті)
60
15432
Қойлар, ешкілер ет/жүн
19
5103
Жылқы (жылқы еті)
140
19651
Түйе (түйе еті)
218
13684
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
125 дана
986
Етті құс (құс еті)
1,3
253,2
Басқа 6. Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан
түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
6-қосымша
Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан
түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Картоп
108
2294
Көкөністер
125
6585
Бақшалар
120
2655
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)
40
905
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)
35
735
Жидек дақылдары
40
2797
Жүзім
43
1342
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
2500
39815
Eтті ірі қара мал (сиыр еті)
178
41855
Шошқалар (шошқа еті)
66
16736
Қойлар, ешкілер ет/жүн
19
5255
Жылқы (жылқы еті)
180
24339
Түйе (түйе еті)
126
13650
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
169 дана
1675
Етті құс (құс еті)
1,3
253,2
Басқа 7. Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
7-қосымша
Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Картоп
90
2358
Көкөністер
90
6648
Бақшалар
130
2684
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)
30
952
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)
15
762
Жидек дақылдары
63
2822
Жүзім
55
1412
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1900
46248
Eтті ірі қара мал (сиыр еті)
171
40463
Шошқалар (шошқа еті)
69
17782
Қойлар, ешкілер ет/жүн
20
5274
Жылқы (жылқы еті)
173
24209
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
172 дана
1697
Етті құс (құс еті)
1,3
246,2
Басқа 8. Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
8-қосымша
Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
Малдардың түрi
Өлшем бірлігі
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы
Iрi қара мал
ай
25
Қойлар мен ешкiлер
ай
12
Шошқалар
ай
10
Жылқылар
ай
16
Түйелер
ай
18
Жұмыртқалайтын құс
күн
195
Етті құс
күн
125
Басқа 9. Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормалар карточкасы
Тұрғын үй көмегін алуға
үмiткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының)
жиынтық табысын
есептеу Қағидаларына
9-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормалар карточкасы
Өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
Облыс, аудан__________________________________________________________________
Үйiнiң мекенжайы ____________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi
жер, сотка, мал басы, саны
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге
1
2
3
4
5
Бидай
Арпа
Дәнi алынатын жүгерi
Күрiш
Қарамық
Картоп
Көкөністер
Бақшалар
Күнбағыс
Қант қызылшасы
Темекi
Шекiлдеуiк бақтары
Сүйектi жемiс бақтары
Жемiстер
Жүзiм
Көп жылдық шөп
Бiр жылдық шөп
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi
Сүттi iрi қара мал
Еттi iрi қара мал
Шошқалар
Қойлар мен ешкілер
Жылқылар
Түйелер
Жұмыртқалайтын құс
Еттi құс
Жиыны: бiр жылғы табыс
х
х
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс
х
х
х
х
20__ж. «__»_________ ________________________________________
(2-ші бағаны үшін өтiнiш берушiнiң қолы)
______________________________________________________________
(есептеуді жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)