Об утверждении Стандарта полицейского Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Полицей стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 74-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Полицей стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Полицей стандарты
бұйрығымен бекітілген Полицей стандарты
Тарау 1. 1 – тарау. Жалпы ережелер
1 – тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Полицияда қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және полицейдің жеке және кәсіби қасиеттеріне жоғары талаптар қояды.
Тармақ 2
2. Полицей Қазақстан Республикасының әр адамы және азаматы өзін қауіпсіз сезінуі, полицейді кез келген қиын жағдайда көмек көрсетуге дайын және оның өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін қылмыстық және басқа құқыққа қарсы қол сұғушылықтан сенімді қорғай алатын өзінің қорғаушысын көруі керек екендігін әрдайым есте сақтауы тиіс.
Тармақ 3
3. Полицей азаматтардың, қоғамның және жалпы мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, заңдылық, әділеттілік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алатын қызметке шын берілген өз елінің патриоты болуы тиіс.
Тармақ 4
4. Осы Полицей стандарты (бұдан әрі – Стандарт) полицейдің имиджін және полицияға азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етуге бағытталған.
Тарау 2. 2 – тарау. Полицейдің жеке және кәсіби қасиеттері
2 – тарау. Полицейдің жеке және кәсіби қасиеттері
Тармақ 5
5. Жүктелген міндеттерді табысты орындау үшін полицейдің мынадай жеке қасиеттері болуы тиіс: тәртіптілік; батылдық және табандылық; орындаушылық; төзімділік және стреске тұрақтылық; интеллектуалдық; борыш пен әділеттіліктің дамыған сезімі; адалдық және принципшілдік; жауапкершілік және адал ниеттілік; сабырлылық; адамгершілік; ізеттілік; тіл табысқыштық; өздігінен жетілуге талпыныс.
Тармақ 6
6. Кәсіби қызметте полицей оның қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуі және практикада шебер қолдануы, дене шынықтыру және жауынгерлік даярлығы, алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік құжаттаманы жүргізу дағдыларына, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласында ие болуы, қызметтік міндеттерді сауатты жоспарлауы және орындауы, қызметтік уақытты ұтымды және тиімді пайдалануы қажет.
Тармақ 7
7. Полицейдің сыртқы келбеті азаматтардың сенімін және ішкі істер органдарының беделін нығайтуға мүмкіндік жасауы тиіс, осыған байланысты полицей нысанды киімді киюді мүлтіксіз сақтауы, саптық жинақы және ұқыпты болуы, әріптестер мен азаматтардың құрметіне лайық үлгілі сыртқы келбетін сақтауы тиіс.
Тармақ 8
8. Кәсіби қызметте полицей: құқық бұзушылықтардың үзілді-кесілді жолын кесуі, заңдылықты және азаматтардың, оның ішінде ұсталғандардың және қамалғандардың құқықтарын шектейтін, бұзушылықтарға жол бермейтін әділ және айналасындағыларға түсінікті әрекеттерді жүзеге асыруы; адал, әділ әрекет етуі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы; жеке өмірге қол сұқпаушылық туралы азаматттардың конституциялық құқықтарын сақтауы; азаматтармен, әсіресе балалармен, әйелдермен, мүмкіндігі шектеулі адамдармен және егде адамдармен қарым-қатынаста ізеттілік және әдептілік білдіруі, олардың өтініштері мен арыздарына объективті қарауы, қажетті көмек, оның ішінде медициналық көмек көрсетуі; өзінің ескертулері мен талаптарын шыдамдылық және сабырлық сақтай отырып сыпайы және сенімді түрде баяндауы; даулы жағдайларды шеше білуі қажет.
Тармақ 9
9. Азаматтармен қарым-қатынаста полицей тарапынан: жыныстық белгісіне, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, азаматтығына, әлеуметтік, мүліктік немесе отбасылық жағдайына, саяси немесе діни көзқарасына байланысты кемсітушілік сипаттағы сөздер мен әрекеттерге; қоқан-лоқы, қорлайтын тіл тигізу, тәкаппарлық қатынас, дөрекілік, менсінбеушілік, әдепсіздік, дәлелсіз айып тағуға; нормативті емес және жаргондық лексиканы пайдалануға; дұрыс қарым-қатынасқа немесе құқыққа қарсы келетін мінез-құлыққа тосқауыл болатын іс-әрекеттер көрсетуге жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Басшының өкілеттігі берілген полицей: өзінің қарамағындағы қызметкерлердің міндеттерін және қызметтік өкілеттігі көлемін лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес дәл белгілеу; кәсіби білімдерін және практикалық жұмыс тәжірибесін қарамағындағы қызметкермен бөлісу; күнделікті қарамағындағы қызметкерлерді Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтау рухында, қызметтік борышын адал атқару, дөрекілікке және мейірімсіздікке төзбеушілік қарым-қатынаста тәрбиелеу; қарамағындағы қызметкерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғауды, ардагерлерге, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақаттанған және мертігіп қалған полицейлерге, сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау; кадр мәселелерін шешу барысында меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету; еңбекті, денсаулықты сақтауға бағытталған шараларды қабылдау, тиімді қызмет үшін қауіпсіз және қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру; төмендегі қарамағындағы қызметкерлердің қызмет нәтижесін бағалау, сондай-ақ марапаттау мен жазалауды қолдану кезінде әділеттілік және объективтілік көрсету қажет.
Тарау 3. 3 – тарау. Қорытынды ережелер
3 – тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Полицейдің Стандартқа сай болуы қоғамдық сенімнің қажетті шарты, қызметтік міндеттерді сапалы орындаудың маңызды факторы болып табылады.