Об утверждении Правил возмещения платежей населения по оплате коммунальных услуг в режиме чрезвычайного положения в Республике Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил возмещения платежей населения по оплате коммунальных услуг в режиме чрезвычайного положения в Республике Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 18.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2020 142276_467829.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020427
- ЭКБ идентификаторы
- 142276
- Редакция идентификаторы
- 142276_467829
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:54
0 Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтердің төлемі бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия отырысының 2020 жылғы 23 тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және ол 2020 жылғы 25 маусымға дейін әрекет етеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
1 Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 18 сәуірдегі
№ 212 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығының 12-тармағының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезінде азаматтарға коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) тұтынушы – шарт негізінде коммуналдық қызметтерді тұтынатын жеке тұлға;
2 2) жеткізуші – коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпкерлік қызмет субъектісі;
3 3) жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
4 4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5 5) елді мекен – бұл саны 50 адамнан кем емес, белгіленген заң тәртібімен есепке алынған және тіркелген, өкілді және жергілікті атқарушы органдар басқаратын республиканың жинақы қоныстанған аумағының бір бөлігі.
3 3. Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер төлеу бойынша халықтың төлемақысын шығындарын өтеу республикалы бюджеттен жүзеге асырылады, қосымша қажеттілік болған кезде жергілікті бюджеттен өтеуге жол беріледі.
4 4. Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу (бұдан әрі – өтеу) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген адамдардың немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінің өтініші негізінде карантин енгізілген аумақтағы елді мекендерде жүзеге асырады.
5 5. Жергілікті бюджет есебінен өтелген жағдайда алушылар санатын, шарттары мен тәртібін жергілікті атқарушы органдар дербес айқындайды.
6 6. Коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге құқығы бар адамдардың онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің санаты:
1 1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3 3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4 4) көпбалалы отбасылар;
5 5) ең төмен және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер;
6 6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7 7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
2 2-тарау. Өтеу тәртібі
7 7. Жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елді мекеннің азаматтарына осы Қағидаларға сәйкес өтеу туралы ақпаратты жеткізеді.
8 8. Өтеу карантин енгізілген елді мекендерде ай сайын бір тұтынушыға шаққанда он бес мың теңге деген есеппен жүргізіледі. Бұл ретте, есеп айырысу төлем кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін жүргізіледі.
9 9. Өтеу үшін тұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, тиісті жергілікті атқарушы органдағы ақпараттық жүйе немесе call-орталық арқылы өтінім береді.
Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдау және өңдеу бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
10 10. Жергілікті атқарушы орган есепшоттың және төлем сомасының болуын растау үшін Жеткізушілерге тұтынушылардың тізбесін жібереді.
Жеткізушінің ақпараты еркін нысанда беріледі және тұтынушылардың есепшоты, көрсетілген коммуналдық қызметтердің нақты көлемі және белгіленген тарифтерге сәйкес олардың құны туралы деректерді қамтиды.
11
11. Коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге арналған бюджеттік қаражатты аударуды жоғары тұрған бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі аумағында карантин енгізілген әкімшілік-аумақтың бірліктің төмен тұрған бюджеттерінің кірісіне нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде жүргізеді. Аудару белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
12 12. Жергілікті атқарушы орган тұтынушының есепшотына қаражат аударуды қамтамасыз етеді. Тұтынушының өтінімі және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген Жеткізушілердің ақпараты қаражатты аударуға негіз болып табылады.
13 13. Қаражатты аударуды жергілікті атқарушы орган өтелуге жататын коммуналдық қызметтердің санына тепе-тең жүзеге асырады.
14
14. Тұтынушы коммуналдық қызметтерге төлем жүргізген жағдайда, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте он бес мың теңгеден кем сома болса, Жеткізуші төлемді келесі есептік кезеңге есептей отырып, төлемге қайта есептеу жүргізеді және тұтынушыға төлемді есепке алғаны туралы тиісті хабарлама жібереді.