О дворовых клубах города Алматы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының аула клубтары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 3/885 қаулысымен (2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді). Алматы қалалық Мәслихатының II шақырылған ХХ-шы сессиясының шешiмiне сәйкес, сондай-ақ жастар мен жасөспiрiмдердiң тұрған жерлерiнде жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi алдыңғы кезектегi шараларды жүзеге асыру мақсатында және Алматы қаласындағы мемлекеттiк жастар саясатын өткiзу жолдарын жетiлдiру қажеттiлiгiне байланысты, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қаладағы аула клубтарының ережесi бекiтiлсiн (қосымшасы қоса берiледi).
Тармақ 2
2. Аудан әкiмдерi, Алматы қалалық коммуналдық меншiктi басқару департаментi (Л.И.Никоноров) аулалық клубтарды құру үшiн бос жайларды iздестiрсiн.
Тармақ 3
3. Аудан әкiмдерi олардың ведомстволық аумағындағы аула клубтарының жайларына коммуналдық қызмет көрсетуге көмек берсiн.
Тармақ 4
4. Қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қоры (А.Б.Құдайбергенов) жұмыс iстеп жатқан және жаңадан құрылған аула клубтарына қажеттi жөндеу-құрылыс жұмыстарын қаржыландыруды, аула клубтарының директорларына еңбек жалақысын төлеудi, және қажеттi құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (А.Ж.Нұрланов) аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы қоғамдық жұмыстарға бөлiнген қаражат есебiнен аула клубтарының штаттағы педагогтарына еңбек жалақысын төлеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.З.Мурзинге жүктелсiн.
Басқа 7
Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы "23" желтоқсандағы N 5/812 қаулысына қосымша ҚАЛАЛЫҚ АУЛА КЛУБТАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аула клубы (бұдан әрi - клуб) - мәдени-демалыс, тәрбиелеу ұйымы, Алматы қаласының әрбiр ауданында тұрғылықты жерде жастар және жасөспiрiмдермен белсендi жұмыс жүргiзудi ұйымдастыру мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Клуб Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 1/49 "Жергiлiктi жерде жастар және жасөспiрiмдермен белсендi жұмыс атқару" қаулысы, "Жастар және жасөспiрiмдер" Алматы қалалық мақсатты бағдарламасы , Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 5/734 "Алматы қаласында жастар саясатын бұдан әрi жандандыру туралы шаралар туралы" қаулысы, ҚР Жастар саясатының мемлекеттiк тұжырымдамасы , "Қазақстан жастары" бағдарламасы , осы Ереже, қолданыстағы заңдар негiзiнде жұмыс атқарады.
Тармақ 3
3. Клуб заңды тұлға болып табылмайды, клубтың өзiнiң аталуы және рәмiзi бар.
Тармақ 4
4. Клубтың жұмыс тәртiбi: ерiктiлiк, жариялылық, тазалық, жалпылық.
Тармақ 5
5. Клубтың орналасқан мекенiн тиiстi аудан әкiмi анықтайды.
Тармақ 6
6. Клуб тиiстi аудан әкiмiмен құрылады, ол өзiнiң аумағында осы Клубтың жұмысына жауап бередi.
Тармақ 7
7. Алматы қаласындағы аула клубтарының басқарушылары (бұдан әрi Басқарушы) жетекшiлерi болып Алматы қалалық жастар саясатын дамыту қоры белгiленген, оған 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 1/49 қаулыға сәйкес аула клубтарын ұстауға және оны құруға бөлiнген қаражатты мақсатты пайдалауға бақылау жүктелген.
Тармақ 8
8. Клубтың ағымдағы жұмысын үйлестiрушi осы ауданның әкiмi болып табылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Мақсаты мен мiндетi
2. Мақсаты мен мiндетi
Тармақ 1
1. Ауқаты шағын және жайсыз отбасыларынан шыққан жастар мен жасөспiрiмдердiң әлеуметтiк жағдайын жақсарту.
Тармақ 2
2. Алматы қаласындағы мемлекеттiк жастар саясатын жандандыру жастар мен жасөспiрiмдердiң тұрған жерiнде өткiзу.
Тармақ 3
3. Тұрғылықты жерде жастарды ынталандыру, жастар мен жасөспiрiмдердiң қоғамдағы азаматтық орнын күшейту.
Тармақ 4
4. Жастар мен жасөспiрiмдердiң отансүйгiштiк қасиетiн арттыру.
Тармақ 5
5. Жастар мен жасөспiрiмдердiң мүдделерi бойынша бiрлесуi.
Тармақ 6
6. Жастар мен жасөспiрiмдердiң творчестволық таным, ғылыми, әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыру.
Тармақ 7
7. Жастар мен жасөспiрiмдердiң мәдени-бұқаралық және спорт жұмыстарын жүйелi жүргiзуiнде олардың ортасында салауатты өмiр салтын насихаттау.
Тармақ 8
8. Жастар мен жасөспiрiмдердiң мәдени демалыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 9
9. Жастар мен жасөспiрiмдердiң рухани және мәдени қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Қызметiнiң мақсаты мен мiндеттерi
3. Қызметiнiң мақсаты мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Мүддесi мен бағытына қарай секциялар ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Жастар және жасөспiрiмдермен жан-жақты тәрбие, отансүйгiштiк жұмыстарды өткiзу.
Тармақ 3
3. Жастар мен жасөспiрiмдердiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жергiлiктi тұрған жерлерiнде насихаттау және түсiндiру.
Тармақ 4
4. Мәдени-ағарту жұмыстарын оқыту, пiкiр алмасу, конференциялар, саяхат, мәдени саяхат, дөңгелек үстел, үйiрмелер мен курстарды ұйымдастыру, жарыстар мен байқауларды жүргiзу арқылы насихаттау.
Тармақ 5
5. Жалпы мәдени және спорт жұмыстарын жастар мен жасөспiрiмдердiң қажеттiлiгiне сай қоғамдық пайдалы шараларды және творчестволық байқауларды, көркемөнерпаздар үйiрмелерiн дамыту арқылы жүргiзу.
Тармақ 6
6. Тиiстi аудандарды көрiктендiру жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Осы Ережеге қайшы келмейтiн шаруашылық қызметтердi жүргiзу.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Клубтың ұйымдық құрылымы, жұмысын басқару және жүргiзу жүйесi
4. Клубтың ұйымдық құрылымы, жұмысын басқару және жүргiзу жүйесi
Тармақ 1
1. Клуб мүдделiлiкке және бағыттарға байланысты жүйелердi ұйымдастырады, сондай-ақ директордың басшылығымен аппаратты құрады. Осы жұмысты атқарудағы үйiрмелердiң түрлерiн жасөспiрiмдердiң жергiлiктi жердегi санына байланысты есептеледi.
Тармақ 2
2. Клубты басқарудың жоғары органы аудан әкiмi болып табылады. Ол клубтың қызметiндегi барлық мәселелердi айқындайды.
Тармақ 3
3. Директор клубтың бiрiншi басшысы болып табылады. Оны басқарушы ұсынған аудан әкiмi қызметiне тағайындайды және одан босатады. Директор басқарушы келiсiмi негiзiнде қызметiн атқарады. Осыған сай клубқа берiлген материалдық құндылықтарға, мүлiктерге, жабдықтарға және ақша қаражатына жеке материалдық жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 4
4. Клубтың штат кестесiн аудан әкiмi бекiтедi. Клуб директоры басқарушымен келiсiп, оның құрылымын жүргiзетiн қызметi мен клубтың аталуын белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Директор клуб атынан заңды тұлға ретiнде шарттарға отыра алады.
Тармақ 6
6. Директор аудан әкiмiне және басқарушыға олардың талабы бойынша тоқсан сайын есеп беруге мiндеттi. Клуб штаты Клуб қызметiнiң негiзгi бағыттарына сай құрастырылады.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Клуб қызметiне қатысу
5. Клуб қызметiне қатысу
Тармақ 1
1. Клуб жұмысына қатысу ерiктi түрде орындалады. Осы ауданның жастары мен жасөспiрiмдерiн толық қамтуды көздейдi.
Тармақ 2
2. Клуб қызметiне қатысушылардың жасы 11-17 аралығындағы жастар мен жасөспiрiмдер.
Тармақ 3
3. Клуб қызметiне қатысушылар оның жұмысына белсендi қатысады, сондай-ақ белгiленген тәртiптi орындайды.
Тарау 6
Тармақ 6. 6. Қорытынды ереже
6. Қорытынды ереже Клуб қызметi заңдарға тиiстi тоқтатылуы мүмкiн.