Об установлении размеров дивидендов (доходов) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық коммуналдық меншіктегі акцияларының 100 (жүз) пайыз мемлекеттік пакетімен (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) мөлшері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте, ал еншілес ұйымы (еншілес ұйымдар) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін, «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қоспағанда және «Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының дивидендтінің төленуі мемлекеттік акциялар пакетін сенімгерлік басқару шарты негізінде қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемінің облыстық бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.