Об утверждении Порядка проведения капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума Қолданыста
Басқа 0
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі
жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-23) тармақшаларына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу
тәртібі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 246 бұйрығымен
бекітілген
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу
тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-23) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт – мүліктің меншік иелері бірлестігі/кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен екінші деңгейдегі банк арасында жасалатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектері мен инженерлік жабдықтарын жаңасына немесе неғұрлым берік және үнемдісіне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
Тармақша 3
3) жинақтаушы жарналар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарналары;
Тармақша 4
4) көппәтерлі тұрғын үй мүлік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелерінің бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, пәтерлердің, бір көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 5
5) оператор – мамандандырылған уәкілетті ұйым;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен жағдайда қабылданады.
Жиналыс қабылдаған, хаттамамен ресімделген шешімдер сотта даулы және өзге де мәселелерді қарау кезінде құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне немесе оның жекелеген бөліктеріне күрделі жөндеу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста мынадай:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне немесе оның жекелеген бөліктеріне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы;
Тармақша 2
2) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау туралы шешім қабылдау туралы;
Тармақша 3
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы келісу туралы;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мерзімі туралы шешімдер қабылдайды.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жиналыс шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді және лифтілерді жөндеуді (ауыстыруды) ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеу бойынша ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Оператор пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қайтарған сомаларын қайтарымдылықты қамтамасыз ету шартымен кондоминиумның басқа объектілеріндегі ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізу және лифттерді жөндеу (ауыстыру) үшін пайдаланады.
Тарау 2. 2-тарау. Мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум объектісін басқару субъектісінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум объектісін басқару субъектісінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 7
7. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі күнтізбелік он бес күн ішінде екінші деңгейдегі банктердің бірінде жинақ шотын ашады.
Тармақ 8
8. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың меншік иесі өзіне тиесілі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың пайдалы алаңының бір шаршы метріне есептегенде, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 0,005 еселенген мөлшеріндегі ақшаны ай сайын жинақ шотына аударады.
Тармақ 9
9. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста тұрғын үй заңнамасында көзделген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жарнаның мөлшерінен асатын мөлшерде күрделі жөндеуге жарна белгілеу туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдауға құқылы.
Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.
Тармақ 10
10. Мүлік меншік иелерінің бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі жинақ шоты ашылған екінші деңгейдегі банкке нөмірі мен пайдалы алаңы, сондай-ақ әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша ай сайынғы жарнаның мөлшері көрсетілген әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай, тұрақ орны, қойма бойынша ақпарат береді.
Тармақ 11
11. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, тұрақ орнына, қоймаға меншік құқығы ауысқан кезде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың бұрынғы меншік иесі жинақ шотында жинаған ақшалай қаражаты пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың жаңа меншік иесіне есептеледі.
Тармақ 12
12. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың меншік иесі екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотындағы ақшалай қаражат түріндегі өз үлесін қайтаруды, бөлуді талап етпейді.
Тармақ 13
13. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, тұрақ орнына, қоймаға меншік құқығы ауысқан кезде сатушы күрделі жөндеуге (бар болса) жарналар бойынша берешектің барлық сомасын өтейді.
Тармақ 14
14. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың меншік иесі белгіленген төлем күнінен кейін берешекті өтемеген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысына, кондоминиум объектісін басқару субъектісімен жасалған шартқа немесе жиналыс шешіміне сәйкес берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінеді.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жарналарды төлейтін пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың әрбір меншік иесі өзіне тиесілі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, тұрақ орнынына, қоймаға жинақталған ақша туралы ақпарат алады.
Тармақ 15
15. Жинақ шоттары бойынша ақшаның автоматтандырылған есебі әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, тұрақ орнына, қоймаға бөлінуімен жүргізіледі, сондай-ақ «Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20283 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен жинақ шоты бойынша ақпарат тұрақты түрде жарияланады.
Тармақ 16
16. Мүлік иелерінің бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі түскен ақшаның есебін әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, тұрақ орнына, қоймаға бөлу арқылы өз бетінше жүргізеді және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақшаның жинақталғаны туралы ақпаратты пәтер, тұрғын емес үй-жай, тұрақ орны, қойма иесінің өтініші бойынша қағаз түрінде береді немесе банктік және заңмен қорғалатын басқа да құпияны ашу тәртібіне Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің қойылатын талаптарын сақтай отырып, жалпыға қолжетімді интернет-ресурста орналастырылған электрондық құжат түрінде береді.
Тармақ 17
17. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдауды пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ақшаны кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу мақсаттары үшін ғана талап етуге болады және ол пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің міндеттемелері бойынша кепіл нысанасы бола алмайды. Жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Үй кеңесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ақшаның нысаналы жұмсалуына мониторингтеуді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің, кондоминиум объектісін басқару субъектісінің жинақ шотынан ақшаны жұмсауы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тиісті түрде ресімделген шарттардың негізінде қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырылады.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, кондоминиум объектісін басқару субъектісі, үй кеңесінің мүшелері қол қойған жинақ шотында жинақталған ақшаны мақсатты пайдалану актісі ресімделеді, оған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актісі, төлем сомасы мен күні, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төленген және алынған фактісін растайтын бастапқы бухгалтерлік құжаттардың атауы мен деректемелері көрсетілген төлемдер тізілімі (шетел валютасындағы аударымға өтініштер, кіріс кассалық ордерге түбіртектер, фискалдық чектер, тауар чектері, қабылдау-тапсыру актілері, жүкқұжаттар, жүк кедендік декларациялары) қоса беріледі.
Тармақ 21
21. Жүргізілген күрделі жөндеуге жұмсалған нақты шығындарды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлестеріне мөлшерлес өтейді.
Тармақ 22
22. Көппәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылған және бұзылуға жататын кезінде осы көппәтерлі тұрғын үйде тұратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың иелерінің шешімі бойынша күрделі жөндеуге жинақ шотында ақша қаражатын жинақтамайды.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 23
23. Азаматтардың қауіпсіз тұру жағдайларын қамтамасыз ету үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бұзуға немесе күрделі жөндеуге жататын авариялық тұрғын үйді анықтау мақсатында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады.
Қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді және орталықтандырылған жинақ ақпараттық жүйесінде қорытынды ақпаратты толтырады.
Мемлекеттік бюджет есебінен күрделі жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастыру үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысына бастамашылық жасайды.
Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста мемлекеттік, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген бюджет есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге, лифттерді жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы мынадай мәселелер бойынша:
Тармақша 1
1) мемлекеттік, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген бюджет есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге, лифттерді жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің лифттерін жөндеуге (ауыстыруға) арналған, жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңдардың осы кондоминиум объектісінде орналасқан барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңдарының сомасына қатынасымен айқындалатын, әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін шығыстар сомасын бекіту туралы;
Тармақша 3
3) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қаражатты 7 жылдан 15 жылға дейін қайтару мерзімі туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдауға құқылы. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және өзге де дербес деректер, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың нөмірлері көрсетілген дауыс беру парағы (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың дауыс берген меншік иелерінің тізімі) тұрғын үй заңнамасына сәйкес ресімделеді, сондай-ақ жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес ресімделетін әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сомасының есебі тігіліп, нөмірленеді.
Тармақ 24
24. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері келіскен кезде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне енгізеді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеп-тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және жобалау ұйымын айқындау мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізеді.
Бұл ретте, конкурсты өткізбестен, осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес пайдаланылатын Оператордың қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жобалау ұйымының пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің айқындауына жол беріледі.
Бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде тапсырыс беруші елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеуге шығыстарды көздемейді.
Тармақ 25
25. Жергілікті атқарушы органдар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне мемлекеттік бюджет не бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жүргізеді.
Тармақ 26
26. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бюджеттік кредит алу үшін бюджеттік кредит беретін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік бағдарлама әкімшісімен кредиттік шартқа қол қояды.
Тармақ 27
27. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті құрылымдық бөлімшелері бюджеттік кредит алған кезде көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде айқындайтын ұйыммен кредиттік шарт жасасады.
Тармақ 28
28. Жергілікті атқарушы орган Операторды күтіп-ұстауды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Бюджеттік кредит беру тетігі арқылы бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінген жағдайда жергілікті атқарушы органдар қарыз алушылар болып айқындалатын болады, түпкілікті қарыз алушылар пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері болып табылатын болады.
Тармақ 30
30. Көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуді Оператор осы тәртіпке сәйкес пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы таңдаған мердігерлік ұйымды және техникалық қадағалау жөніндегі ұйымды тарта отырып жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйымға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Тармақша 1
1) күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге III санаттан төмен емес, ал лифт жабдығын ауыстыру үшін лифт жабдығын ауыстыру және орнату бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды тиісті аттестаттаудан өткен лицензияның болуы;
Тармақша 2
2) салық берешегінің болмауы;
Тармақша 3
3) борышкерлердің бірыңғай тізілімінде борышкер мәртебесінің болмауы.
Тармақ 32
32. Оператор күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасымен немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісімен және мердігер ұйыммен күрделі жөндеуді орындауға үш жақты шарт жасасады.
Мердігер ұйым кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, лифтілерді жөндеу (ауыстыру) жұмыстарын шартқа қатаң сәйкестікте орындайды.
Тармақ 33
33. Жүргізілген күрделі жөндеу, лифттерді жөндеу (ауыстыру) үшін қаражатты қайтару сомасын есептеу кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың техникалық сипаттамалары негізінде айқындалады.
Тармақ 34
34. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Ортақ мүлікті күрделі жөндеу бойынша жұмыстар:
Тармақша 1
1) жұмыстың ең аз түрі – бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын түрде орната отырып, тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу, сондай-ақ ғимараттың техникалық мүмкіндігін ескере отырып, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді орта құру;
Тармақша 2
2) жұмыстың ең көп түрі – бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын, үйге ортақ инженерлік желілер мен өрт қауіпсіздігі жүйелерін міндетті түрде орната /қайта жабдықтай отырып, шатыр, кіреберіс, жертөле, қасбетті жөндеу, лифт жабдықтарын (бар болса) жөндеу (ауыстыру), сондай-ақ ғимараттың техникалық мүмкіндігін ескере отырып, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді орта құру.
Лифт жабдығына (бар болса), жертөлеге (инженерлік желілерді қоса алғанда) жөндеу (ауыстыру) жүргізу, сондай-ақ пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысында қабылданған жекелеген жұмыс түрлері жоғарыда жазылғандарға жатпайды.
Тармақ 36
36. Көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінің біріндегі лифтіні ауыстыруды (жөндеуді) ұйымдастыру және қаржыландыру пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған кезінде көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі болған кезде тиісті хаттаманы ресімдей отырып, көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі лифтіні ауыстыру (жөндеу) туралы шешім қабылдайды.
Лифтіні ауыстыру (жөндеу) бойынша шығыстарды төлеуді көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Оператор мердігер ұйымның кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуін және лифтіні ауыстыруын (жөндеуін) мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ авторлық, техникалық қадағалауды орындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарттар жасасуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 38
38. Оператор, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, кондоминиум объектісін басқару субъектісі, үй кеңесі мердігерлік ұйымдардың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді орындау сапасы мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай қызметтердің, жұмыстардың жобалық құжаттама талаптарына сәйкестігін бақылайды.
Тармақ 39
39. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, кондоминиум объектісін басқару субъектісі, үй кеңесі күрделі жөндеу жүргізу барысында жіберілген кемшіліктер анықталған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою үшін мердігерлік ұйымға, сондай-ақ Операторға не жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
Тармақ 40
40. Күрделі жөндеу бойынша көппәтерлі тұрғын үйді қабылдауға және пайдалануға беруге Оператор, мердігер ұйым, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, сондай-ақ үй кеңесі, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі қатысады.
Тармақ 41
41. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін бюджет қаражатының, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген соманың толық өтелуін қамтамасыз етеді.
Бюджет қаражатын, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген қаражатты қайтаруды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс хаттамасына қоса беріліп отырған есепке сәйкес соманы толық өтеу жолымен қамтамасыз етеді.
Тармақ 42
42. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға меншік құқығы ауысқан кезде сатушы пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды күрделі жөндеу үшін өткізу сәтінде мемлекеттік бюджеттен бөлінген, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген ақша қаражаты бойынша ай сайынғы төлемдер берешегінің пайда болған сомасын өтейді.
Тармақ 43
43. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Заңның 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетілетін болады.
Тармақ 44
44. Оператор мемлекеттік бюджет есебінен бөлінген, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген қаражаттың қайтарылуына мониторинг жүргізуді және бақылауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 45
45. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі төлемнің белгіленген күнінен кейін күрделі жөндеу, лифтілерді жөндеу (ауыстыру) бойынша берешекті өтемеген жағдайда оператор жүргізілген күрделі жөндеу үшін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінеді.
Басқа 1. Әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сомасының есебі
Кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкіне күрделі
жөндеу жүргізу тәртібіне
қосымша
Әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сомасының есебі
20____ жылғы «____»_______
Көппәтерлі тұрғын үйдің (бұдан әрі – КПТҮ) орналасқан жері: мекенжайы:________________________________________________________
КПТҮ жалпы ауданы _______ м2
КПТҮ пайдалы алаңы ______ м2
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жалпы сома ____________ теңге;
Қайтару мерзімі _____________ ай.
№
Тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Пәтер
Пәтерге шағылған шығыстар сомасы, барлығы, теңге*
Оның ішінде ай сайын, теңге**
Тұрғын емес үй-жай
Тұрғын емес үй-жайға шағылған шығыстар сомасы, барлығы, теңге
Оның ішінде ай сайын, теңге
№
Пайдалы алаңы, м2
№
Жалпы ауданы, м2
1.
2.
3.
* Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жалпы сома / КПТҮ пайдалы алаңы = КПТҮ 1 м2
Пәтердің пайдалы алаңы х КПТҮ 1 м2 = Пәтерге жұмсалатын шығыстар сомасы, барлығы, теңге
** Пәтерге жұмсалатын шығыстар сомасы қайтару мерзімі = ай сайын, теңге