Об утверждении инструкций, правил, регламентирующих порядок создания, обновления, использования Национальной инфраструктуры пространственных данных Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту туралы «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған: 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру жөніндегі нұсқаулық; 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын жаңартып отыру және пайдалану жөніндегі нұсқаулық; 3-қосымшаға сәйкес Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану жөніндегі қағидалар бекітілсін;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Басқа 1. Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын құру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 сәуірі № 163/НҚ бұйрығына 1-қосымша Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын құру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру тәртібін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 2
2) ашық пайдаланылатын цифрлық картографиялық өнім (бұдан әрі – АП ЦКӨ) – ашық пайдаланылатын карталарға қойылатын талаптарға сәйкес құрылатын, әртүрлі тақырыптық мазмұны бар қалалар мен басқа да елді мекендер мен олардың бөліктерінің цифрлық топографиялық, тақырыптық, арнайы және басқа да карталар түрлері, цифрлық жоспарлары;
Тармақша 3
3) базалық кеңістіктік деректер – кеңістіктік деректерді позициялау үшін қажетті, олардың координаттық негізі және таңдалған кеңістіктік объектілер туралы ақпаратты қамтитын кеңістіктік деректер ресурстарының жалпыға қолжетімді бөлігі;
Тармақша 4
4) дәлдігі жоғары геодезиялық желі (бұдан әрі – ДЖГЖ) – кеңістіктік координаттары іргелі астрономиялық-геодезиялық желі пункттеріне қатысты айқындалатын аралас геодезиялық пункттер арасындағы орташа қашықтығы 150-300 км болатын спутниктік геодезиялық желі;
Тармақша 5
5) дифференциалды геодезиялық станция – белгілі координаттары бар жер бетінің нүктесінде орналастырылған, спутниктік навигациялық жүйелерді пайдалана отырып, геодезиялық жұмыстарды орындау нәтижесінде координаттарды анықтау дәлдігін арттыру үшін қажетті ақпаратты беруді орындайтын электрондық құрылғы;
Тармақша 6
6) квазигеоид – бұл жерүсті геодезиялық өзгерістер негізінде есептелген математикалық қатаң модель және жер беті Жердің физикалық бетін аппроксимациялайтын массаларды бөлу бойынша деректерді тартпай ауырлық күші потенциалдарының мәні;
Тармақша 7
7) кеңістіктік деректер – кеңістіктік-уақытша координаттар жүйесінде анықталған жердегі орынға байланыстырылған кеңістіктік объектілер туралы деректер;
Тармақша 8
8) кеңістіктік деректердің геосервистері (бұдан әрі – геосервистер) – пайдаланушыға геодеректермен жұмыс істеуге арналған құралдарды ұсынатын және дербес өнім немесе қосылатын сервис түріндегі ақпараттық ресурстар;
Тармақша 9
9) мемлекеттік геодезиялық желі (бұдан әрі – МГЖ) – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша біркелкі орналасқан және жергілікті жерде арнайы орталықтармен бекітілген, олардың ұзақ уақыт бойы жоспарда және биіктігі бойынша сақталуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін геодезиялық пункттердің жиынтығы;
Тармақша 10
10) мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесі (бұдан әрі – МКГҚ) – МГЖ, МНЖ және МГрЖ жиынтығы;
Тармақша 11
11) мемлекеттік гравиметриялық желі (бұдан әрі – МГрЖ) – гравиметриялық алаңды және жер фигурасын және олардың уақыт бойынша өзгерістерін зерделеу мақсатында гравиметриялық зерттеулерді орындау үшін негіз болып табылатын, жергілікті жерде арнайы орталықтармен бекітілген гравиметриялық пункттердің жиынтығы;
Тармақша 12
12) мемлекеттік нивелирлік желі (бұдан әрі – МНЖ) – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай биіктік жүйесін таратуға арналған нивелирлік белгілердің жиынтығы және мемлекет экономикасының, ғылымы мен қорғанысының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орындалатын барлық топографиялық түсірілімдер мен инженерлік-геодезиялық жұмыстардың биік негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нивелирлік желісі I, II, III және IV сыныптағы нивелирлік желілерге бөлінеді;
Тармақша 13
13) метадеректер – кеңістіктік деректердің жиынтықтары мен сервистерін сипаттайтын, сондай-ақ оларды каталогтауды, іздестіруді және пайдалануды қамтамасыз ететін ақпарат;
Тармақша 14
14) мультимасштабты карта – масштабтың әр түрлі диапазондарында көрсету кезінде ақпараттың визуалды тұтастығын қамтамасыз ететін динамикалық цифрлық карта;
Тармақша 15
15) объектінің коды – цифрлық картаның объектісіне бір мәнді сәйкес келетін әріптік-цифрлық комбинация;
Тармақша 16
16) объектінің метрикасы – объектінің орналасқан жерін және жоспарлы кескінін сипаттайтын цифрлық топографиялық карта/цифрлық топографиялық жоспар объектісінің құрамындағы ақпараттың бір бөлігі;
Тармақша 17
17) ортофотомозаика – аэроғарыш жүйесі нәтижесінде алынған бірнеше жалғыз ортофотосуреттерден тұратын бірыңғай, жіксіз және тоналды теңдестірілген сурет;
Тармақша 18
18) рекогносцировка – МГЖ, МНЖ және МГрЖ пункттерінің оңтайлы жағдайын таңдау мақсатында жергілікті жерді тексеру және қарау;
Тармақша 19
19) семантика – тіл құрылымының мәнін айқындайтын ережелер мен келісімдер жүйесі, объектінің мәні мен қасиеттерін сипаттайтын цифрлық топографиялық карта/цифрлық топографиялық жоспар (бұдан әрі – ЦТК/ЦТЖ) объектісінің құрамындағы ақпараттың бөлігі;
Тармақша 20
20) спутниктік геодезиялық желі (бұдан әрі – СГЖ) – координаттары математикалық өңдеуден кейінгі спутниктік геодезиялық бақылау негізінде анықталатын жер бетінде бекітілген геодезиялық пункттер желісі;
Тармақша 21
21) уәкілетті орган – геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 22
22) Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы (бұдан әрі – ҰКДИ) – нысаны, орналасқан жері мен қасиеттері туралы мәліметтерді қамтитын, картографиялық негізде көрсетілген, оның ішінде координаттар пайдаланыла отырып ұсынылған кеңістіктік объектілер туралы деректер;
Тармақша 23
23) іргелі астрономиялық-геодезиялық желі (бұдан әрі – ІАГЖ) – координаттары координаттардың геоцентрикалық кеңістіктік жүйесінде айқындалатын шектес геодезиялық пункттер арасындағы орташа қашықтықтағы 650-1000 километр СГЖ;
Тармақша 24
24) цифрлы топографиялық карта/цифрлы топографиялық жоспар объектісі – нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес цифрлы топографиялық картаға/цифрлы топографиялық жоспарға (бұдан әрі – ЦТК/ЦТЖ) бейнелеу үшін міндетті болып табылатын жергілікті жердің объектісін бейнелейтін картографиялық ақпараттың құрылымдық бірлігі.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру тәртібі
2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру тәртібі
Тармақ 3
3. ҰКДИ құру МКГҚ жаңғырту және ҰКДИ енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. МКГҚ жаңғырту мыналардан тұрады:
Тармақша 1
1) МГЖ жаңғырту: іргелі астрономиялық-геодезиялық желі; жоғары дәлдіктегі геодезиялық желі; 1 және 2-сыныпты астрономиялық-геодезиялық желі; 3 және 4-сыныпты қоюландыру геодезиялық желісі.
Тармақша 2
2) МНЖ жаңғырту: І сыныпты мемлекеттік нивелирлік желі; ІІ сыныпты мемлекеттік нивелирлік желі; ІІІ-ІV сыныптардағы мемлекеттік нивелирлік желі.
Тармақша 3
3) МГрЖ жаңғырту: мемлекеттік іргелі гравиметриялық желі; 1-сыныпты мемлекеттік гравиметриялық желі.
Тармақ 5
5. Спутниктік технологияларды қолдана отырып мемлекеттік координаттар жүйесін орнату.
Тармақ 6
6. МКГҚ жаңғырту кезеңдері келесі процестерді қамтиды:
Тармақша 1
1) Техникалық жобаларды жасау;
Тармақша 2
2) жергілікті жерді рекогносцировкалау;
Тармақша 3
3) МГЖ, МНЖ және МГрЖ пункттерін тексеру және қалпына келтіру;
Тармақша 4
4) МГЖ, МНЖ және МГрЖ пункттерін салу;
Тармақша 5
5) дифференциалды геодезиялық станцияларды монтаждау (орнату);
Тармақша 6
6) геодезиялық, гравиметриялық өлшеу, нивелирлеу;
Тармақша 7
7) математикалық өңдеу (теңестіру);
Тармақша 8
8) техникалық есептерді жасау;
Тармақша 9
9) координаттар мен биіктіктердің, гравиметриялық өлшеулердің каталогтарын жасау. МГЖ, МНЖ және МГрЖ жаңғырту кезінде жергілікті жердің геодезиялық зерттелуіне байланысты өткізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Техникалық жобаларды жасау мынадай бөлімдерді қарастырады:
Тармақша 1
1) кіріспе;
Тармақша 2
2) объектілердің физикалық-географиялық сипаттамасы;
Тармақша 3
3)объектінің топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық және картографиялық қамтамасыз етілуі;
Тармақша 4
4) өндіріс технологиясы және жобаланатын жұмыстардың көлемі;
Тармақша 5
5) объектідегі ұйымдастыру-тарату жұмыстары;
Тармақша 6
6) жұмыстарды орындау кестесі;
Тармақша 7
7) жұмыстарды бақылау және қабылдау;
Тармақша 8
8) объектіде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы;
Тармақша 9
9) есеп айырысу-сметалар.
Тармақ 8
8. МГЖ, МНЖ және МГрЖ пункттерінің жағдайын алдын ала тексеру таңдау мақсатында жергілікті жерде рекогносцировкалау жүргізіледі.
Тармақ 9
9. МГЖ, МНЖ және МГрЖ пункттерін тексеру және қалпына келтіру топографиялық, геодезиялық және инженерлік іздестіру жұмыстарын, сондай-ақ жерсеріктік анықтамаларды орындау кезінде пайдалану үшін олардың жергілікті жерде сақталуын тексеру және жұмыс жағдайында ұстау мақсатында жүргізіледі. Тексеруге және қалпына келтіруге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) 1, 2, 3 және 4-сыныпты МГЖ пункттері;
Тармақша 2
2) І, ІІ, ІІІ және IV сыныптағы МНЖ белгілері;
Тармақша 3
3) 1-сыныпты МГрЖ пункттері.
Тармақ 10
10. МГЖ, МНЖ және МГрЖ пункттерін салу жергілікті жерде белгінің ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін инженерлік құрылымды (орталықты) бекіту жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Дифференциалды геодезиялық станцияларды монтаждау (орнату) ІАГЖ және ДЖГЖ пункттерінде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Геодезиялық өлшеулер МГЖ құру кезінде кейіннен оларды теңестіру үшін МГЖ барлық пункттерінің координаттарын анықтаудан тұрады. Нивелирлеу МНЖ желілерінің биіктігін анықтаумен сәйкес дәлдік класын өлшеуді орындауды қарастырады, оларды МНЖ құру кезінде кейіннен теңестіру үшін. Гравиметриялық өлшеулер абсолюттік және салыстырмалы өлшеулердің мәндерін анықтаудан тұрады, МГрЖ құру кезінде оларды кейіннен теңестіру үшін.
Тармақ 13
13. МГЖ, МНЖ және МГрЖ математикалық өңдеу (теңестіру) өрістік есептеулер, алдын ала есептеулер және желілерді теңестіру кіреді. МГЖ барлық желілері International Terrestrial Reference System (координаттардың Халықаралық Жер жүйесі) координаттарының халықаралық жүйесінде теңестіруге жатады. МГЖ, МНЖ және МГрЖ өңдеу нәтижелері бойынша тиісті аумаққа квазигеоид биіктік картасы жасалады.
Тармақ 14
14. Жоғарыда көрсетілген үдерістер аяқталғаннан кейін МГЖ, МНЖ және МГрЖ желілерінің түрлері бойынша техникалық есептер жасалады.
Тармақ 15
15. Координаттар мен биіктіктер каталогтарын, гравиметриялық өлшеулерді құрастыру келесі бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) каталогқа түсініктеме;
Тармақша 2
2) гравиметриялық өлшеудің координаталары, биіктіктері және мәндерінің тізімі;
Тармақша 3
3) орталықтар типтерінің сызбалары;
Тармақша 4
4) алфавиттік көрсеткіш;
Тармақша 5
5) нивелирлік желінің сұлбасы.
Тармақ 16
16. Спутниктік технологияларды қолдана отырып мемлекеттік координаттар жүйесі МГГҚ жаңғырту нәтижесінде белгіленеді. Спутниктік технологияларды қолдана отырып мемлекеттік координаттар жүйесі бекітілгенге дейін 1984 жылғы Дүниежүзілік геодезиялық координаттар жүйесінде (World Geodetic System 1984) ашық пайдаланылатын картографиялық материалдар қолданылады. Бұл ретте уәкілетті орган ұсынатын немесе далалық өлшеулермен анықталған өту параметрлері (кілттері) пайдаланылады.
Тармақ 17
17. ҰКДИ енгізілуі тұрады:
Тармақша 1
1) 1:25 000 масштабтағы топографиялық карталарды және 1:2 000 масштабтағы қалалар мен аудан орталықтарының жоспарларын Қазақстан Республикасының мультимасштабты картасына қайта құру;
Тармақша 2
2) аэроғарыштық түсірілім материалдарын Қазақстан Республикасының бірыңғай ортофотомозаикасына қайта құру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық жүйесін құру;
Тармақша 4
4) базалық кеңістіктік деректер бойынша ақпараттық жүйе құру.
Тармақ 18
18. 1:25 000 масштабтағы топографиялық карталарды және 1:2 000 масштабтағы қалалар мен аудан орталықтарының жоспарларын Қазақстан Республикасының мультимасштабты картасына түрлендіруіне жатады:
Тармақша 1
1) техникалық жобаларды жасау;
Тармақша 2
2) картографиялық материалдарды жинау және жүйелеу;
Тармақша 3
3) цифрлық топографиялық карталарды және жоспарларды ашық пайдаланылатын цифрлы карталарына және ашық пайдаланылатын цифрлы жоспарларына конвертациялау;
Тармақша 4
4) метадеректерді жасау;
Тармақша 5
5) АП ЦКӨ сараптамасы;
Тармақша 6
6) ашық пайдаланылатын цифрлы карталарының және ашық пайдаланылатын цифрлы жоспарларының координаталарын бір жүйесінен басқасына трансформациялау;
Тармақша 7
7) бірыңғай мультимасштабты картаны дайындау;
Тармақша 8
8) техникалық есептерді жасау.
Тармақ 19
19. Аэроғарыштық түсірілім материалдарын Қазақстан Республикасының бірыңғай ортофотомозайкасына түрлендіру мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) аэроғарыштық түсірілім материалдарын жинау және жүйелеу;
Тармақша 2
2) фотограмметриялық жұмыстар;
Тармақша 3
3) ортофотопландарды координаталардың бір жүйесінен екіншісіне ауыстыру;
Тармақша 4
4) бірыңғай ортофотомозаиканы дайындау.
Тармақ 20
20. МКГҚ деректерін қабылдау, өңдеу, сақтау және геосервистерді ұсыну үшін көзделген мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық жүйені құру «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Бірыңғай картографиялық негізді қабылдау, өңдеу, сақтау және геосервистерді ұсыну үшін көзделген базалық кеңістіктік деректер бойынша ақпараттық жүйені құру «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. ҰКДИ құру процестерін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету және нәтижелерге қол жеткізу үшін уәкілетті органның техникалық тапсырмасы бойынша орындалатын жобаны басқару көзделеді.
Тарау 3. 3-тарау. Ашық пайдаланылатын цифрлық картографиялық өнімдерді ұстау
3-тарау. Ашық пайдаланылатын цифрлық картографиялық өнімдерді ұстау
Тармақ 23
23. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, АП ЦКӨ мазмұнын қалалардың топографиялық карталары мен жоспарлары құрайды.
Тармақ 24
24. АП ЦКӨ мазмұнынан таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа қатысты мәліметтер де алынып тасталады:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік объектілердің, қоймалар мен базалардың сипаттамасы нақтылаусыз беріледі. Бұндай объектілерге өнеркәсіптік аймақ немесе база ретінде түсіндірме қол қойылады;
Тармақша 2
2) күрделі мұнаралардың және басқа биік құрылыстардың биіктігі;
Тармақша 3
3) шекара маңындағы аудандардағы автожолдардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) үлкен еңісті және бұрылыс радиусы аз жол учаскелерін белгілеу;
Тармақша 5
5) карьерлердің, террикондардың, үйінділердің, үймелердің, ойықтардың, дамбалардың, шұңқырлардың, бөгендердің, жағалау біліктерінің, жарлардың, жыралардың және ойықтардың биіктігі, тереңдігі;
Тармақша 6
6) өту және жергілікті жердің шолуы жағдайларының мәтіндік сипаттамасы;
Тармақша 7
7) жасанды карниздердегі тау жолдары (соқпақтар) учаскелерінің сипаттамасы);
Тармақша 8
8) ормандардың сандық және сапалық сипаттамасы (ағаш тұқымдарын қоспағанда), соқпақтардың ені;
Тармақша 9
9) жолдардан тыс жерде жүріп өту шарты;
Тармақша 10
10) көпірлердің ұзындығы мен енінен басқа барлық түрлерінің сипаттамасы (көтергіш, ажыратылатын, балқитын, шынжырлы немесе аспалы көпірлер ашық пайдалану карталары мен жоспарларында кәдімгі көпірлердің шартты белгісімен бейнеленеді);
Тармақша 11
11) темір жолдардың тіреуіш қабырғалары;
Тармақша 12
12) гидротораптардың, қолданыстағы су қоймаларының, арналардың, бөгеттердің, шлюздердің (енін қоспағанда) сипаттамасы, гидротораптардың, бөгеттер мен шлюздердің әрекет ету уақыты;
Тармақша 13
13) өзендер мен көлдердің төгілу ұзақтығы және өзендердің ағу жылдамдығы, кеме қатынайтын көлдерден басқа су қоймалары түбінің тереңдігі мен рельефі, батпақтың тереңдігі;
Тармақша 14
14) жергілікті әскери басқару органдарынан, аудандық пайдалану бөлімдерінен, әскери оқу орындарынан басқа әскери объектілер;
Тармақша 15
15) әкімшілік ғимараттардың атауларын нақтылау (мысалы, әкімдік, «Министрліктер үйі»).
Тармақ 25
25. Топографиялық карталар 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000, 1:200 000, 1:500 000 және 1: 1 000 000 масштабтарда мемлекеттік координаттар жүйесінде бекітілген Шартты белгілер бойынша жасалады. Спутниктік технологияларды қолдана отырып мемлекеттік координаттар жүйесі бекітілгенге дейін 1984 жылғы Дүниежүзілік геодезиялық координаттар жүйесінде (World Geodetic System 1984) ашық пайдаланылатын картографиялық материалдар қолданылады. Бұл ретте уәкілетті орган ұсынатын немесе өрістік өлшеулермен анықталған өту параметрлері (кілттері) пайдаланылады.
Тармақ 26
26. Топографиялық карталар келесі негізгі міндеттерді шешуге арналған:
Тармақша 1
1) 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 масштабтағы карталары – жергілікті жерді егжей-тегжейлі зерделеу және бағалау, жергілікті жерде мақсатты көрсету және бағдарлау, жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау, елді мекендерді салу мен қайта жаңартуды, өнеркәсіптік, гидроэнергетикалық және жол құрылысын қамтамасыз ету, трассаларды таңдау және құбыржолдарды төсеу, байланыс және электр беру желілерін, ірі масштабты геологиялық түсіру және іздестіру-барлау жұмыстарын, мелиорациялық жүйелерді тікелей жобалау, жерге орналастыру және орман орналастыруды, жер қойнауы объектілерінің координаттарын анықтау үшін;
Тармақша 2
2) 1:200 000 және 1:500 000 масштабтағы карталары – жергілікті жерді зерттеу және бағалау, жаңа қалаларды, көлік магистральдарын жоспарлау және алдын ала жобалау, пайдалы қазбалар кен орындарын, экономика салаларының ірі объектілерін әзірлеу, мелиорация және жаңа ауыл шаруашылығы жерлерін игеру, аумақты жалпы геологиялық картографиялау, орман шаруашылығы мен табиғи қорықтар мен қаумалдарды ұйымдастыру, авиация ұшуларын дайындау және жүзеге асыру үшін;
Тармақша 3
3) 1:1 000 000 масштабтағы карта – жергілікті жерді жалпы бағалау және ірі географиялық аудандардың (үлкен өңірлердің) табиғи жағдайларын зерделеу, аумақтық-өндірістік кешендерді бас жоспарлау, табиғи ресурстарды игеру, мемлекеттік және облыстық маңызы бар ірі құрылыстарды құру, авиация ұшуларын жүзеге асыру, табиғатты қорғау үшін.
Тармақ 27
27. АП ЦКӨ құруды бұрын құрылған геодезиялық, топографиялық және картографиялық материалдармен және деректермен қайталауды болдырмау мақсатында уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. АП ЦКӨ құру екі әдіспен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) осы Нұсқаулықтың 23-24-тармақтарында көзделген мәліметтерді бастапқы ЦТК мен ЦТӨ мазмұнынан алып тастау әдісімен;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулықтың 23-24-тармақтарында көзделген мәліметтерді көрсетпей, цифрлық аэроғарыштық түсірілім материалдары бойынша стереотопографиялық түсіру әдісімен жүргізіледі.
Тармақ 29
29. желілік, нүктелі және алаңдық объектілерді жою кезінде АП ЦКӨ ұстаудың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін аталған объектілер орналасқан аумақ учаскелерін бүркемелеу орындалады. Әрбір учаске үшін бүркемелеу тәсілі жеке анықталады.
Тармақ 30
30. АП ЦКӨ құру кезінде объектілерге және сипаттамаларға мынадай талаптар қойылады:
Тармақ 31
31. Толық ақпаратты сипаттау: АП ЦКӨ көрсетілуге жататын объектілері мазмұнының элементтері бойынша бөлінуі тиіс және тиісті векторлық қабатқа салынады:
Тармақша 1
1) рельеф;
Тармақша 2
2) гидрография және гидротехникалық құрылыстар;
Тармақша 3
3) елді мекендер;
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік-мәдени объектілер;
Тармақша 5
5) жол желісі және жол құрылыстары;
Тармақша 6
6) өсімдік жамылғысы мен топырақтары;
Тармақша 7
7) шекаралар мен қоршаулар. АП ЦКӨ объектілері мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) АП ЦКӨ объектісінің сәйкестендіру коды;
Тармақша 2
2) АП ЦКӨ объектісінің семантикасы;
Тармақша 3
3) АП ЦКӨ объектісінің метрикасы. АП ЦКӨ объектісінің семантикасы оның сандық және сапалық сипаттамалары туралы деректерді қамтиды. Цифрлы карта/цифрлы жоспар объектісінің семантикасын сипаттаудың және оның цифрлық көрінісінің АП ЦКӨ құрамында сәйкестігін қамтамасыз етеді. АП ЦКӨ объектісінің метрикасын қалыптастыру тәсілі оны сипаттау үшін қабылданған объектілерді оқшаулау сипатымен айқындалады. Локализацияның сипаты келесілердің бірі болуы мүмкін: дискретті, сызықты, алаңдық. АП ЦКӨ құру кезінде объектілердің метрикалық келісілуі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 32
32. Мазмұны бойынша да, нысаны бойынша да қазіргі заманғы күйде АП ЦКӨ ұстау: АП ЦКӨ мынадай өлгемшарттарды ескере отырып жаңартылады:
Тармақша 1
1) қазіргі заман деңгейі ЦТК/ЦТЖ;
Тармақша 2
2) жергілікті жердегі өзгерістер;
Тармақша 3
3) АП ЦКӨ мазмұнын АП ЦКӨ-ның айырбастау форматының стандарттарына сәйкес қайта құру.
Тармақ 33
33. АП ЦКӨ объектілерінің метрикасының дәлдігін және дәл сондай масштабтағы ЦТК/ЦТЖ-ға қойылатын талаптарға сәйкестігін сақтау.
Тармақ 34
34. АП ЦКӨ құрамындағы объектілердің метрикасын сипаттау кезіндегі ақпараттың келісілуі:
Тармақша 1
1) жапсарлас (қиылысатын) объектілердің жалпы нүктесінің болуын қамтамасыз ете отырып, объектілердің жанасу немесе қиылысу орындарында;
Тармақша 2
2) жанасу бөлігіндегі шекаралардың метрикасының ортақтығын қамтамасыз ете отырып, іргелес алаңдық объектілердің жанында;
Тармақша 3
3) түйіскен кесіндіде желілік объект осінің метрикасы мен алаңдық объектінің шекарасы ортақтығының ортақтығын қамтамасыз ете отырып, шекарасы желілік объектілер бойымен өтетін алаңдық объектілердің жанында;
Тармақша 4
4) ішінара немесе толық сәйкес келетін желілік объектілер үшін, осьтік сызықтардың олардың сәйкес келу учаскелерінде метрикасының ортақтығын қамтамасыз ете отырып.
Тармақ 35
35. Құрылатын АП ЦКӨ-де мемлекеттік шекараның дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері аталған объектінің бейнесі бар барлық бастапқы картографиялық өнімдерді бақылауға ұсынады.
Тармақ 36
36. Құрылып жатқан АП ЦКӨ-де географиялық объектілер атауларының дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры жүргізетін географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы пайдаланылады.
Басқа 2. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын жаңартып отыру және пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы « » № бұйрығына 2-қосымша Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын жаңартып отыру және пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын жаңартып отыру мен пайдалану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ашық пайдаланудағы базалық кеңістіктік деректер негізінде Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын цифрлық түрде жаңартып отыру мен пайдалану тәртібін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 2
2) кеңістіктік деректер – кеңістіктік-уақытша координаттар жүйесінде анықталған жердегі орынға байланыстырылған кеңістіктік объектілер туралы деректер;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кәсіпорын – мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
Тармақша 4
4) метадеректер – кеңістіктік деректердің жиынтықтары мен сервистерін сипаттайтын, сондай-ақ оларды каталогтауды, іздестіруді және пайдалануды қамтамасыз ететін ақпарат;
Тармақша 5
5) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы – нысаны, орналасқан жері мен қасиеттері туралы мәліметтерді қамтитын, картографиялық негізде көрсетілген, оның ішінде координаттар пайдаланыла отырып ұсынылған кеңістіктік объектілер туралы деректер.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын жаңартып отыру тәртібі
2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын жаңартып отыру тәртібі
Тармақ 3
3. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (бұдан әрі – ҰКДИ) жаңартуды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылатын картографиялық өнім, Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың деректері мен материалдары және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау (бар болса) негізінде мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігі «Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 33/НҚ бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қаңтарда № 19939 болып тіркелген) реттеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын пайдалану тәртібі
3-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын пайдалану тәртібі
Тармақ 5
5. Жеке және заңды тұлғалардың ҰКДИ кеңістіктік деректеріне, метадеректер мен кеңістіктік деректердің сервистеріне қол жеткізуін мемлекеттік кәсіпорын ұсынады. Кеңістіктік деректер мен ҰКДИ метадеректері орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға өз өкілеттіктерін өтеусіз негізде іске асыру үшін беріледі.
Тармақ 6
6. ҰКДИ-дағы кеңістіктік деректер спутниктік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік координаттар жүйесінде сақталады және өңделеді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау ҰКДИ-дегі өзекті деректерді тұрақты алу мүмкіндігімен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасынан тыс жерлердегі ақпараттық жүйелермен интеграциялау ҰКДИ-дегі өзекті деректерді тұрақты алу мүмкіндігімен «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. ҰКДИ кеңістіктік деректер базалық кеңістіктік деректер жиынтығына жиналады. Базалық кеңістіктік деректер уақыт бойынша кеңістіктік жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленетін және басқа кеңістіктік объектілерді жайғастырудың негізімен қызмет ететін ашық жариялауға рұқсат етілген цифрлық деректер ретінде анықталған.
Басқа 3. Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану жөніндегі қағидалар
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы « » № бұйрығына 3-қосымша Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану жөніндегі қағидалар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) базалық кеңістіктік деректер – кеңістіктік деректерді позициялау үшін қажетті, олардың координаттық негізі және таңдалған кеңістіктік объектілер туралы ақпаратты қамтитын кеңістіктік деректер ресурстарының жалпыға қолжетімді бөлігі;
Тармақша 2
2) геоақпараттық жүйе – Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер мен нақты әлемнің құбылыстары туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, сақтауды және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) интероперабельділік – интерфейстері толық ашық өнімнің немесе жүйенің басқа өнімдермен немесе жүйелермен қол жеткізу мен іске асыруға ешқандай шектеусіз өзара іс-қимыл жасау және жұмыс істеу қабілеті;
Тармақша 4
4) кеңістіктік деректер – кеңістіктік-уақытша координаттар жүйесінде анықталған жердегі орынға байланыстырылған кеңістіктік объектілер туралы деректер;
Тармақша 5
5) кеңістіктік деректердің геосервистері (бұдан әрі – геосервисттер) – пайдаланушыға геоденттермен жұмыс істеуге арналған құралдарды ұсынатын және дербес өнім немесе қосылатын сервис түрінде бар ақпараттық ресурстар;
Тармақша 6
6) мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесі (бұдан әрі – МГрЖ) –МГЖ, МНЖжәне МГрЖ жиынтығы;
Тармақша 7
7) мемлекеттік геодезиялық желі (бұдан әрі – МГС) – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша біркелкі орналасқан және жергілікті жерде арнайы орталықтармен бекітілген, олардың ұзақ уақыт бойы жоспарда және биіктігі бойынша сақталуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін геодезиялық пункттердің жиынтығы;
Тармақша 8
8) мемлекеттік гравиметриялық желі (бұдан әрі – МГрЖ) – гравиметриялық алаңды және Жер фигурасын және олардың уақыт бойынша өзгерістерін зерделеу мақсатында гравиметриялық зерттеулерді орындау үшін негіз болып табылатын, жергілікті жерде арнайы орталықтармен бекітілген гравиметриялық пункттердің жиынтығы;
Тармақша 9
9) мемлекеттік кәсіпорын – мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
Тармақша 10
10) мемлекеттік нивелирлік желі (бұдан әрі – МНЖ) – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай биіктік жүйесін таратуға арналған нивелирлік белгілердің жиынтығы және елдің экономикасының, ғылымы мен қорғанысының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орындалатын барлық топографиялық түсірілімдер мен инженерлік-геодезиялық жұмыстардың биік негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нивелирлік желісі I, II, III және IV сыныптағы нивелирлік желілерге бөлінеді;
Тармақша 11
11) метадеректер – кеңістіктік деректердің жиынтықтары мен сервистерін сипаттайтын, сондай-ақ оларды каталогтауды, іздестіруді және пайдалануды қамтамасыз ететін ақпарат;
Тармақша 12
12) ортофотомозика – аэро - немесе ғарыштық түсірілім нәтижесінде алынған және өзара жабу аймағы бар жалғыз ортофотосуреттер жиынтығынан тұратын бірыңғай сурет;
Тармақша 13
13) салалық кеңістіктік деректер – орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін іске асыру үшін қажетті салалық тиістілік кеңістіктік объектілер туралы деректер;
Тармақша 14
14) тақырыптық кеңістіктік деректер – өзінің кәсіби қызметі (шаруашылық, ғылыми, оқу және өзге де) шеңберінде құқықтық қатынастар субъектілері құратын кеңістіктік деректер;
Тармақша 15
15) Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы (бұдан әрі – ҰКДИ) – нысаны, орналасқан жері мен қасиеттері туралы мәліметтерді қамтитын, картографиялық негізде көрсетілген, оның ішінде координаттар пайдаланыла отырып ұсынылған кеңістіктік объектілер туралы деректер.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру тәртібі
2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру тәртібі
Тармақ 3
3. ҰКДИ мемлекеттік координаттар жүйесін белгілей отырып, мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асыратын карталар мен жоспарларды ашық пайдаланылатын картографиялық өнімге айналдыра отырып, МКГҚ, оның ішінде МГЖ, МНЖ және МГрЖ жаңғырту жолымен құрылады.
Тармақ 4
4. МКГҚ деректері және ашық пайдаланылатын картографиялық өнім мемлекеттік координаттар жүйесінде спутниктік технологияларды қолдана отырып құрылады, сақталады және мемлекеттік кәсіпорынмен ақпараттық жүйелер арқылы таратады.
Тармақ 5
5. Карталар мен жоспарларды ашық пайдаланылатын картографиялық өнімде қайта құру нәтижесінде барлық жалпы мемлекеттік, салалық, тақырыптық, өңірлік және жергілікті геоақпараттық жүйелерді, әртүрлі мақсаттағы кадастрларды құру және жүргізу кезінде пайдалану үшін міндетті бірыңғай картографиялық негіз болып табылатын базалық кеңістік деректері қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Ашық пайдаланудағы базалық кеңістік деректерінде мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратқа жатқызылатын мәліметтер болмайды.
Тармақ 7
7. Салалық кеңістіктік деректер геодезия, географиялық ақпарат саласындағы стандарттау саласындағы құжаттарда айқындалатын бірыңғай форматтар, деректер құрылымдары бойынша белгілі бір салада (ведомстволарда) қолданылады.
Тармақ 8
8. ҰКДИ базалық кеңістіктік деректері мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ортофотомозаика;
Тармақша 2
2) геодезиялық негіз;
Тармақша 3
3) әкімшілік шекаралар;
Тармақша 4
4) ғимараттар мен құрылыстар;
Тармақша 5
5) көлік желісі;
Тармақша 6
6) гидрография;
Тармақша 7
7) өсімдік;
Тармақша 8
8) мекенжайлар.
Тарау 3. 3-тарау. Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын жаңартып отыру тәртібі
3-тарау. Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын жаңартып отыру тәртібі
Тармақ 9
9. ҰКДИ жаңартуды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылатын картографиялық өнім, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының деректері мен материалдары және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау (бар болса) негізінде мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Заңның 12-бабына сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметін жүзеге асыратын субъектілер, өздері жасаған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректері көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының авторлық құқықтарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына тегін беруге міндетті. Интеграциялау және деректермен алмасу шарттарын қамтамасыз ету мақсатында кеңістіктік деректер «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекітетін геодезия және картография, географиялық ақпарат саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарда айқындалатын бірыңғай форматтар, деректер құрылымдары бойынша ұсынылады.
Тармақ 11
11. Кеңістіктік деректер салалық және тақырыптық кеңістіктік деректерге бөлінеді.
Тармақ 12
12. Мәліметтер мен геосервистердің интероперабельділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз ету тәртібі «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекітетін геодезия және картография, географиялық ақпарат саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарда айқындалады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік кәсіпорын ҰКДИ-на жатқызылуға жататын деректерді анықтау үшін кеңістіктік деректер көздеріне түгендеу жүргізеді, кеңістіктік деректер қатысушыларының, ҰКДИ-ның метадеректері мен сервистерінің сәйкестендірілуі мен мәртебесін қамтамасыз ететін ҰКДИ анықтамаларын, жіктеуіштері мен тізілімдерін жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын пайдалану тәртібі
4-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын пайдалану тәртібі
Тармақ 14
14. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстардың тапсырыс берушілері және (немесе) орындаушылары болып табылатын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері Заңның 10-бабына сәйкес бұрын құрылған геодезиялық, топографиялық және картографиялық материалдар мен деректерді пайдаланады.
Тармақ 15
15. ҰКДИ жүргізу және пайдалану мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) спутниктік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік координаттар жүйесін бірыңғай пайдалану;
Тармақша 2
2) базалық кеңістіктік деректерді бірыңғай пайдалану;
Тармақша 3
3) әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік басқарудың, экономика салаларын цифрландырудың басым міндеттерін шешуге ҰКДИ құру және дамыту процестерінің бағыныстылығы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, кадастрларды құру кезінде кеңістіктік объектілердің координаттық сипаттамасы;
Тармақша 5
5) кеңістіктік деректердің өзектілігі, дұрыстығы, толықтығы, тұтастығы және белгіленген дәлдігі;
Тармақша 6
6) бірыңғай нормативтік техникалық құжаттар мен стандарттар негізінде кеңістіктік деректердің үйлесімділігі;
Тармақша 7
7) геосервистердің интероперабельділігі, кеңістіктік деректер, олардың метадеректері;
Тармақша 8
8) техникалық регламенттерді, ҰКДИ ұлттық стандарттарын тиісті халықаралық стандарттармен үйлестіру;
Тармақша 9
9) барлық мүдделі субъектілер үшін базалық кеңістіктік деректердің, олардың метадеректерінің ашықтығы мен қолжетімділігі.