О порядке снятия юридическими лицами наличных денег с банковских счетов, снятия наличных денег сверх установленных предельных размеров и предоставления в Министерство финансов Республики Казахстан информации о снятии юридическими лицами наличных денег сверх установленных предельных размеров Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу, белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алу және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңды тұлғалардың белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуы туралы ақпаратты ұсыну тәртібі туралы «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 308 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармалары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20494 болып тіркелген «Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері және банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттары туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 50 қаулысына (бұдан әрі – № 50 қаулы) сәйкес белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңды тұлғалардың белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуы туралы ақпаратты ұсынудың мынадай тәртібі айқындалсын:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымының бір клиентінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімдері ағымдағы күнтізбелік ай ішінде № 50 қаулыға сәйкес белгіленген мөлшерден аспайтын сомаға, оның ішінде ағымдағы күнтізбелік айда бұрын орындауға қабылданған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімнің (өтінімдердің) сомасын ескере отырып орындалады;
Тармақша 2
2) санаттары № 50 қаулыда айқындалған, банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алудың шекті мөлшері жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғаларды қоспағанда, күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етілетін сома мөлшерін арттыруға жиынтығында мына талаптарды сақтаған кезде рұқсат беріледі: банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттардың болуы; заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) деректерді беруге келісімді ұсынуы; заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымының мемлекеттік кірістер органынан белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің жоқтығы туралы мәліметтер алуы;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымы қолма-қол ақшаны алуға өтінім берілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде мемлекеттік кірістер органына заңды тұлғаның банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды және банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірі болуға тиіс өтінімді жібереді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік кірістер органы осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген мәліметтер мен құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымына белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық нысанда жібереді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік кірістер органы тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, мынадай: төмен тәуекел дәрежесі бойынша – қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болмауы туралы; жоғары тәуекел дәрежесі бойынша – қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы туралы шешімдердің біреуін шығарады. Заңды тұлға белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күнінен астам мерзім болуы және мемлекеттік кірістер органынан белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтердің болмауы белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны беру үшін негіз болып табылады;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 5) тармақшасын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 136-бабының 1-тармағында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану үшін конфиденциалды ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді;
Тармақша 7
7) № 50 қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап № 50 қаулы қолданысқа енгізілген күнтізбелік ай аяқталғанға дейінгі кезеңде заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақша алуы № 50 қаулыда белгіленген сома мөлшерінің шегінде жүзеге асырылады;
Тармақша 8
8) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтерді жібереді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлғалардың банктік шоттарынан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етілген шегінде белгіленген сома мөлшерінен асырған заңды тұлғаларды айқындау үшін заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары және банктік шоттардан қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған заңды тұлғалар бөлігінде бизнес сәйкестендіру нөмірлері негізінде осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деректерді жинақтайды. Жиынтық деректер тәуекелдерді басқару жүйесінде пайдалану үшін мемлекеттік кірістер органына және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары осы қаулыда көзделген заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу тәртібін сақтауын бақылау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне электрондық нысанда жіберіледі.
Тармақ 2
2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылады. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы __________М. Абылкасымова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі __________А. Смаилов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы __________Е. Досаев КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2020 жылғы «____» ____________
Басқа 0. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірі № 51 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 сәуірі № 54 қаулыларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 сәуірі № 435 бұйрығына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет ресурсында орналастырылған Күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексі: СНД ЮР Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: 20____ жылғы «_____»____________ жағдай бойынша Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары. Ұсыну мерзімі: ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей. Нысан Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымының БСН _________________ мың теңге №№ Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымының клиенті туралы ақпарат БСН Атауы Субъект түрінің коды ЭҚЖЖ коды Заңнамада көзделген қолма-қол ақшаны алудың айлық лимиті Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымы белгілеген қолма-қол ақшаны алудың бір айлық лимиті 1 2 3 4 5 6 7 Кестенің жалғасы Есепті айда алынған сома Алынған жиынтығы Оның ішінде қолма-қол шетел валютасы Оның ішінде өңірлер бойынша Нұр-Сұлтан қ. Алматы қ. Шымкент қ. Ақмола облысы Ақтөбе облысы Алматы облысы Атырау облысы 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Кестенің жалғасы Есеп­ті ай­да алын­ған со­ма Оның ішін­де өңір­лер бой­ын­ша Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Жам­был об­лы­сы Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Қо­ста­най об­лы­сы Қы­зы­лор­да об­лы­сы Маң­ғы­стау об­лы­сы Пав­ло­дар об­лы­сы Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Түр­кі­стан об­лы­сы 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 Атауы________________ Мекенжайы_______________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық поштасының мекенжайы _____________________________ Орындаушы_______________________________________ ___________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны Бас бухгалтер немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам __________________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол нысанға қол қоюға уәкілеттік берген адам ___________________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________ Күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер (индексі – СНД ЮР, кезеңділігі – ай сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі мәліметтер» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымы әр айдың біріндегі жағдай бойынша ай сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе Нысанға қол қоюға уәкілетті адамдар қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тармақ 6
6. Нысанда заңды тұлғалардың, оның ішінде өңірлер бойынша банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуы туралы ақпарат қамтылады.
Тармақ 7
7. Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше келісілмесе, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 8
8. 1-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғалардың операциялары бойынша хабарламаның реттік сандық нөмірі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын ақпарат көрсетіледі. Операцияның реттік нөмірі хабарламалар ұсынылған күнтізбелік ай ішінде сандық форматтағы «1» санынан бастап, өсу ретімен қалыптасады.
Тармақ 9
9. 2-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның бас бөлімшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 3-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның бас бөлімшесінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 4-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің түрінің коды көрсетіледі: Код – 01 заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектісіне беріледі; Код – 04 заңды тұлға орта кәсіпкерлік субъектілері үшін беріледі; Код – 07 заңды тұлға ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін беріледі.
Тармақ 12
12. 5-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның бас бөлімшесінің ЭҚЖЖ кодтары көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 6-бағанда осы қаулының 1-тармағында айқындалған күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды шектеудің ай сайынғы сомасы көрсетіледі: 20 000 000 (жиырма миллион) теңге – егер заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылса; 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге – егер заңды тұлға орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылса; 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге – егер заңды тұлға ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылса.
Тармақ 14
14. 7-бағанда заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымы белгілеген күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды шектеудің ай сайынғы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 8-бағанда қолма-қол шетел валютасын (операцияны жасаған күнгі нарықтық бағам бойынша теңгедегі баламасы) қоса алғанда, сондай-ақ корпоративтік банктік карталарды қолдана отырып, оның ішінде заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшелерін (филиалдары мен басқаларды) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алудың жалпы нақты сомасы көрсетіледі. Бұл бағанның сомасы 10-26 бағандарының сомасына тең болуға тиіс.
Тармақ 16
16. 9-бағанда заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшелерін (филиалдары мен басқаларды) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол шетел валютасын алудың нақты сомасының (операция жасаған күнгі нарықтық бағам бойынша) баламасы теңгемен көрсетіледі. Баламасы теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 10 – 26-бағандарда қолма-қол шетел валютасын (операцияны жасаған күнгі нарықтық бағам бойынша теңгедегі баламасы) қоса алғанда, сондай-ақ корпоративтік банктік карталарды қолдана отырып, оның ішінде заңды тұлғаның аймақтар бойынша оқшауландырылған бөлімшелерін (филиалдары мен басқаларды) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алудың жалпы нақты сомасы көрсетіледі.