Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Павлодарской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру егізу туралы» № 235 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарықтағы айналымы үшін оларды шығаруының келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
Тармақша 1
1) шарттары: мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жылы – 2020 жыл; бағалы қағаздардың түрі – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың жергілікті атқарушы органымен шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар; мемлекеттік бағалы қағаздардың айналым мерзімі – 22 ай; сыйақының пайыздық мөлшерлемесі – жылына 4,25%; қарызгердің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен негізгі қарызды өтеу айналым мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі;
Тармақша 2
2) көлемі – 6 000 000 000 (алты миллиард) теңгеден аспайды;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсаты – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Арыноваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.