О расширении перечня нозологий, при лечении которых лекарственные средства по рецептам врачей отпускаются бесплатно Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Емдеу кезiнде дәрiгерлер рецебi бойынша тегiн берiлетiн дәрi-дәрмек құралдарының нозологиялық тiзбесiн кеңейту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 07.03.2006 N 1/200 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 19 мамыр 1997 жылғы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 5 мамыр 2002 жылғы N 674 "Ауру түрлерi бойынша дәрiлiк құралдармен және тұрғындардың жеке категориясын емдiк тағамдар мен балаларға арналған азық-түлiкпен қамтамасыз ету шаралары туралы" Қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 18 қыркүйек 2000 жылғы N 1555 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 5 мамыр 2002 жылғы N 674 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қаулысының негiзiнде Алматы қалалық денсаулық сақтау бюджетiнде қаралған қаражат шеңберiнде 2003 жылы тұрғындарды тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн Алматы қаласының Әкiмшiлiгi қаулы қабылдады:
Тармақ 1
1. N 1 қосымшаға сәйкес, дәрiгерлер рецебi бойынша амбулаторлық емдеудегi ауру категориясына тегiн дәрi-дәрмектiк көмек көрсетiлу үшiн ауру түрлерi категориясының қосымша тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Алматы қ. Денсаулық сақтау департаментi (В. Девятко) тұрғындарды дәрi-дәрмектiк құралдармен және балаларды арнаулы азық-түлiк, емдiк тағамдарымен қамтамасыз етуде жоғарыда көрсетiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларын және осы Қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Бұл қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.З. Мурзинге жүктелсiн.
Басқа 4
Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 5/812 қаулысына N 1 қосымша Емдеу кезiнде дәрiгерлер рецебi бойынша тегiн берiлетiн ауру категориясындағы амбулаториялық емдеу кезiндегi дәрi-дәрмек құралдарының қосымша тiзбесi
Тармақ 1
1. Жүректiң ишемиялық ауруы
Тармақ 2
2. Созылмалы гепатит пен бауыр циррозы
Тармақ 3
3. Артроз пiшiнiнiң бұзылуы
Тармақ 4
4. Цереброваскулярлық аурулар
Тармақ 5
5. Асқазан мен ұлтабардың ойшық жарасы
Тармақ 6
6. Созылмалы панкреатит
Тармақ 7
7. Жүрек соғысының бұзылуы
Тармақ 8
8. Венаның варикозды кеңеюi
Тармақ 9
9. Қабынған склероз
Тармақ 10
10. Катаракта
Тармақ 11
11. Глаукома