О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бесқарағай ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 22/7-VI «Бесқарағай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-7-122 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға тарайды.