Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қармақшы аудандық мәслихатының келесі нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 115 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5986 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 115 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 176 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6393 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Қармақшы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 сәуірі № 323
шешіміне қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі-Тәртіп) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын (Байқоңыр қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоса алғанда) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
Тармақша 1
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
Тармақша 2
2) тұрғын үйдің меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.
Тармақ 3-1
3-1. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) және «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3-2
3-2. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Тармақ 3-3
3-3. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Бөлімнен құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 4
4. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік бөлім және/немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Тармақша 2
2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 4
4) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 5
5) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
Тармақша 6
6) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) банктік шоты;
Тармақша 8
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
Тармақша 9
9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 10
10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 11
11) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 4-1
4-1. Бөлім арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 4-2
4-2. Осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бөлім қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 4-3
4-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 4-4
4-4. Бөлім өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 4-5
4-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал не Бөлім арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 4-6
4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Бөлім немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
Тармақ 6
6. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының Қармақшы ауданы тұрғындары үшін 12 пайыз, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 70 киловатт;
2 адамға – 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға – 210 киловатт.
Тармақша 2
2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:
4 адамға дейін – 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға – 20 килограмм.
Тармақша 3
3) Отын пайдалану от жағу маусымына:
отбасына (азаматқа) айына – 1 тонна.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін:
Тармақша 4
4) ыстық және салқын су - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
Тармақша 5
5) жалпы үй қажеттіліктері – ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
Тармақша 6
6) тұрғын үйдi күтiп ұстау ай сайын:
1 адамға - 18 шаршы метр;
жалғыз басты қарттар мен мүгедектер үшiн - 30 шаршы метр;
Тармақша 7
7) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға - 18 шаршы метр;
жалғыз басты қарттар мен мүгедектер үшiн – 30 шаршы метр;
Тармақша 8
8) тұрмыстық қалдықтар шығару - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
Тармақша 9
9) кәрiз қызметтерi - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
Тармақша 10
10) лифт - әр отбасына тариф бойынша.
Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқысшығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
Тармақ 9
9. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есепшоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.