Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа» Қолданыста
Басқа 0
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық),
қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 567 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19163 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық),
қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын
және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 20___ жылғы
2020 жылғы 29 сәуірі
№ 251
бұйрығымен
бекітілген
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық),
қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын
және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік алған және тасымалдаушылар мен тиісті жергілікті атқарушы органдар арасындағы жасалатын жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарын жасаған жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 3
3. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
Тармақша 2
2) маршрут – белгілі бір бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген жүру жолы.
Тармақ 4
4. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсету) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 5
5. 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 № 98 бұйрығымен.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
📌 Ескерту. 5-тармақтың үшінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа
енгізіледі - ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 № 98 бұйрығымен.
Өтінішті өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші өтініш ЕЛ МДҚ келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақтың жетінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа
енгізіледі - ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 № 98 бұйрығымен.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн құрайды.
Тармақ 7-1
7-1. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (бұдан әрі – Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары) талаптарына сәйкестігін қарайды.
Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес өтініш пен ұсынылған құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкестігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақыт бойынша қосарланған маршруттар автобустары арасындағы жоспарланған жүру интервалын құрайтын шартты қарайды және кенттер, ауылдар арасындағы аудан орталықтарымен және аудан орталықтары облыс орталығымен және облыстық маңызы бар өзге де жақын орналасқан қалалармен байланыс басымдылығын басшылыққа алады.
Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарламаны ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 8-1
8-1. Тізбенің 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 9-1
9-1. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 11
11. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
21.04.2022 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Басқа 1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтініш
Жолаушылар мен багажды
автомобильмен қалалық
(ауылдық), қала маңындағы
және ауданішілік тұрақты
тасымалдау маршруттарын және
қозғалыс кестелерiн бекiту
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтініш
Тармақ 1
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік):
Тармақша 1
1) куәлік нөмірі №: ________;
Тармақша 2
2) берілген күні (күні, айы, жылы): __________;
Тармақша 3
3) қолдану мерзімі (күні, айы, жылы): __________;
Тармақша 4
4) куәлікті берген жергілікті атқарушы органы: ___________.
Тармақ 2
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты (бұдан әрі - шарт):
Тармақша 1
1) шарт нөмірі №: ________;
Тармақша 2
2) берілген күні (күні, айы, жылы): __________;
Тармақша 3
3) қолдану мерзімі (күні, айы, жылы): __________;
Тармақша 4
4) шартты жасасқан жергілікті атқарушы органы: ___________.
Тармақ 3
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау қатынасының түрі (бұдан әрі – қатынас түрі):
Тармақша 1
1) қалалық (ауылдық) □;
Тармақша 2
2) қала маңындағы □;
Тармақша 3
3) ауданішілік □.
Тармақ 4
4. Маршруттың атауы: бастапқы пункттің атауы __________, соңғы пункттің атауы __________.
Тармақ 5
5. Қозғалыс кестесі: бастапқы пункттен жөнелту уақыты ____________, соңғы пункттен жөнелту уақыты ___________.
Тармақ 6
6. Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасы қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға қызметті жүзеге асыру немесе жеке әрекеттердің мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
*Осы өтініштің 4 және 5-тармақтары бойынша мәліметтерді толтырған кезде бір бастапқы пункттен жөнелту уақытын және бір соңғы пункттен жөнелту уақытын көрсете отырып, бір маршруттың атауы көрсетіледі.
Қалалық (ауылдық) немесе қала маңындағы қатынастарда елді мекенде орналасқан аялдама пункттерінің атаулары көрсетіледі.
Ауданішілік қатынастарда маршруттың бастапқы және соңғы пункттерінде орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.
Аралық пункттер, олар бар болғанда маршрут схемасында және қозғалыс кестесінде көрсетіледі.
Басқа 2. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жолаушылар мен багажды
автомобильмен қалалық
(ауылдық), қала маңындағы
және ауданішілік тұрақты
тасымалдау маршруттарын
және қозғалыс кестелерiн
бекiту қағидаларына
2-қосымша
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары
2.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы)
портал арқылы.
3.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
4 (төрт) жұмыс күні
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электронды (ішінара автоматтандырылған)
5.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарлама, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі
6.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7.
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) өтініш;
2) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттар схемасы;
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша қозғалыс кестесі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
9.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш және Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
10.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Басқа 3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы № _____ хабарлама
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы № _____ хабарлама
Берілетін уақыты мен күні: 20 ____ жылғы «___» _______
Көрсетілетін қызметті алушы: __________________________________
(жеке сәйкестендiру нөмiрi /
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту»
Куәліктің көмірі №: ________
Шарттың нөмірі №: ________
Қатынас түрі: ___________
Маршруттың атауы
Қозғалыс кестесі
бастапқы пункті
соңғы пункті
бастапқы пункттен жөнелту уақыты
соңғы пункттен жөнелту уақыты
Статус: Бекітілді
Хабарлама берген жергілікті атқарушы орган: ____________________
_________________________________________________________________
Басқа 4. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы №____ хабарлама
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы №____ хабарлама
Берілетін уақыты мен күні: 20 ____ жылғы «___» _______
Көрсетілетін қызметті алушы: __________________________________
(жеке сәйкестендiру нөмiрi/
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту»
Куәліктің көмірі №: ________
Шарттың нөмірі №: ________
Қатынас түрі: ___________
Маршруттың атауы
Қозғалыс кестесі
бастапқы пункті
соңғы пункті
бастапқы пункттен жөнелту уақыты
соңғы пункттен жөнелту уақыты
Статус: Бас тартылды
Негізі: ______________________________________________________
_________________________________________________________________
Хабарлама берген жергілікті атқарушы орган: ____________________
_________________________________________________________________