Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 154 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарықтағы айналымы үшін оларды шығарудың келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты белгіленсін:
Тармақша 1
1) шарттары: мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл; бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар; мемлекеттік бағалы қағаздардың айналым мерзімі - 12 жылға дейін; сыйақының пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 6,1%; қарыз бойынша сыйақыны төлеу - жылына 1 рет; негізгі қарызды төлеу - қарыз алушының бастамасы бойынша алдын ала өтеу құқығымен қарыз мерзімінің соңында;
Тармақша 2
2) көлемі – 54 180 000 000 (елу төрт миллиард жүз сексен миллион) теңгеден артық емес;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсаты – төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде анықталған Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Е. Рахметқалиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.