Об утверждении Правил и размеров оказания социальной поддержки специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населённых пунктах Сарыагашского района, по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы №39-375-VI «Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2019 жылғы 01 шілдеде №5116 тiркелген және 2019 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Сарыағаш аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшері
Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 50-445-VI шешімен бекітілген Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшері
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1)ағымдағы шот – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоты шарты негізінде ашатын шот;
Тармақша 2
2)коммуналдық қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтер (сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару және т.б.);
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2-бөлім. Коммуналдық қызметтер төлеміне және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен өлшемі
2-бөлім. Коммуналдық қызметтер төлеміне және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен өлшемі
Тармақ 4
4. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен, мамандардан өтініштер талап етілместен, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер (бұдан әрі – тізім) негізінде, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар немесе «Қазпошта» АҚ-ның аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына ақшалай түрде аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет, 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына Сарыағаш ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Мамандарға коммуналдық қызметтерге төлем және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді қабылдау мерзімі мамандардың тізімі (бұдан әрі – тізім) келіп түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мемлекеттік ұйымдары ұсынған тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) Сарыағаш ауданының аумағынан тыс аумақта тұрған;
Тармақша 2
2) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған болса, жыл ішінде қайталап жүгінген жағдайларда көрсетілмейді.
Тармақ 10
10. Егер мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, уәкілетті орган мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын 3 (үш) жұмыс күні үшінде әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту жөнінде хабардар етеді. Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға арналған әлеуметтік қолдауды мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы көрсетеді.