Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысынажәне төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 13 мамырдағы №2 хаттамасына сәйкес, Жетісай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округі, Қоғалы елді мекеніне, Жылы су ауылдық округі Мырзашоқы, Сейфуллин елді мекендерінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Маханбетов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. «Жетісай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.