Об утверждении Правил присвоения квалификационных категорий медицинским и фармацевтическим работникам Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санаттарын беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" N 389-І , 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" N 111-І Заңдарын, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысын орындау үшiн және медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санаттарын беру жүйесiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санаттарын беру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi мамандарды бiлiктiлiк санатын беруге аттестациялауды өткiзудiң ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы мiндетiн атқарушының 2001 жылғы 1 маусымдағы N 530 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Медициналық ғылым және бiлiм департаментiнiң директоры Н.Хамзинаға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәтiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санатын беру ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 1071 бұйрығымен бекiтiлген Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санатын беру ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" N 389-І , 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" N 111-І Заңдарының, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысының негiзiнде әзiрленген Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санатын беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнде жұмыс iстейтiн жоғары және орта кәсiптiк бiлiмдi мамандардың бiлiктiлiк санаттарын алудың тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Бiлiктiлiк санатын алу үшiн жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық бiлiм қажет.
Тармақ 3
3. Бiлiктiлiк санаты денсаулық сақтаудың мемлекеттiк жүйесiнде жұмыс iстейтiн мамандарға, ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге, денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес секторында жеке медицина практикасымен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын мамандарға (бұдан әрi - мамандар) берiледi. Бiлiктiлiк санаттарын берудi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы дәрiгерлiк және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасында көзделген мамандықтар тiзбесiне сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi мынадай үш бiлiктiлiк санаты бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) екiншi санат;
Тармақша 2
2) бiрiншi санат;
Тармақша 3
3) жоғары.
Тармақ 5
5. Маман негiзгi, сол сияқты қоса атқаратын қызметтерiне сәйкес мамандықтар бойынша бiлiктiлiк санатын алуына болады.
Тармақ 6
6. Қызметкерлерге берiлген бiлiктiлiк санаты бес жыл бойы сақталады. Бұл мерзiм өтiп кетiп және кезектегi бiлiктiлiк санатын беру рәсiмiнен өтпеген жағдайда бар санаттың күшi жойылады.
Тармақ 7
7. Бiлiктілік санатын беру кезiнде дәйектiлiктi сақтау керек: екiншi, бiрiншi, жоғары санаттар, ғылыми дәрежелерi бар адамдардан басқа, мыналарға:
Тармақша 1
1) медицина және фармацевтика ғылымдарының кандидаттарына осы мамандығы бойынша кәсiби талаптарына сай кем дегенде 8 жыл (ауылдық жерде - кем дегенде 6 жыл) жұмыс стажы болған кезде екiншi емес, бiрден бiрiншi санат берiледi;
Тармақша 2
2) медицина және фармацевтика ғылымдарының докторларына осы мамандығы бойынша кәсiби талаптарына сай кем дегенде 11 жыл (ауылдық жерде кем дегенде 9 жыл) жұмыс стажы болған кезде екiншi мен бiрiншi емес, бiрден жоғары санат берiледi.
Тармақ 8
8. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы қызметтермен айналысуға жiберiлген медициналық бiлiмi жоқ мамандарға бiлiктiлiк санатын беру осы Ереженiң талаптарына сай жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Бiлiктiлiк санатына үмiткер мамандар уәкiлеттi органға өтiнiш бередi.
Тармақ 10
10. Маман өтiнiмге мыналарды қоса беруге мiндеттi:
Тармақша 1
1) ұйым басшысы бекiткен, жұмысы мен азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне өзiнiң қосқан үлесiн сипаттайтын көрсеткiштердi талдай отырып, соңғы үш жылдағы өндiрiстiк қызметi туралы есебiн (ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң немесе ғылыми-зерттеу институттары, оқу ұйымдары дәрiгерлерiнiң есебiне рецензияны осы мекеменiң басшысы беруге тиiс);
Тармақша 2
2) нотариус куәландырған дипломның көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) нотариус куәландырған бiлiктiлiгiн көтеруден өткенi туралы куәлiктiң көшiрмелерiн;
Тармақша 4
4) ұйым басшысы қол қойған және мөр басылған өндiрiстiк мiнездемесiн;
Тармақша 5
5) жұмыс орны бойынша ұйымның басшысы растаған, жарияланған мақалаларының тiзiмiн;
Тармақша 6
6) мамандығы бойынша жұмыс стажының болуын растайтын құжаттардың көшiрмесiн;
Тармақша 7
7) нотариус куәландырған бiлiктiлiк санатын беру туралы куәлiктiң көшiрмесiн.
Тармақ 11
11. Уәкiлеттi орган осы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен құрылатын мамандандырылған бiлiктiлiк комиссиясының ұсынымы негiзiнде өтiнiш жасалған бiлiктiлiк санатын беру немесе оны бермеу туралы шешiм шығарады.
Тармақ 12
12. Маман бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген жағдайда, оған бiлiктiлiк санаты берiлмейдi.
Тармақ 13
13. Егер қызметкерге өтiнiш жасаған бiлiктiлiк санаты берiлмесе, ол бұрынғы санатында қалады.
Тармақ 14
14. Бiлiктiлiк санатын беру рәсiмдерiне байланысты даулар қолданыстағы заңға сәйкес қарастырылады.
Тармақ 2. 2. Бiлiктiлiк талаптары
2. Бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 15
15. Бiлiктiлiк санаттарын алу кезiнде кәсiби бiлiктiлiгi, құзыреттiлiгi, атқаратын қызметiне сәйкес лауазымдық мiндеттерiн орындау қабiлеттiлiгi, жүйелi түрде бiлiктiлiгiн арттыруы бағаланады.
Тармақ 16
16. Екiншi бiлiктiлiк санаты сол мамандық бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс стажы бар, ал ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн - кем дегенде үш жыл жұмыс стажы бар, мынадай кәсiби талаптарға сай келетiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне берiледi:
Тармақша 1
1) маманның бiлiктiлiк талаптарымен көзделген мамандықтар бойынша тиiстi бiлiмi мен практикалық дағдылары болуға тиiс;
Тармақша 2
2) жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi маманның мамандығы бойынша соңғы 5 жылда кем дегенде бiр жарияланымы болуға тиiс, ал ауылдық жерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары есептеледi;
Тармақша 3
3) маман соңғы 5 жыл iшiнде кәсiбi бойынша жалпы көлемде кем дегенде 144 сағат (курстар, циклдер, тағылымдама), белгiленген үлгiдегi құжатты берумен расталған бiлiктiлiк арттыру мен қайта даярлаудан өтуге тиiс.
Тармақ 17
17. Бiрiншi бiлiктiлiк санаты сол мамандық бойынша кем дегенде сегiз жыл жұмыс стажы бар, ал ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн - кем дегенде алты жыл жұмыс стажы бар, мынадай кәсiби талаптарға сай келетiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне берiледi:
Тармақша 1
1) маманның бiлiктiлiк талаптарымен көзделген мамандықтар бойынша тиiстi бiлiмi мен практикалық дағдылары болуға тиiс;
Тармақша 2
2) жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi маманның мамандығы бойынша соңғы 5 жылда кем дегенде 2 жарияланымы болуға тиiс, ал ауылдық жерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары есептеледi;
Тармақша 3
3) маман соңғы 5 жыл iшiнде кәсiбi бойынша жалпы көлемде кем дегенде 144 сағат (курстар, циклдер, тағылымдама), белгiленген үлгiдегi құжатты берумен расталған бiлiктiлiк арттыру мен қайта даярлаудың бiр түрiнен өтуге тиiс.
Тармақ 18
18. Жоғары бiлiктiлiк санат сол мамандық бойынша кем дегенде он бiр жыл жұмыс стажы баp, ал ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн - кем дегенде тоғыз жыл жұмыс стажы бар мынадай кәсiби талаптарға сай келетiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне берiледi:
Тармақша 1
1) маманның бiлiктiлiк талаптарымен көзделген мамандықтар бойынша тиiстi бiлiмi мен практикалық дағдылары болуға тиiс;
Тармақша 2
2) жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi маманның мамандығы бойынша соңғы 5 жылда кем дегенде 3 жарияланымы болуға тиiс, ал ауылдық жерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары есептеледi;
Тармақша 3
3) маман соңғы 5 жыл iшiнде кәсiбi бойынша жалпы көлемде кем дегенде 144 сағат (курстар, циклдер, тағылымдама), белгiленген үлгiдегi құжатты берумен расталған бiлiктiлiк арттыру мен қайта даярлаудың бiр түрiнен өтуге тиiс.