Об утверждении Типовых правил приема граждан в учебные заведения начального профессионального образования Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.11.29. N 587 Бұйрығымен. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) осы бұйрықты меншік нысандарына қарамастан, барлық кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Кәсіптік бастауыш және орта білім департаменті (Қ.А.Лекер) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының "Қазақстан Республикасының кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 11 қазандағы N 741 бұйрығы тоқтатылсын.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды қабылдаудың үлгі ЕРЕЖЕСІ
Білім және ғылым Министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 903 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды қабылдаудың үлгі ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1. 1. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды қабылдаудың шарты
1. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды қабылдаудың шарты
Тармақ 1
1. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына негізгі жалпы білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, өзге мемлекеттердің азаматтары болып табылатын, қазақ тұлғалары (қазақ диаспорысының) жекелеген мамандықтар бойынша жалпы орта білім базасында қысқартылған оқу мерзімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар қабылданады. Шетел мемлекеттерінің басқа азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар бастауыш кәсіптік білім беретін орындарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша халықаралық шартпен, қабылданады.
Тармақ 2
2. Кәсіптік бастауыш білім беру оқу орындарына оқуға түсуші барлық азаматтар тең құқықты пайдаланады.
Тармақ 2. 2. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтардың құжаттарын қабылдау тәртібі
2. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтардың құжаттарын қабылдау тәртібі
Тармақ 3
3. Кәсіптік бастауыш білім беретін орындарында қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады және қабылдау комиссиясы 1 маусымнан кешікпей жұмысын бастайды. Қабылдау комиссиясының құрамын, жұмыс тәртібін оқу орнының басшысы бекітіп және қабылдаудан екі ай бұрын жариялайды.
Тармақ 4
4. Құжаттарды тапсыру тәртібі мен мерзімін кәсіптік бастауыш білім беру оқу орындары белгілейді.
Тармақ 5
5. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына түсушілер басшының атына таңдап алған мамандығы көрсетілген өтінішке қоса тапсырылады: білім туралы құжаты (түпнұсқа), 086/У нысандағы медициналық анықтама (1 және 2 топтағы мүгедектер үшін және бала кезінен мүгедектерге-жергілікті атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау жағының анықтамасы), 3х4 см өлшеміндегі төрт фотосурет. Түсушілер жеке куәлігін, төлқұжатын немесе туу туралы куәлігін, немесе оны алмастырушы құжатын табыс етеді. Шарт негізінде (ақылы) түсуші азаматтардың өтініштері бөлек тіркеледі және ескеріледі.
Тармақ 3. 3. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды есепке алу тәртібі
3. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды есепке алу тәртібі
Тармақ 6
6. Азаматтарды кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орнына есепке алу мынадай іріктеудің бірін жүргізу арқылы іске асырылады:
Тармақша 1
1) түсушінің білім туралы құжаттарындағы көрсетілген бағаларды ескере отырып, іріктеу жүргізу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік және орыс тілінде әңгімелесу;
Тармақша 3
3) дайындық бейініне сәйкес, жекеленген жалпы білім беретін пәндер бойынша бақылау жұмыстары;
Тармақша 4
4) құралдары, ғылыми тығыз және жаңа технологияларды өндіруді оқытумен байланысты, ерекше күрделі мамандықтар бойынша топтарға түсетіндерді тестілеу;
Тармақша 5
5) білім беруді мемлекеттік стандарттау және тестілеудің Ұлттық орталығының технологиясы жөнінде жүргізілген мемлекеттік сертификатын балл есебімен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу кезінде кешенді тестілеуден өткен азаматтардың қатарынан іріктеу. Іріктеу өткізу үлгісін кәсіптік бастауыш білім беру орындары белгілейді.
Тармақ 7
7. Қабылдануда біркелкі көрсеткіштер көрсеткен жағдайда есепке алуға артық құқығы бар: орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық бөлімдерінің алғашқы кәсіптік білім беру оқу орындарында оқуға болады деген қорытындысына орай жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, және орта білім туралы ерекше құжаттары (куәлік, аттестат) бар тұлғалар.
Тармақ 8
8. Азаматтарды кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына қабылдау жеке мамандықтары мен кәсіптері бойынша, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Азаматтарды кәсіптік бастауыш білім беру оқу орнына қабылдау комиссиясының хаттамасымен ресімделіп, басшының бұйрығымен бекітіледі. Сонан соң азаматтарды сабақ басталуға кемінде жеті күн қалғанда құлақтандырады.
Тармақ 10
10. Бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарының күндізгі (сырттай) оқитын бөлімдеріне азаматтарды қабылдау 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Тармақ 11
11. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орнына қабылданбаған азаматтарға қабылдау комиссиясының шешімі шыққан соң 5 күн ішінде құжаттары қайтарылады.
Тармақ 12
12. Азаматтарды кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орнына қабылдауға байланысты барлық мәселені қабылдау комиссиясы шешеді.
Тармақ 13
13. Апелляция қабылдау комиссиясына беріледі және апелляциялық комиссиямен қаралады, қабылдау комиссиясының шешімін хабарлағаннан кейін бір тәулік ішінде қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі.
Тармақ 14
14. Берілген кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес, меншік түрлеріне қарамастан, өзінің азаматтарды қабылдау ережелерін білім беру ұйымдарының құрылтайшыларымен келісе отырып әзірлейді және құжаттарды қабылдау бастаудан бір ай бұрын баспасөзге жариялайды.
Тармақ 15
15. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына қабылдау ережелері туралы ақпарат, сондай-ақ қабылдау комиссиясының шешімдері оқуға түсушілерге уақытында жеткізіліп тұруы керек.
Тармақ 16
16. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарына азаматтарды қабылдауға шығу комиссияларын ұйымдастыру аймақтық білім беру ұйымдарының құрылтайшыларымен келісіледі.
Тармақ 17
17. Азаматтарды қабылдаудың үлгі ережелерінде көрсетілмеген мәселелер, кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарындағы қабылдау комиссияларымен дербес шешіледі.