Об изменении границ некоторых сельских округов и образования Урумкайского сельского округа Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір селолық округтердің шекараларын өзгерту және Ұрымқай селолық округін құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, облыстық әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және Щучье ауданы әкімі мен аудандық мәслихатының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі шешім етті:
Тармақ 1
1. Облыстық әкімшілік-аумақтық құрылымына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: Веденовка және Успеноюрьевка селолық округтерінің шекаралары Николаевка, Райгородок селоларын Веденовка селолық округінің қарамағынан Успеноюрьевка селолық округінің әкімшілік қарамағына беру арқылы өзгертілсін, орталығы Успеноюрьевка селосы; Ұрымқай, Дмитриевка, Ынталы, Кіндікқарағай, Күлстан, Қарашілік, Красный Кордан, Көрнекті селоларының шекарасында Ұрымқай селолық округі құрылсын, орталығы Ұрымқай селосы; Успеноюрьевка селолық округінің шекарасы Ұрымқай, Дмитриевка, Ынталы, Кіндікқарағай, Күлстан селоларын Успеноюрьевка селолық округінің қарамағынан Ұрымқай селолық округінің әкімшілік қарамағына беру арқылы өзгертілсін, орталығы Ұрымқай селосы. Климовка селолық округінің шекарасы Қарашілік, Красный Кордан, Көрнекті селоларын Климовка селолық округінің қарамағынан Ұрымқай селолық округінің әкімшілік қарамағына беру арқылы өзгертілсін, орталығы Ұрымқай селосы.
Тармақ 2
2. Шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелгеннен соң күшіне енеді.