О некоторых вопросах поддержки субъектов малого предпринимательства Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың кейбір мәселелері туралы Ескерту: Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 26-10-637қ қаулысымен. ____________________________________ "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы N 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Заңының 5-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574  Жарлығыменбекітілген 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" атты Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Астана қаласы Мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсанындағы N 201/39-II "2003 жылдың Астана қаласының бюджеті туралы" шешімін іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" (бұдан әрі - Орталық) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының (бұдан әрі - Бизнес-инкубатор) өндірістік алаңдарын жеңілдікпен жалға беру Қағидасы бекітілсін. <*> 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы  N 3-1-478қ қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Астана-инновация" Бизнес-инкубаторының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі комиссия мына құрамда құрылсын: <*> 📌 Ескерту. Комиссия құрамы өзгертілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы  N 3-1-547ққаулысымен. Жоламан Рүстем            - Астана қаласы Экономика және шағын Қабидоллаұлы                бизнесті дамыту департаментінің директоры, комиссия төрағасы; Комиссия мүшелері: Сухотин                    - "Астана қаласының Коммуналдық Александр Владимирович       меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы; Мұқанов Елтай Жанәбілұлы   - Астана қаласы Қаржы департаментінің бастығының орынбасары; Ережепова Ләззат           - Астана қаласы бойынша Салық Рахымжанқызы                 комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Өмірзақов                  - Астана қаласы Мәслихатының депутаты Тұрсынбек Қазенұлы           (келісім бойынша); Казанцев                   - Астана қаласы кәсіпкерлерінің Павел Олегович               құқықтарын қорғау қауымдастығының президенті (келісім бойынша); Кононова                   - Астана қаласы Сауда-өнеркәсіптік Татьяна Ильинична            палатасының төрағасы (келісім бойынша); Әлібеков Абзал Советұлы    - Астана қаласы әкімі аппараты экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы; Асқаров Абай Асқарұлы      - Астана қаласы Экономика және шағын бизнесті дамыту департаменті шағын бизнесті дамыту бөлімінің бастығы; Ілиясов Төлеубек           - "Астана қаласы Шағын бизнесті Әубәкірұлы                   қолдау орталығы" МКК-ның директоры.
Тармақ 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шаруашылықты жүргізу құқығындағы "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының өндірістік алаңдарын жеңілдікпен жалға беру Қағидасы <*>
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін. Астана қаласының әкімі Визалар: Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ. қаулысымен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шаруашылықты жүргізу құқығындағы "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының өндірістік алаңдарын жеңілдікпен жалға беру Қағидасы <*> 📌 Ескерту. Қағиданың атауы   жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы  N 3-1-478қ қаулысымен.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Заңының 5-бабын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы  N 574  Жарлығымен , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 66 "Инновациялы қызметтің маманданған субъектілерін қалыптастыру және аккредитациялау Қағидасын бекіту туралы"  қаулысыменбекітілген 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу, инновациялық технологияларды қолданатын отандық тауар өндірушілерді дамыту жағдайларын құруды іске асыру мақсатында әзірленді. <*> 📌 Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы  N 3-1-478қ қаулысымен.
Тармақ 2
2. Бизнес-инкубатор аумағындағы жеңілдіктерді беру мына шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) шаруашылық етуші субъект шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы қажет;
Тармақша 2
2) бюджет және басқа да міндетті төлемдер алдында қарызы (салық органының анықтамасы) болмағанда;
Тармақша 3
3) Бизнес-инкубаторда берілетін қызметтің бизнес-жоспары;
Тармақша 4
4) құрал-жабдықтарға жөндеудің жедел мүмкіндігін жүргізуді және өнімді шығаруды бастау;
Тармақша 5
5) шаруашылық етуші субъект инновациялық өндірістік қызметпен айналысады;
Тармақша 6
6) жеңілдіктер шарттарына арналған қызметті жүзеге асыру кезеңінде шаруашылық субъектісін серпінді дамыту.
Тармақ 3
3. Бизнес-инкубаторда жеңілдікке құқық шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі, олар жаңа бастаған кәсіпкерлер немесе импорт алмастыратын және экспортқа арналған өнім өндіруге бағытталған инновациялы жобалармен шаруашылықты қызмет атқаратын шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы керек, сонымен бірге, олардың қызметі мен бизнес-инкубаторда орналасқан мерзімі бір жылдан бастап және үш жылдан кем емес болуы керек. <*> 📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы  N 3-1-478қ қаулысымен.
Тармақ 4
4. Бірінші жылы Шағын кәсіпкерлік субъектілерін Бизнес-инкубатор аумағында қалыптастыруда Орталық мына жеңілдіктер ұсынылады:
Тармақша 1
1) жылумен қамтамасыз ету бойынша төлемнен 100 (жүз) пайыз көлемінде босатылсын;
Тармақша 2
2) өндірістік алаңдарын жалға алу бойынша төлемнен 100 (жүз) пайыз көлемінде босатылсын. <*> 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы  N 3-1-478қ қаулысымен.
Тармақ 5
5. <*> 📌 Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы  N 3-1-478қ қаулысымен.
Тармақ 6
6. Шағын кәсіпкерлік үміткер-субъектісінің шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған жеңілдік құқығын алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) құрылтайшылық құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) патент немесе куәлік көшірмелері (заңды тұлға білімі жоқ кәсіпкерлер үшін);
Тармақша 4
4) бюджет және басқа да міндетті төлемдер алдында қарызы (салық органының анықтамасы) болмағанда;
Тармақша 5
5) бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық жоспар;
Тармақша 6
6) штаттық кесте (қызметкерлердің саны);
Тармақша 7
7) өз қызметінің кезеңі үшін қаржылық есеп.
Тармақ 7
7. Бизнес-инкубатордың басқару органы Астана қаласының Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана қаласының Шағын бизнесті қолдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады. <*> 📌 Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы  N 3-1-478қ қаулысымен.
Тармақ 8
8. Жоғарыда көрсетілген құжаттар Орталықпен үш күнтізбелік күннен асырылмай қарастырылады.
Тармақ 9
9. Орталықпен оң қорытындылаған жағдайда, үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі Комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) жақын арадағы отырысында қарауы үшін үміткер өтініші енгізіледі.
Тармақ 10
10. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жеңілдік беру туралы шешімді Комиссиямен қабылдаған кезде Бизнес-инкубатор аумағында орналастыруға жеңілдіктерді беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жалға беру шарты әзірленеді.
Тармақ 2. 2. Бизнес-инкубатор аумағындағы кәсіпкерлерге арналған шарттар
2. Бизнес-инкубатор аумағындағы кәсіпкерлерге арналған шарттар
Тармақ 11
11. Бизнес-инкубатордағы кәсіпкерлердің қызметтерінің жалпы шарттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Бизнес-инкубаторындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарының басталуы өндірістік алаңын жалдау және қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) өндірістік қызметті бастауы үшін үш айдан кем емес мерзімінде белгіленеді;
Тармақша 3
3) Бизнес-инкубатор аумағындағы өндірістерді қалыптастыру нормаларын орналастыруды және бірлескен шарттарын қадағалау;
Тармақша 4
4) Астана қаласында ресми тіркелген жұмыссыздар санынан  тұлғаларды жұмысқа орналастыру.
Тармақ 12
12. Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бизнес-инкубаторға тәуелсіз шаруашылық етуші субъект ретінде әрекет етеді және Бизнес-инкубатор шағын кәсіпкерлік субъектісінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Тармақ 13
13. Жеңілдік кезеңі аяқталғанда Орталықпен белгіленген жалпы үлестік шығындарды төлеуге қатысу.
Тармақ 14
14. Өртке қарсы, санитарлық ережелерді және еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтау.
Тармақ 15
15. Бизнес-инкубатордың біртұтас аумағында ұйымдастырылатын (орналастырылатын) өндірістердің технологиялық сыйымдылығы.
Тармақ 16
16. Бизнес-инкубатордағы жалға алынатын алаңдарды қайта жоспарлау және жаңғырту бойынша барлық жоспарланатын іс-шараларды Орталықпен келісу.
Тармақ 3. 3. "Астана-инновация" бизнес-инкубаторындағы үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
3. "Астана-инновация" бизнес-инкубаторындағы үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Астана қаласы әкімдігінің (Уәкілетті орган) қаулысымен  үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Тармақ 18
18. Комиссия шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік алаңдарын жеңілдік жағдайларында беру мүмкіндігін анықтайтын консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 19
19. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, атқарушы жергілікті органдардың қаулыларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 20
20. Комиссия негізгі мақсаттарға жету үшін мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Орталықтың қорытындысымен алынған шағын кәсіпкерлік субъектілері үміткерлерінің өтініштерін қарастырады;
Тармақша 2
2) үміткерлер мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сараптамаларын өткізеді және сәйкестендірілген қорытынды береді;
Тармақша 3
3) Бизнес-инкубаторды дамытудың негізгі бағыттары бойынша іс-шаралардың жоспарын бекітеді;
Тармақша 4
4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне  жеңілдіктер беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 21
21. Комиссия Орталықтың ұсынысы негізінде Бизнес-инкубаторда берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдіктерден босату жөнінде шешім қабылдайды.
Тармақ 22
22. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің жеке кәсіпкері қалыптастырылған шығарылымды анықтайды.
Тармақ 23
23. Комиссияның сандық құрамы жеті мүшеден анықталады, қажетті кезде қарастырылатын жобаның өзіндік ерекшелігінен маман-консультанттар тартылады.
Тармақ 24
24. Комиссия отырысы қажетті шаралар бойынша, бірақ ол айына ең кемінде бір рет шақырылады.
Тармақ 25
25. Комиссия мүшелерінің өкілеттік мерзімі - Комиссия құрамында оларды бекіткен күннен бастап үш жыл. Өкілеттік Уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 26
26. Комиссияның барлық мүшелері өз міндеттерін өтеусіз негізде орындайды.
Тармақ 27
27. Комиссия отырысы олардың құзырына жататын мәселелер бойынша алқалық шешімдерді қабылдау үшін шақырылады.
Тармақ 28
28. Комиссия отырысының алдын-ала күн тәртібі мен материалдары Комиссия мүшелеріне Орталықпен отырыстың басталғанына дейін кемінде бес күн бұрын, бір уақытта болатын отырыс туралы хабарламамен бірге жіберіледі. Комиссия кез келген уақытта соңғы күн тәртібіне енгізуге құқықты.
Тармақ 29
29. Бизнес-инкубатор қызметінің мәселелері бойынша кепілдемелік сипаттамаға ие және мүшелердің жалпы саны көпшілік дауыспен қабылданады және Комиссия құрамының барлығынан дауыс бергенше 2/3 дауыстан кемі қатысқан кезде қабылданған болып есептелінеді. Комиссияның шешімі Төрағамен және Комиссия төрағасы және хатшысымен қол қойылады.
Тармақ 30
30. Комиссия отырысы хаттамамен ресімделеді, Комиссияның іс жүргізуін Комиссия мүшелерінің ішінен сайланатын хатшы жүргізеді.
Тармақ 31
31. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдік беруге бас тарту жөніндегі шешім Комиссиямен қабылданған жағдайда, Орталық үш күндік мерзімде үміткерді бас тартудың негізі көрсетілген жазбаша үлгіде хабарлауға міндетті.
Тармақ 4. 4. Бизнес-инкубатор аумағындағы алаңдарды жалдау бойынша жеңілдіктерді тоқтату шарттары
4. Бизнес-инкубатор аумағындағы алаңдарды жалдау бойынша жеңілдіктерді тоқтату шарттары
Тармақ 32
32. Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бизнес-инкубатор аумағындағы өндірістік алаңдарды жалдау бойынша жеңілдік құқықтарын келесі негіздер бойынша жойылады:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлік субъектісінің шаруашылық қызметін тоқтату;
Тармақша 2
2) ол жалға алғанына 1 (бір) жыл толмастан Бизнес-инкубатор аумағында бұдан әрі орналасудан бас тартса. Бұл жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі Орталықтың жеңілдіктер беру жөнінде барлық шығындарын толық көлемде қайтаруға міндетті;
Тармақша 3
3) Бизнес-инкубатор аумағына келу Қағидасын бұзу. <*> 📌 Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы  N 3-1-478қ қаулысымен.
Тармақ 33
33. Орталық өндірістік алаңдарды жалдаушыларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінен шығару жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға енгізу негізі мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Бизнес-инкубаторға келу Қағидасының маңызды және бірнеше реттік бұзу;
Тармақша 2
2) жалдау шартында айтылған жеңілдік кезеңінің аяқталғаны бойынша жалгерлік төлемін төлеуді бір айдан аса мерзімге ұзарту;
Тармақша 3
3) Шағын кәсіпкерлік субъектісімен өндірістік қызметтің басталуы үш айдан аса уақытқа созылады.
Тармақ 34
34. Бизнес-инкубатор аумағында шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін тоқтату кез келген себеп бойынша оны Бизнес-инкубаторға келген уақыты үшін жалдау төлемдерінің сомаларын төлеуден босатылмайды.
Тармақ 35
35. Орталықтың қорытындысы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің дербестігіне байланысты Комиссия оның Бизнес-инкубатор аумағына келуін тоқтату туралы шешім қабылдайды. "Астана қаласының Шағын бизнесті қолдау орталығы" МКК директоры КЕЛІСІЛГЕН Астана қаласы Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры