Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Мангистаускому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, 20-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы №8/101 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3367 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Қылаңовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 мамырдағы №37/419 шешіміне қосымша Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер № Атауы Есептік бірлік Баға, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) 1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер (жеке тұлғалар) айына 1 адамға 167,68 Ескерту: аббревиатураның ажыратылып жазылуы: ҚҚС – қосылған құн салығы.