Об утверждении «Правил осуществления специальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесін» бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 26.02.2004 № С-7/8 шешімімен.
Әндіржанова Бәтима Жұмағүлқызы - қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының баяндамасын тыңдай отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001ж.№148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тіркелген «Жеке категориялы азаматтарға әлеумеітік төлемдерді жүзеге асыру ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Ақмола облысның Әділет басқармасында 2001.06.04. № 521 тіркелген 22 сессияның 2002 жылғы 20 наурыздағы № С-22/5 «Жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі» шешімі күшін жойған деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми басылымдарда жариялансын.
Басқа 5
Көкшетау қалалық мәслихатының
25 желтоқсан 2002 жылғы № С-33/8
шешімімен бекітілді
Жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы кағида.
1. Жалпы кағида.
Тармақ 1
1. Осы Жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі-Ереже) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлемдер» 258.51. бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз болып «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары саналады.
Тармақ 3
3. Ереженің әсері «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген қатынастарға таратылмайды.
Тарау 2. 2. Төлем алу құқығы.
2. Төлем алу құқығы.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлем алу құқығына кірістері күнкөріс деңгейінен төмен немесе шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін нақты жағдайларға тап болған аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматар) және де мереке күндері қарсаңында жеке категориялы азаматтар ие болады.
Тармақ 5
5. Өмірдің қиын жағдайлары болып отбасының бір мүшесінің қайтыс болуы, онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдардың ұзақ уақыт бойы емделуі, операция жасау қажеттілігі, Қазақстан Республикасы аумағында емделуге бару жолыақысы және басқа да комиссия шешімімен анықталған жағдайлар саналады.
Тармақ 6
6. Айрықша жағдайларда -өрт, денсаулық жағдайлары, апат және басқа күтпеген жағдайларда - төлем алу құқығына отбасының жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен аспайтын кала отбасылары (азаматтары) ие болады. Әлеуметтік төлем өтініш негізінде комиссияның шешімі бойынша бөлінуі мүмкін:
аз қамтамасыз етілген отбасыларына саяжай кезеңінде учаскесіне төлеу үшін және дәнді-дақылдарды себу және жинау кезеңінде 3000 теңге;
қамқорлығында кәмелет жасына толмаған балалары бар зейнеткерлер мен мүгедектерге оқу жылының басында материалдық көмек.
Тарау 3. 3. Төлемдер бойынша жұмыс ұйымдастыру.
3. Төлемдер бойынша жұмыс ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Төлемдер бойынша жұмыс ұйымдастыру мақсатында қалалық мәслихат депутаттары, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері, қаланың қоғамдық ұйымдарының мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері арасынан комиссия құрылады. Комиссияның сандық және жеке адамдардың құрамы қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Комиссия мәжілісі қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында бір апда бір рет өткізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі міндеттері болып саналады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарастыру;
Тармақша 2
2) көмек сұрап келген отбасылардың (азаматтардың) камсыздандыру деңгейін және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек көрсетілмейтіндігі немесе тағайындау туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек көрсету тәртібі және мөлшері.
4. Көмек көрсету тәртібі және мөлшері.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлем жылына бір рет ақшалай түрде отбасының бір мүшесіне (азаматқа) ұсынылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік төлем алуға үміткер адам қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш ұсынады. Өтінішке мына құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) жеке куәлік немесе төлқұжат;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтама;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемді қажет ететіндігін куәландыратын құжаттар.
Тармақ 10
10. Төлем өтінушінің есеп шотына қаржыны аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мерске күндері қарсаңында біржолғы материалдық көмек осы тармақта көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз ақ олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
8 Март халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Алтын алқамен», «Күміс алқамен», «Батыр ана», I және II деңгейдегі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; кәмелет жасына жетпеген балалары бар мүгедек әйелдерге - 500 теңге мөлшерінде;
«Наурыз» мерекесі қарсаңында 90 және одан жоғары жастағы ұзақ жасаушы адамдарға 1000 теңге мөлшерінде;
Ауған жерінен әскерді шығару күні қарсаңында ауған соғысының мүгедектеріне - 1000 теңге;
Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысқан мүгедектерге -1000теңге;
9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге -1000теңге;
қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, кәмелет жасына жетпеген фашист лагерлерінің тұтқындарына, қоршаудағы Ленииград тұрғындарына, және де соғыс жылдары 6 айдан артық жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне -500 теңге;
Балаларды қорғау күні қарсаңында 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 500 теңге;
Конституция күні қарсаңында жетім студенттерге, арнайы оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан дарынды балаларға - 5000 теңгеге дейін;
Қарттар күні қарсаңында ұйымдары жоқ, зейнетақысы 5000 теңгеден аспайтын зейнеткерлерге - 500 теңге;
Мүгедектер күні карсаңында I,II,III топтағы мүгедектерге -500 теңге;
75, 80, 85, 90, 95 жылдық мерейтой карсаңында зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Тармақ 12
12. Төлем мөлшері әрбір нақты жағдайда комиссиямен анықталады. Көмектің ең үлкен мөлшері сәйкес жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған 3.7 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Ереженің 5-тармағында қарастырылған жағдайларда төлемнің ең үлкен мөлшері өсуі мүмкін, бірақ 18 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы керек.
Тарау 5. 5. Төлемдерді қаржыландыру.
5. Төлемдерді қаржыландыру.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлемдер бойынша шығынды қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлемдер» 105-60 бюджеттік бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Төлеу тәртібі жүзеге асыруды.
6. Төлеу тәртібі жүзеге асыруды.
Тармақ 14
14. Мереке күндері қарсаңында әлеуметтік төлем төлеу жиынтық тізім негізінде ақша қаражатын төлем алушылардың Көкшетау қаласындағы пошта бөлімшелеріндегі есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2003 жылғы бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде әлеуметтік төлем төлеу үшін Зейнетақы төлеу орталығының мәліметтері негізінде тізім құрастырады және ұсынады, тізімнің сенімділігіне жауап береді.
Тарау 7. 7. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау.
7. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлемдер бойынша есеп беру және бақылау «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау туралы» Қазақстаи Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.