О проведении инвентаризации недвижимого и мущества Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылжымайтын мүліктің түгендеуін жүргізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 22.11.2011 № А-10/454 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 25 қарашадағы №183-р “Жылжымайтын мүліктің түгендеуін жүргізу туралы” өкімін жүзеге асыру үшін иесіз жылжымайтын мүліктерді анықтау және оларды есепке алу мақсаттарында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жылжымайтын мүліктің түгендеуін жүргізу “Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық” РМК (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 2
2. "Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық” РМК директоры Ө.З. Рысқұлбеков (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлікті түгендеу жөніндегі шығындардың есебін жүргізсін;
Тармақша 2
2) БАҚ, теледидар, радиохабар арналары арқылы жылжымайтын мүлікті иелену құқықтарын тіркеу қажеттігі және иесіз жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі, оларды іске жарату туралы түсінік жұмыстарын жалғастырсын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетіне мемлекеттік мүлікті иелену құқығын, әсіресе ауылдық жерлерде, құқық белгілеу құжаттары жоқ жылжымайтын нысандарды (тарихи нысандарды) тіркеу тәртібін жеңілдету мәселелерін қарау туралы ұсыныстар енгізсін;
Тармақша 4
4) 2004 жылдың 1 қаңтарына дейін жылжымайтын мүлікті түгендеу жұмыстарын аяқтасын.
Тармақ 3
3. Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктері:
Тармақша 1
1) жергілікті органдардың, жылжымайтын мүлік орталығының, салық және басқа да мүдделі органдардың өкілдерін қатыстыра отырып иесіз жылжымайтын мүліктерлі анықтау жөніндегі комиссиялар құрсын;
Тармақша 2
2) анықталган иесіз мүліктердің есепке қойылуына жан-жақты қолдау жасасын.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы бойынша салық комитетінің төрағасы А.Х. Райымбаев (келісімі бойынша) заңды және жеке тұлғалардан салық жинау кезінде жылжымайтын мүлікті иелену құқығын растайтын құжаттарын көрсетуді талап етсін.
Тармақ 5
5. “Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық” РМК директоры Ө.З. Рысқұлбеков (келісімі бойынша), Ақмола облысы бойынша салық комитетінің төрағасы А.Х. Райымбаев (келісімі бойынша), статистика басқармасының бастығы Ж.С. Букин (келісімі бойынша) жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы М.Е. Бекімов, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының бастығы А.М. Рыспаев Ақмола облысы бойынша мүліктің сарапталуы мен салыстырылуын жүргізсін.