Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности по изготовлению Государственного флага Республики Казахстан и Государственного герба Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберу;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ»
Басқа 0. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Сауда және интегрция министрінің 2020 жылғы 18 мамыры № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 11-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;
Тармақша 2
2) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болып табылатын цифрлық объект;
Тармақша 3
3) «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;
Тармақша 4
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 4
4. Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 5
5. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді осы Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес «цифрлық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) жібереді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Тармақ 7
7. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық сұрау салу түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде электрондық сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Қызмет көрсетуші электрондық сұранысты тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен (немесе) мәліметтердің толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық сұрауды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10381 болып тіркелген) біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасау үшін қызметті алушыға барады.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жіберіледі.
Тармақ 12
12. Лицензияны беру кезінде және лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
Тармақ 12-1
12-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді . Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
Тармақ 15
15. Цифрлық жүйеде іркіліс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық іркілістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап дереу «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей: шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға); мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға; мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 17
17. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
Басқа 1
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша
Тармақ 1
1. Стандарттау жөніндегі құжаттардың болуы: стандарттың атауы ______________________________________________ стандарттың нөмірі______________________________________________
Тармақ 2
2. *Өндірістік технологиялық базаның болуы________________________
Тармақ 3
3. *Технологиялық жабдықтың атауы______________________________
Тармақ 4
4. Өлшеу және бақылау құралдарының атауы түстер атласының болуы (атауы) __________________________________________________________________________ (салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні, сертификатты берген органның атауы, сертификаттың қолданылу мерзімі)
Тармақ 5
5. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар, салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың нөмірі _________________________________________ салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні __________________________________________ сертификатты берген органның атауы __________________________________ сертификаттың қолданыс мерзімі ______________________________________
Тармақ 6
6. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы______________________________________
Тармақ 7
7. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолданумен Қазақстан Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілген өлшемінің өндірістік эталондық үлгісінің болуы______________________________________________________
Тармақ 8
Ескертпе: * Егер өтініш беруші өндірістік үй-жайдың, технологиялық жабдықтардың меншік иесі болмаған жағдайда, онда жалдау шарты көрсетіледі
Басқа 2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Лицензия беру немесе лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған). 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Қазақстан Республикасы 616 Салық кодексінің 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым: 1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды; 2) лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алым 1 АЕК құрайды. Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08:30-ден 16:00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін Порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптары нысанына сәйкес мәліметтерді толтырады. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) лицензиялық алым енгізілмеген; 3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; 4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған; 5) қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған; 6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініші көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салған; 7) қызмет алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда. 10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар: 1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталдың интернет-ресурсында орналастырылған: www.egov.kz 2) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. 3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 4) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.